ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 2-тармағына, 42-бабының 1-1 және 3-тармақтарына, 45-бабының 6-тармағына, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 72-1-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 10-бабының 1) тармақшасына, 11-бабының 1) тармақшасына және 12-бабының 9-1) және 9-3) тармақшаларына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы
|
М. Абылкасымова
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 56 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 330-335 (27409) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарда:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қаржы ұйымының немесе банктің немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген, "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген талап етілетін ең төмен рейтингтің болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.";
1, 3 және 4-қосымшалар осы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
k4 банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті;
k4-1, k4-2 және k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттері;
k4-4, k4-5 және k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері.
Ағымдағы өтімділік, мерзімді өтімділік және мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
k4 – 0,3;
k4-1 - 1;
k4-2 - 0,9;
k4-3 - 0,8;
k4-4 - 1;
k4-5 - 0,9;
k4-6 - 0,8.".
3. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері мыналардың:
1) Ұйымның қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар түрінде қарыз алушыға қойылатын талаптарының;
2) Ұйымның қарыз алушыға қойылатын Ұйымның балансынан есептен шығарылған талаптарының;
3) Ұйымда уәкілетті органның секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға жазбаша растауы жоқ қарыз алушыларға тиесілі секьюритилендірілген активтер түріндегі талаптардың;
4) секьюритилендіру позициялары түріндегі талаптардың;
5) Ұйымның қарыз алушыға 2-кестеге сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелері түріндегі талаптарының;
6) Ұйым қарыз алушы үшін үшінші тұлғалардың пайдасына немесе қарыз алушының алдында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарда көзделген өзге де негіздер бойынша өзіне міндеттеме қабылдаған талаптардың сомасы ретінде;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер сомасы, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторынан кепілдік алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті компания тартқан үлескерлердің ақшасы, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша мынадай:
осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде Ұйымның басқаруына берілген салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған бағалы металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
Standard & Poor's агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері түріндегі қамтамасыз ету сомасы шегеріле отырып есептеледі.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің есебіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне талаптар, Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ"-дан төмен емес ұзақмерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі ұзақмерзімді рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттары, сондай-ақ құрылған күнінен бастап Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы сатып алатын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналыста болу үшін жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша талаптар кірмейді.".
4. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Банктің ішкі активтері активтерді (ақшаны) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының теңгемен шығарылған және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде саудаланатын облигацияларын білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы реттелген борышты, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.
Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін Нормативтердің 86 және 87-тармақтарына сәйкес төмендегілердің:
жарғылық капиталдың, не
Қазақстан Республикасының бейрезиденті - еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - еншілес ұйымдардың акциялары шегерілген, бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,75-ке көбейтілген ең аз шамасы пайдаланылады.".
5. "Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18186 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Іс-шаралар жоспарында көзделген факторды жақсарту шаралары мыналарға бағытталған:
1) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
өтімділік коэффициенттерін:
ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу;
2) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша - меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
3) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған кезде осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша - банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
4) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор бойынша - негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейін төмендету;
5) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша - жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
6) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша - активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;
7) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша - ұлттық валютамен өтеу коэффициентін кемінде 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) деңгейіне дейін жеткізу.".
6. "Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19683 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Микрокредит алу үшін өтініш беруші-жеке тұлға мыналарды ұсынады:
1) микрокредитті пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берілген жағдайда), өтініш берушінің микрокредитті өтеу және құнын көрсете отырып, сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге ұсынатын мүлкі туралы не қамтамасыз етудің жоқ екендігі туралы мәліметтері бар өтініш (ломбард кепілге салу билетін берген кезде талап етілмейді);
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі бар резиденттер мен бейрезиденттер үшін), туған күні, құжат нөмірі, берген орган, құжаттың берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпарат;
3) өтініш беруші өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қою құқығын растайтын құжаттар (өтініш берушінің өкілі үшін);
4) егер берілетін микрокредит мүлік кепілімен қамтамасыз етілетін жағдайда - кепіл туралы шарт (ломбард кепіл билетін берген кезде талап етілмейді), тіркелуге тиіс мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік кепілі міндетті тіркелетін жағдайда – мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік;
5) қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін қажетті құжаттар және ақпарат (кредиттік серіктестікте және ломбардта микрокредит алған кезде талап етілмейді).";
көрсетілген қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) микрокредит беру туралы шартқа қатысты қолданылады.
