Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 5 марта 2021 года № 117. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 марта 2021 года № 22320
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 наурызда № 22320 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:
6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік есептілік құжаттары:
1) жедел ақпарат – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары басшыларының қолы қойылып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға дереу немесе бекітілген уақыт аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің жедел кезекшілерінің қолы қойылып берілетін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар және жағдайлар туралы мәліметтер;
2) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы ақпараттық карточка – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уақтылы жедел ден қоюды қажет ететін адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарларға және өсімдіктерге қатер төндіретін, қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ өршуінің анықталған үрдістері туралы салалық бөліктегі жиынтық мәліметтер немесе ақпарат;
3) жедел есепке алу – халықты және мүдделі ұйымдарды уақтылы құлақтандыру, ахуалды нақтылау және талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қол қойып берілетін, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар кезіндегі ахуалдың туындауы және өршу фактілері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат;
4) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар туралы жедел мәлімдеме – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дереу ден қоюды талап ететін, шұғыл міндеттерді шешу үшін қажет ақпарат: ТЖ фактісі немесе қатері және негізгі параметрлері туралы; халықты және аумақтарды қорғау бойынша бірінші кезекті шаралар туралы; авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу туралы; ТЖ жоюға жұмылдырылған күштер, құралдар және ресурстар туралы ақпарат;
5) арнайы журналдар – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тіркейтін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, оқиғаларды және өзге келіп түскен ақпаратты есепке алуға арналған журналдар;
6) комиссия мүшелері мен мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қол қойған және мөрмен расталған ТЖ туындаған аумақтарды (болған төтенше жағдай, төтенше жағдай аймағының ауданы, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккендер саны, залал мөлшері, төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар туралы негізгі мәліметтер көрсетіледі) тексеру актілері;
7) анықтамалар - болған төтенше жағдайдың, келтірілген залалдың және өзге де зардаптардың ауқымын растайтын мүдделі мемлекеттік органдардың басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қорытынды;
8) өрт туралы актілер - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері басшылық жасайтын комиссия әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәулік ішінде жасайды. Комиссия құрамына ТЖ-дан зардап шеккен заңды тұлға өкілі немесе жеке тұлғалар және басқа да мүдделі адамдар кіреді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртылмаған және хабарлама (ауызша немесе жазбаша) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне зардап шегушіден, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған уақыттан бастап екі тәуліктен кешіктірілмей сол құрамдағы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кемінде екі данада жасайды.
Акті оған комиссия қол қойғаннан кейін өрт фактісі бойынша тексеріс жүргізген органда қалады. Өрт салдарынан келтірілген материалдық залал сомасы және оның туындау себептері жөнінде деректер болмаған кезде бұл мәліметтер 30 тәуліктен кешіктірілмей қорытынды (өрт сынақ зерттеу зертханасы), сараптама (өрт-техникалық), не ұйымның бухгалтерлік есептілік құжаттары, сақтандыру ұйымдары мәліметтері, сот органдары шешімдерінен үзінділер немесе мүлік иелерінің құжаттары ұсынылғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге өтініш бойынша сот органдарына шығынды өтеу, құжаттарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жүгіну үшін, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұрау салулары бойынша беріледі.
7. Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ фактілері бойынша құзыреті шегіндегі тоқсан сайынғы нақтыланған ақпаратты:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (жарылыстар, өрт туралы, оқ-дәрі және әскери үлгідегі жару қондырғыларын табу);
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары мен улануы, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулар және зиянкестермен зақымдануы туралы);
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе көлігімен болған авариялар, авиаапаттар және көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы, тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелері туралы);
4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (электроэнергетика жүйелеріндегі, кәсіпорындар мен магистралды құбырлардағы, мұнай, мұнай-газ және газконденсатты кен орындарындағы өрттер, жарылыстар, авариялар туралы, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы атом энергетикасы қондырғыларындағы радиоактивті заттарды шығаратын авариялар, радиоактивті заттарды табу (жоғалту) туралы);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (ТЖ медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы, адамдардың қауіпті инфекциялық аурулары мен уланулары туралы);
6) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің) бұзылулары туралы, гидрогеологиялық құбылыстар, орман өрттері, ормандардың аурулар және зиянкестермен зақымдануы, жабайы жануарлардың аурулары мен өлімі, балықтардың жаппай қырылуы, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті теңіз және өзен суларының ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы);
7) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы);
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жер сілкіністері туралы);
9) облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
8. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел кезекші-диспетчерлік қызметтері өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар саласындағы ақпаратты сұратады және алады.
9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар қаупі төну және/немесе туындау фактісі жағдайында ақпаратты:
1) аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға;
2) орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға дереу береді.
10. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделмеген, бірақ қоғамдық резонанс тудыруы мүмкін әлеуметтік мәні бар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар жедел ақпарат ретінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
11. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар туралы ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға барлық қолданыстағы құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету арналары мен байланыс жүйелері (түрлері) арқылы беріледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Өрттен болатын материалдық шығынның есебі:
1) өрт болған ұйымдардың бухгалтерлік есептілік құжаттарының;
2) сақтандыру ұйымдары мәліметтерінің;
3) сот органдары шешімдері үзінді көшірмелерінің;
4) мүлік иелері құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Өрттен келген материалдық шығын оны өтеу дәрежесіне қарамастан тікелей (туындаған өртке тікелей байланысты) және жанама залалдан (өрт сөндіруге, өрттің салдарын жоюға, объектінің жұмыс істеуін қалпына келтіруге арналған шығындар, сондай-ақ объектілердің тұрып қалуынан болатын шығындар және басқалар) құралады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына өтейтін жағдайларды қоспағанда, эксаумақтылық мәртебесі бар объектілерге өрт нәтижесінде келтірілген материалдық шығын есепке алынбайды.";
20-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсетуге өтініш жасағандар немесе жеткізілгендер туралы, сондай-ақ алған жарақатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне дереу ұсынады;";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жергілікті жерде тоқсан сайын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдарымен ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары мен улануы, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулар және зиянкестермен зақымдануы туралы;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдарымен темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесімен, көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы, тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелері;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аумақтық органдарымен электроэнергетика жүйелеріндегі өрт, жарылыстар, кәсіпорындар мен магистралды құбыр өткізгіш көлікте, мұнай, мұнай-газ және газконденсатты кен орындарындағы авариялар, атом электрстанцияларында, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы атом энергетикалық қондырғыларында радиоактивті заттарды шығаратын авариялар туралы;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық органдарымен ТЖ медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы, адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары мен уланулары туралы;
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің) бұзылулары, гидрогеологиялық құбылыстар, орман өрттері, ормандардың аурулар және зиянкестермен зақымдануы, жабайы жануарлардың аурулары мен өлімі, балықтардың жаппай қырылуы, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті теңіз және өзен суларының ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы;
6) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер сілкіністері туралы (жер сілкіністері туралы);
8) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялар нәтижесінде зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы, медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды есепке алу бойынша мәліметтерді салыстыра тексеруді жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі