Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15543 болып тіркелді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 356 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану қағидалары және олардың сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында қызметтік куәлік пен жетон беру, пайдалану тәртібін және олардың сипаттамасын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) тұлғаның Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына тиесілігін, оның лауазымын және әскери атағын, қару мен арнайы құралдарды алып жүруге және сақтауға құқығын растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшісінің жетоны (бұдан әрі – жетон) оның жеке басын және қызметтік міндеттерін орындау жөніндегі өкілеттігін растайтын арнайы жеке нөмірлік белгісі болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сипаттамаға сәйкес келеді.

      5. Жетон осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшісі жетонының сипаттамасына сәйкес әзірленеді.

2-тарау. Қызметтік куәлік пен жетон беру тәртібі

      6. Қызметтік куәлік мыналардың қолтаңбаларымен беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің – Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына және оның орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы бас басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің және органдарының бастықтарына;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының және органдарының әскери қызметшілеріне.

      7. Қызметтік куәлік қатаң есептіліктегі құжат болып табылады, әскери қызметшіге лауазымға тағайындалған, қызметі бойынша ауысқан, әскери атақ берілген, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) өзгерген, жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалтылған, бүлінген кезде қолтаңбаларын қойғызып беріледі.

      8. Қызметтік куәліктерді беруді және тапсыруды есепке алуды Әскери полиция бас басқармасының және әскери полиция органдарының кадрлар қызметі (бұдан әрі – кадрлар қызметі) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беруді және тапсыруды есепке алу журналында (бұдан әрі – Журнал) жүзеге асырады, ол нөмірленеді және тігіледі.

      9. Әскери полиция органдарының алғаш қабылданған әскери қызметшісіне қызметтік куәлік пен жетонды тапсырған кезде кадрлар қызметі Журналда белгі жасай отырып, оны сақтау және пайдалану тәртібі туралы нұсқау беруді жүргізеді.

      10. Қызметтік куәлік үш жыл мерзімге беріледі. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қызметтік куәлік ауыстырылуға тиіс. Жетон әскери полиция органдарында барлық әскери қызмет өткеру уақытына беріледі.

      11. Жетонда көрсетілген нөмір әскери полиция органдары әскери қызметшісінің жеке нөмірі болып табылады және қызметтік куәлікте көрсетілген нөмірмен сәйкес келеді.

      12. Қызметі бойынша ауысқан, әскери атақ берілген, тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде) өзгерткен кезде және қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша бұрын берілген қызметтік куәлік үш жұмыс күні ішінде оны есептен шығару және жою үшін кадрлар қызметіне қайтарылуға тиіс. Қызметтік куәлікті ауыстыру кезеңінде кадрлар қызметі қолданылу мерзімі бес жұмыс күнінен аспайтын қызмет орнын және лауазымын растайтын анықтама береді.

      13. Әскери полиция органынан шығарылған не ауысқан, іссапарға жіберілген, Қазақстан Республикасының өзге де құқық қорғау және мемлекеттік органдарына іссапарға жіберілген кезде қызметтік куәлік пен жетон тиісті бұйрықпен таныстырылған күні кадрлар қызметіне тапсырылады.

      14. Әскери қызметші декреттік демалыста, бала күтімі бойынша демалыста немесе ұзақ (үш айдан астам) оқу демалысында болған кезеңде тиісті бұйрықпен танысқан күні қызметтік куәлік пен жетонды кадрлар қызметіне сақтауға береді.

      15. Оған қатысты күдікті немесе айыпталушы мәртебесі бар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетілген әскери қызметші соңғы процестік шешім қабылданғанға дейін және ол заңды күшіне енгенге дейін қызметтік куәлік пен жетонды кадрлар қызметіне дереу тапсырады.

      16. Әскери қызметшінің қызметтік куәлік пен жетонды кадрлар қызметіне уақтылы тапсыруына бақылауды оның тікелей басшысы жүзеге асырады. Қызметтік куәліктерді толтыру және жетондарды ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібіне жалпы бақылауды кадрлар қызметінің бастығы жүзеге асырады.

      17. Кадрлар қызметі әскери қызметшілерде қызметтік куәліктер мен жетондардың болуын кезең-кезеңімен тексереді.

      18. Қызметтік куәлікті және жетонды жоғалтқан немесе оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз қылған жағдайда әскери қызметші ол туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының және органдары бастығының атына жазбаша баянатпен дереу баяндайды.