Қағидалардың талаптары микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) қолданылады.".
|
Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша |
|
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларына және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарға 1-қосымша |
"Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
|
2.
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым жинау мөлшерлемесі:
1) банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім бергені үшін:
жеке тұлғалар үшін - 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
заңды тұлғалар үшін - 500 (бес жүз) АЕК;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім бергені үшін жеке және заңды тұлғалар үшін - 50 (елу) АЕК құрайды.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
|
7.
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) акцияларды иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат.
Қаржы ұйымының акцияларын сыйлық түрінде алынған мүлік есебінен сатып алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады;
4) Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарының электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттармен қоса, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің кірісі және мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы ақпараттың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті) сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) – банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған кірісі және мүлкі туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырған айдың бірінші күні көрсетіледі;
6) білімі, еңбек қызметі, іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтердің (қысқаша деректердің), сондай-ақ заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректердің электрондық көшірмелері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданысының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
Өтініш берушінің-заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасы үшін, егер осы басшы қызметкер өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымына уәкілетті органмен келісілген болса және көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні осы лауазымға ие болса осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - көрсетілетін қызметті алушы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент- қаржы ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растамасының электрондық көшірмесі, не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың қажет етілмейтіндігі туралы өтініші;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
Қазақстан Республикасының резиденті- көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) қаржы ұйымының акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда).
Егер көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 61-4 және 61-11-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуші банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы болып табылса, көрсетілетін қызметті алушы басқару органының банктің акцияларын иелену туралы шешімінің электрондық көшірмесі ұсынылады;
3) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шартқа сәйкес немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі (тізім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
6) банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған электрондық көшірмесі қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олар қосымша ұсынады;
7) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептіліктің, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсан үшін қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесі. Жылдық қаржылық есептілік осы есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында және екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтер мен құжаттар;
3) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 26-бабының 1-тармағында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі - № 385 қаулы) белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған көрсетілетін қызметті алушының (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленген жағдайда оның бас ұйымы) кредиттік рейтингі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Көрсетілетін қызметті алушы - бейрезидент қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иеленуге ниет білдіретін Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
2) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы өтініші.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымдарын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы олардың ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болуға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін ескерумен жасалған, Қағидалардың 28-тармағында көзделген ақпарат қамтылған қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында, осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент- заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның (не банкің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленген жағдайда оның бас ұйымының) кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының бірнеше қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бір мезгілде алу үшін өтініш білдірген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша талаптар:
1) оған қойылатын талаптар Қағидалардың 29-тармағында белгіленген құжаттар мен мәліметтерге қосымша түрінде таяудағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарды келесі көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
орналастырылған (артықшылық берілген және қаржы ұйымы сатып алған) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан да көп пайызын құрайтын иелену үлесімен қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар;
банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін заңды тұлғалар;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала жазбаша келісімін алмай қаржы ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, сыйлыққа тарту шарты немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде Банктер туралы заңның 17-1-бабы 16-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 14-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 14-тармағында белгіленген талаптарға сай тиісті мәртебені иеленуі туралы олар өтініш берген кезде қосымша мыналар ұсынылады:
қаржы ұйымының акцияларын сыйға тарту және қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
сыйға тарту шартының немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып бағалаушы айқындаған сенімгерлік басқару шартының мәні болып табылатын акциялар құны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға не көрсетілетін қызметті алушы- заңды тұлғаның басшы қызметкері:
