О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 356 "Об утверждении Правил выдачи, использования и описания служебного удостоверения и жетона военнослужащим органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 апреля 2021 года № 221. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 апреля 2021 года № 22562

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 356 "Об утверждении Правил выдачи, использования и описания служебного удостоверения и жетона военнослужащим органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15543, опубликован 31 августа 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Правилах выдачи, использования и описания служебного удостоверения и жетона военнослужащим органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      приложение 1 изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Главному управлению военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны Республики Казахстан Н. Ермекбаев

  Приложение
к приказу Министра обороны
Республики Казахстан
от 15 апреля 2021 года № 221
  Приложение 1
к Правилам выдачи,
использования
и описания служебного
удостоверения
и жетона военнослужащим
органов военной полиции Вооруженных
Сил Республики Казахстан

Описание служебного удостоверения военнослужащего органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

     


      Служебное удостоверение изготавливается типографским офсетным способом и имеет степени защиты от подделок.

      Служебное удостоверение выдается в следующем виде:

      1) с наклеенными вкладышами в корочку установленного образца темно-красного цвета с надписью "Әскери полиция" – военнослужащим Главного управления военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, начальникам органов военной полиции и их заместителям, а также военнослужащим подразделений уголовного преследования, патрульно-постовой службы, военной автомобильной полиции и службы войск органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан;

      2) с наклеенными вкладышами между собой – военнослужащим вспомогательных и сервисных подразделений органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      Все данные заносятся в служебное удостоверение с применением компьютерной техники, а подписи должностных лиц, выдавших удостоверение, производятся чернилами или шариковой ручкой черного или фиолетового цвета. Цветные фотографические карточки (бюст, анфас), наклеиваемые в удостоверение, изготавливаются размером 3х4 сантиметра на голубом фоне. Фотографирование производится в повседневной военной форме одежды в кителе без головного убора). Знаки различия на погонах должны соответствовать воинскому званию военнослужащего. Фотокарточка скрепляется оттиском гербовой печати.

      После заполнения всех граф удостоверения и подписания установленным должностным лицом вкладыш удостоверения разрезается по установленным отметкам, ламинируется и наклеивается в корочку установленного образца.

      Кадровая служба, оформившая служебное удостоверение, установленным порядком пересылает их в подчиненные органы военной полиции для выдачи военнослужащим органов военной полиции или, при необходимости, осуществляет выдачу непосредственно.

      За получение служебного удостоверения военнослужащие Главного управления военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан расписываются в Журнале, а военнослужащие органов военной полиции – в ведомости выдачи служебного удостоверения, один экземпляр которого высылается в Главное управление военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан. Далее ведомость выдачи служебного удостоверения учитывается в Журнале.

      Вкладыш в служебное удостоверение выполняется типографским офсетным способом с применением высококачественных степеней защиты.

      Вкладыш в служебное удостоверение состоит из двух половин – левой и правой. Левая половина заполняется на казахском языке, правая – на русском языке. Размеры каждой половины составляют: по ширине 62 миллиметра, по длине 92 миллиметра. Основой вкладыша является эксклюзивная (специально разработанная) сложнопостроенная тангирная сетка (с толщиной образующих линий 0,03 миллиметра, разных по цвету в горизонтальном и вертикальном расположении) в середине которой, изображен знак военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан. Все надписи вкладыша выполнены патентованными шрифтами, защищенными от подделок.

      Левая часть служебного удостоверения.

      В левой части вкладыша изображен герб Республики Казахстан опечатанный с использованием металлической (бронзовой) краски и максимально приближенным к оригиналу. Ниже герба личный номер военнослужащего военной полиции. В верхней части вкладыша, отделенной от основной микрошрифтом вишневого цвета надпись на казахском языке "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯСЫ". Ниже отделенной от основной микрошрифтом вишневого цвета в правом углу расположены серия и номер вкладыша, а перед ними надпись "ӘП КУӘЛІГІ". Вкладыш имеет шестизначную нумерацию и серию ӘП. При этом серия наносится красным цветом, а номер – черным. Выше подписи лица, выдавшего служебное удостоверение, запись на казахском языке о сроке действия удостоверения.

      Правая часть служебного удостоверения.

      В правой части вкладыша расположена фотография, скрепленная печатью. Правее фотографии в рамке надпись вишневого цвета "РАЗРЕШЕНО ХРАНЕНИЕ И НОШЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ И СПЕЦСРЕДСТВ". Решение о внесении в удостоверение данной надписи принимается начальником Главного управления военной полиции. В верхней части вкладыша, отделенной от основной микрошрифтом вишневого цвета надпись на русском языке "ВОЕННАЯ ПОЛИЦИЯ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН". Ниже отделенной от основной микрошрифтом вишневого цвета в правом углу расположены серия и номер вкладыша, а перед ними надпись "УДОСТОВЕРЕНИЕ ВП". Вкладыш имеет шестизначную нумерацию и серию ӘП. При этом серия наносится красным цветом, а номер – черным.

      В обеих частях удостоверения на казахском и русском языках указаны звание, фамилия, имя, отчество (при его наличии), должность военнослужащего военной полиции, должность и звание лица, подписавшего служебное удостоверение.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 22562 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15543 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидаларында және олардың сипаттамасында:

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының әскери
қызметшілеріне қызметтік
куәлік пен жетон беру,
пайдалану қағидаларына және
олардың сипаттамасына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшісі қызметтік куәлігінің сипаттамасы



      Қызметтік куәлік баспалық офсеттік тәсілмен жасалады және қолдан жасаудан қорғау дәрежесі бар.