      19. Қызметтік куәлікті және (немесе) жетонды жоғалтқан әскери қызметші он жұмыс күні ішінде мерзімді баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтік куәлікті және жетонды жарамсыз деп тану туралы жариялауға шаралар қабылдайды.

      20. Қызметтік куәлікті және (немесе) жетонды немқұрайлы сақтау, сондай-ақ оларды басқа адамдарға беру не қызметтен тыс жеке мақсаттарда пайдалану нәтижесінде болған жоғалтудың, бүлдірудің әрбір фактісі бойынша тиісті кадрлар қызметі белгіленген тәртіппен кінәлі адамның тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені шешумен қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.

      21. Жоғалтылған немесе бүлдірілген қызметтік куәліктің және (немесе) жетонның орнына жаңасын кадрлар қызметі қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін және жетонның құны өтелгеннен кейін (жоғалған немесе бүлінген жағдайда) береді.

      22. Қызметтен шығарылған, жаңа лауазымға тағайындалған, бүлдірген не қолданылу мерзімі аяқталған кезде тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысанда жою туралы тиісті акт жасаумен комиссиямен жойылуға тиіс. Комиссия Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бұйрығымен кадрлар қызметінің өкілін қоса алғанда, кемінде үш адамнан тұратын құрамда құрылады.

3-тарау. Қызметтік куәлікті және жетонды пайдалану

      23. Әскери полиция әскери қызметшілерінің (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен және әскери жиындардан өту уақытындағы әскери міндеттілерден басқа) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзімен бірге қызметтік куәлігі мен жетоны болады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      24. Орындалатын міндеттің сипатына байланысты жетон нысанды киімге бекітіліп тағылады.

      25. Қызметтік куәлікті және (немесе) жетонды басқа адамдарға беруге, мақсаты бойынша, қызметтен тыс уақытта, пайдакүнемдік мақсаттарда, қызметтен тыс жеке және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Жарамсыз қызметтік куәлікті пайдалануға рұқсат етілмейді. Әскери қызметшінің қызметтік куәлікті және жетонды, оның ішінде оларды жоғалтуға әкеп соқтырған пайдалану және сақтау тәртібін бұзуы заңмен көзделген жауаптылыққа әкеледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскери полиция
органдарының әскери
қызметшілеріне қызметтік
куәлік пен жетон беру,
пайдалану қағидаларына және
олардың сипаттамасына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшісі қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




      Қызметтік куәлік баспалық офсеттік тәсілмен жасалады және қолдан жасаудан қорғау дәрежесі бар.

      Қызметтік куәлік мынадай түрде беріледі:

      1) "Әскери полиция" деген жазуы бар белгіленген үлгідегі күрең қызыл түсті жапсырмалы мұқабада – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілеріне, әскери полиция органдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының қылмыстық қудалау, патрульдік-бекеттік қызметі, әскери автомобиль полициясы және әскерлер қызметі бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне;

      2) өзара жапсырылған жапсырмалармен – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары қосалқы және сервистік бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне.

      Қызметтік куәлікке барлық деректер компьютерлік техниканы қолданумен енгізіледі, ал куәлікті берген лауазымды адамдардың қолтаңбасы сиямен немесе қара немесе көк түсті шарикті қаламмен қойылады. Куәлікке жапсырылатын түрлі-түсті фотосурет карточкасы (бюст, анфас) өлшемі 3х4 болып көгілдір түсті негізде жасалады. Фотосуретке түсу күнделікті әскери киім нысанында (кительде, бас киімсіз) жүргізіледі. Погондардағы айырым белгілері әскери қызметшінің әскери атағына сәйкес келуге тиіс. Фотосурет елтаңбалы мөр бедерімен бекітіледі.

      Куәліктің барлық бағандары толтырылғаннан және белгіленген лауазымды адам қолтаңбасын қойғаннан кейін куәліктің жапсырмасы белгіленген белгілері бойынша қиылады, ламинатталады және белгіленген үлгідегі қаптамаға жапсырылады.