бұдан бұрын, көрсетілетін қызметті беруші қаржы банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлға, ірі қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) - заңды тұлғаның басшысы болған. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға апарған банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады. Бұл талап көрсетілген банктердің акцияларын Банктер туралы заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының 50 (елу) және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;
қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы 12 (он екі) ай ішінде қолданылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындалған (сайланған) күнге дейін 3 (үш) жыл бойы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам да көрсетілетін қызметті алушының (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындалмайды (сайланбайды);
бұдан бұрын, қатарынан 4 (төрт) және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) - заңды тұлғаның - эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) - жеке тұлға, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады;
2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мына талаптардың бірінің болуы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыздығының белгісі болып табылады:
көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін 2 (екі) жылдан аз уақыт бұрын құрылған;
көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері акцияларға орналастырылған активтер сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін шегергенде оның активтерінен және банктің иеленуге болжанатын акцияларынан асып кетеді;
аяқталған әрбір 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зиян;
көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің мөлшері қаржы ұйымының қаржылық ахуалы үшін айтарлықтай тәуекел тудырады;
көрсетілетін қызметті алушының банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
көрсетілетін қызметті алушының мүлкінің құны (көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін шегергенде) банктің акцияларын иелену үшін жеткіліксіз болса;
көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыз екендігін және (немесе) қаржы ұйымына және (немесе) оның депозиторларына шығын келтіруі мүмкін екендігін білдіретін өзге негіздер;
3) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
4) қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;
5) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы ұйымының ірі қатысушыларына, банк немесе сақтандыру холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
6) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжаса;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент -қаржы ұйымы көрсетілетін қызметті алушыда сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушыда - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда оның бас ұйымында) көрсетілген рейтингтің болуы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төмен рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуді немесе қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингінің болмауы;
9) қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіз болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы.
Осы тармақтың мақсаты үшін мінсіз іскерлік беделінің болмауы Банктер туралы заңның 20-бабының 7-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 34-бабының 7-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 6-тармағында айқындалған өлшемшарттар болып табылады;
11) көрсетілетін қызметті алушы бұрын көрсетілетін қызметті беруші банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
12) көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда) сәйкес келмеуі;
13) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері –қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар - заңды тұлғалар, банк және сақтандыру холдингтері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда);
14) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидентері - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
16) банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады;
17) инвестициялық портфельді басқарушының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленген, ұсынылған құжаттардың Стандарттың 8-тармағында және Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
18) ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерді жоймауы;
19) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайында Стандарттың 8 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
20) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
21) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер;
2) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар.
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар.
|
Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген банк немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуы шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.
|
|
Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша |
|
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларына және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарға 3-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер
1. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының толық атауы
____________________________________________________________________
2. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)_______________________________
3. Өтініш беруші- заңды тұлғаның лауазымы және толық атауы (өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері толтырады)
____________________________________________________________________
4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға)
_______________________________
7. Тұратын жері және заңды мекенжайы ______________________________
_________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (үй, жұмыс) _______________________________________
9. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы мәліметтер:
№
|
Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері
|
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін)
|
Құрылтайшы – жеке тұлғаның иелігіндегі акциялар санының жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
10. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында оның жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары)қатысуы туралы мәліметтер:
№
|
Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
|
Туған жылы
|
Туыстық қатынасы
|
Жұмыс орны және лауазымы
|
Заңды тұлғаның атауы
|
Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
кестенің жалғасы
Акциялар санының дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен)
|
Жеке иелік ету
|
Бірлесіп иелік ету
|
тікелей
|
жанама
|
пайызы
|
заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
|
8
|
9
|
10
|
11
|
11. Білімі:
№
|
Оқу орнының атауы
|
Түскен жылы - аяқтаған жылы
|
Мамандығы
|
Білімі туралы дипломының деректемелері (бар болса күні және нөмірі)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
12. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған сәттен бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі (еңбек қызметі күнтізбелік 14 (он төрт) күннен астам жүзеге асырылмаған жағдайда көрсетіледі).
№
|
Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)
|
Жұмыс орны (егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, қаржы ұйымы тіркелген елді көрсету)
|
Лауазымы
|
Тәртіптік жазалардың болуы
|
Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
13. Өтініш беруші жеке тұлға, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері осыған дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің, банк холдингінің) басшысы - заңды тұлғаның басшы қызметкері болғандығы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)
14. Өтініш беруші - жеке тұлға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері бұдан бұрын қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жеткізген не дефолтқа жеткізілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның – ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)
15. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және басшы және өзге қызметкерді қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттетуі туралы мәлімет
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi, тағайындауға
____________________________________________________________________
сайлауға) келісімді қайтарып алуға негіздері және осындай шешімді
____________________________________________________________________
қабылдаған мемлекеттік органның атауы көрсетiлсiн)
16. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты,
____________________________________________________________________
жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып
____________________________________________________________________
тәртіптік жазаны немесе сот шешімін қолдану туралы актінің деректемелері).
17. Бар жарияланымдары, ғылыми әзірлемелері және басқа жетістіктері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
18. Өтініш беруші-жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының немесе банкроттық фактілерінің болуы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
19. Өтініш беруші ірі қатысушы - банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), үлестестік белгілері көрсетілсін)
20. Өзге де ақпарат (бар болса):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болуын растаймын.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
_________________________________________________________________
(өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы
________________________________________________________________
қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)
Қолы _________________
Күні____________________
|
Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша |
|
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларына және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарға 4-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша нақты берешегі туралы ақпарат
1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Есепті кезең
____________________________________________________________________
______________________________
3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша бар берешегі туралы ақпарат:
№
|
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Өткен есепті кезең үшін
|
Саны
|
Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге)
|
1.
|
Есепті кезеңде алынған кірістер:
|
|
X
|
|
1.1
|
Жалақы
|
|
X
|
|
1.2
|
Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінен (акцияларынан) түскен дивидендтер мен кіріс
|
|
X
|
|
1.3
|
Салымдар бойынша сыйақы
|
|
X
|
|
1.4
|
Мүлікті жалға беруден түскен кіріс
|
|
X
|
|
1.5
|
Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс
|
|
X
|
|
1.6
|
Мүлікті өткізуден түскен кіріс
|
|
X
|
|
1.7
|
Кірістің басқа түрлері (талдамасымен)
|
|
X
|
|
2.
|
Мүлік:
|
|
|
|
2.1
|
Ақша:
ұлттық валютамен,
оның ішінде:
банктік шоттардағы қолма-қол ақшамен,
шетел валютасымен, оның ішінде:
банктік шоттардағы
қолма-қол ақшамен
|
|
Х
Х
Х
Х
Х
|
|
2.2
|
Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар
|
|
|
|
2.3
|
Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің жарғылық капиталына қатысу үлестері (пайызбен)
|
X
|
|
|
2.4
|
Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып)
|
|
|
|
2.5
|
Өзге де мүлік (талдамасымен)
|
|
|
|
2n
|
|
|
X
|
|
3.
|
Барлық міндеттемелер бойынша берешек
|
|
X
|
|
3.1
|
Өтелмеген қарыздар
|
|
X
|
|
3.2
|
Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек
|
|
X
|
|
3.3
|
Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасымен)
|
|
X
|
|
3n
|
|
|
X
|
|
кестенің жалғасы
Есепті кезең үшін
|
Есепті кезеңдегі өзгерістер
|
Саны
|
Кіріс (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)
|
Саны
|
Кіріс (берешек) сомасы
Актив құны (теңге)
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
|
|
|
|
X
X
X
X
X
|
|
X
X
X
X
X
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
X
|
|
Ескерту: Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын айдың 1 (бірінші) күнінің алдындағы 12 (он екі) айға тең кезең есепті кезең болып табылады.
Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші
_______________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
______________________
(қолы)