      Қызметтік куәлік мынадай түрде беріледі:

      1) "Әскери полиция" деген жазуы бар белгіленген үлгідегі күрең қызыл түсті жапсырмалы мұқабада – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілеріне, әскери полиция органдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қылмыстық қудалау, патрульдік-бекеттік қызметі, әскери автомобиль полициясы және әскерлер қызметі бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне;

      2) өзара жапсырылған жапсырмалармен – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары қосалқы және сервистік бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне.

      Қызметтік куәлікке барлық деректер компьютерлік техниканы қолданумен енгізіледі, ал куәлікті берген лауазымды адамдардың қолтаңбасы сиямен немесе қара немесе көк түсті шарикті қаламмен қойылады. Куәлікке жапсырылатын түрлі-түсті фотосурет карточкасы (бюст, анфас) өлшемі 3х4 болып көгілдір түсті негізде жасалады. Фотосуретке түсу күнделікті әскери киім нысанында (кительде, бас киімсіз) жүргізіледі. Погондардағы айырым белгілері әскери қызметшінің әскери атағына сәйкес келуге тиіс. Фотосурет елтаңбалы мөр бедерімен бекітіледі.

      Куәліктің барлық бағандары толтырылғаннан және белгіленген лауазымды адам қолтаңбасын қойғаннан кейін куәліктің жапсырмасы белгіленген белгілері бойынша қиылады, ламинатталады және белгіленген үлгідегі қаптамаға жапсырылады.

      Қызметтік куәлікті ресімдеген кадрлар қызметі белгіленген тәртіппен әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне беру үшін оларды бағынысты әскери полиция органдарына жібереді немесе қажет болған кезде оны тікелей беруді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері қызметтік куәлікті алғаны туралы журналға, ал әскери полиция органдарының әскери қызметшілері – қызметтік куәлікті беру ведомосына қолтаңбасын қояды, оның бір данасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына жіберіледі. Одан әрі қызметтік куәлікті беру ведомосы журналда есепке алынады.

      Қызметтік куәлікке жапсырма баспалық офсеттік әдіспен жоғары сапалы қорғау дәрежесін қолданумен жасалады.

      Қызметтік куәліктегі жапсырма сол және оң жақ екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігі қазақ тілінде, оң жақ бөлігі орыс тілінде толтырылады. Әрбір бөліктің өлшемі: ені бойынша 62 миллиметрді, ұзындығы бойынша 92 миллиметрді құрайды. Жапсырманың негізі эксклюзивті (арнайы әзірленген) құрылымы күрделі тангирлі тор (сызылған сызық қалыңдығы 0,03 миллиметр, түсі бойынша әртүрлі, тік және көлденең орналасқан) болып табылады, оның ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының белгісі бейнеленген. Жапсырманың барлық жазулары қолдан жасаудан қорғалған патенттелген қаріптермен орындалған.

      Қызметтік куәліктің сол жақ бөлігі.

      Жапсырманың сол жақ бөлігінде металл (қола) бояуды пайдаланумен басылған және түпнұсқаға барынша ұқсас Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның төменгі жағында әскери полиция әскери қызметшісінің жеке нөмірі. Жапсырманың жоғарғы бөлігінде негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген қазақ тілінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазу. Төменгі бөлігінде оң жақ бұрышта негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген жапсырманың сериясы және нөмірі, ал олардың алдында "ӘП КУӘЛІГІ" деген жазу орналасқан. Жапсырмада ӘП-ның алты таңбалы нөмірленуі мен сериясы болады. Бұл ретте серия қызыл түспен, ал нөмірі қара түспен жазылады. Қызметтік куәлікті берген адамның қолтаңбасынан жоғары қарай куәліктің қолданылу мерзімі туралы қазақ тілінде жазу болады.

      Қызметтік куәліктің оң жақ бөлігі.

      Жапсырманың оң жақ бөлігінде мөрмен бекітілген фотосурет орналасқан. Фотосуреттің оң жағына қарай рамкада қызыл-қошқыл түсті "РАЗРЕШЕНО ХРАНЕНИЕ И НОШЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ И СПЕЦСРЕДСТВ" деген жазу болады. Куәлікке осы жазуды жазу туралы шешімді Әскери полиция бас басқармасының бастығы қабылдайды. Жапсырманың жоғарғы бөлігінде негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген орыс тілінде "ВОЕННАЯ ПОЛИЦИЯ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу болады. Төменгі бөлігінде оң жақ бұрышта негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген жапсырманың сериясы және нөмірі, ал олардың алдында "УДОСТОВЕРЕНИЕ ВП" деген жазу орналасқан. Жапсырмада ӘП-нің алты таңбалы нөмірленуі мен сериясы болады. Бұл ретте серия қызыл түспен, ал нөмірі қара түспен жазылады.

      Куәліктің екі бөлігінде де қазақ және орыс тілдерінде әскери полиция әскери қызметшісінің атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қызметтік куәлікке қол қойған адамның лауазымы мен атағы көрсетілген.