      Қызметтік куәлікті ресімдеген кадрлар қызметі белгіленген тәртіппен әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне беру үшін оларды бағынысты әскери полиция органдарына жібереді немесе қажет болған кезде оны тікелей беруді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының әскери қызметшілері қызметтік куәлікті алғаны туралы журналға, ал әскери полиция органдарының әскери қызметшілері – қызметтік куәлікті беру ведомосына қолтаңбасын қояды, оның бір данасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына жіберіледі. Одан әрі қызметтік куәлікті беру ведомосы журналда есепке алынады.

      Қызметтік куәлікке жапсырма баспалық офсеттік әдіспен жоғары сапалы қорғау дәрежесін қолданумен жасалады.

      Қызметтік куәліктегі жапсырма сол және оң жақ екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігі қазақ тілінде, оң жақ бөлігі орыс тілінде толтырылады. Әрбір бөліктің өлшемі: ені бойынша 62 миллиметрді, ұзындығы бойынша 92 миллиметрді құрайды. Жапсырманың негізі эксклюзивті (арнайы әзірленген) құрылымы күрделі тангирлі тор (сызылған сызық қалыңдығы 0,03 миллиметр, түсі бойынша әртүрлі, тік және көлденең орналасқан) болып табылады, оның ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының белгісі бейнеленген. Жапсырманың барлық жазулары қолдан жасаудан қорғалған патенттелген қаріптермен орындалған.

      Қызметтік куәліктің сол жақ бөлігі.

      Жапсырманың сол жақ бөлігінде металл (қола) бояуды пайдаланумен басылған және түпнұсқаға барынша ұқсас Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның төменгі жағында әскери полиция әскери қызметшісінің жеке нөмірі. Жапсырманың жоғарғы бөлігінде негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген қазақ тілінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯСЫ" деген жазу. Төменгі бөлігінде оң жақ бұрышта негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген жапсырманың сериясы және нөмірі, ал олардың алдында "ӘП КУӘЛІГІ" деген жазу орналасқан. Жапсырмада ӘП-ның алты таңбалы нөмірленуі мен сериясы болады. Бұл ретте серия қызыл түспен, ал нөмірі қара түспен жазылады. Қызметтік куәлікті берген адамның қолтаңбасынан жоғары қарай куәліктің қолданылу мерзімі туралы қазақ тілінде жазу болады.

      Қызметтік куәліктің оң жақ бөлігі.

      Жапсырманың оң жақ бөлігінде мөрмен бекітілген фотосурет орналасқан. Фотосуреттің оң жағына қарай рамкада қызыл-қошқыл түсті "РАЗРЕШЕНО ХРАНЕНИЕ И НОШЕНИЕ ОГНЕСТРЕЛЬНОГО ОРУЖИЯ И СПЕЦСРЕДСТВ" деген жазу болады. Куәлікке осы жазуды жазу туралы шешімді Әскери полиция бас басқармасының бастығы қабылдайды. Жапсырманың жоғарғы бөлігінде негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген орыс тілінде "ВОЕННАЯ ПОЛИЦИЯ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу болады. Төменгі бөлігінде оң жақ бұрышта негізгіден қызыл-қошқыл түсті микроқаріппен ерекшеленіп бөлінген жапсырманың сериясы және нөмірі, ал олардың алдында "УДОСТОВЕРЕНИЕ ВП" деген жазу орналасқан. Жапсырмада ӘП-нің алты таңбалы нөмірленуі мен сериясы болады. Бұл ретте серия қызыл түспен, ал нөмірі қара түспен жазылады.

      Куәліктің екі бөлігінде де қазақ және орыс тілдерінде әскери полиция әскери қызметшісінің атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қызметтік куәлікке қол қойған адамның лауазымы мен атағы көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери полиция
органдарының әскери
қызметшілеріне қызметтік
куәлік пен жетон беру,
пайдалану қағидаларына және
олардың сипаттамасына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшісі жетонының сипаттамасы





  Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери полиция
органдарының әскери
қызметшілеріне қызметтік
куәлік пен жетон беру,
пайдалану қағидаларына және
олардың сипаттамасына
3-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беруді және тапсыруды есепке алу журналы

Р/с №

Қызметтік куәліктің №

Жеке нөмірі (жетон №)

Берілген күні, қолданылу мерзімі

Кімге берілді, әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)

Лауазымы және әскери полиция органының атауы

Қайда жіберілді, құжаттың № мен күні немесе алғаны туралы қолы

Жойылғаны туралы белгі

Ескертпе

      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген болуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады