О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 748 "Об утверждении Правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 14 мая 2021 года № 51. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2021 года № 22755

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 748 "Об утверждении Правил проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12517) следующие изменения:

      в Правилах проведения и использования анализа регуляторного воздействия регуляторных инструментов, утвержденных указанным приказом:

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) орган-разработчик – местные исполнительные органы, разрабатывающие нормативные правовые акты в соответствии с их компетенцией;

      2) управление предпринимательства – местный исполнительный орган области, городов республиканского значения, столицы, осуществляющий руководство в сфере предпринимательства;

      3) общественные обсуждения – мероприятия, проводимые в целях обеспечения участия субъектов регулирования и иных заинтересованных лиц в процессе принятия решения по вопросам введения нового регулирования, ужесточения действующего, пересмотра действующих регуляторных инструментов, в процессе которого происходит обратная связь с субъектами регулирования, получаются их мнения и предложения;

      4) заинтересованные лица – физические или юридические лица, чьи права и законные интересы затрагиваются в связи с проведением анализа регуляторного воздействия вводимых или действующих регуляторных инструментов;

      5) региональная палата предпринимателей – палата предпринимателей области, города республиканского значения и столицы, входящая в систему Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан, на территориальном уровне (далее – Региональная палата);

      6) акты регионального значения – документы Системы государственного планирования и нормативные правовые акты, принятые местными представительными и исполнительными органами, в том числе акимом соответствующей территории;

      7) регулирующие государственные органы – государственные органы, осуществляющие руководство в отдельной отрасли или сфере государственного управления, в которой осуществляется государственное регулирование предпринимательства;

      8) регуляторный инструмент – способы воздействия в отношении субъектов предпринимательства, в том числе формы и средства государственного регулирования предпринимательства, предусмотренные статьей 81 Кодекса;

      9) субъекты регулирования – субъекты, на которых распространяется действие нормативных правовых актов, предусматривающих регуляторные инструменты или ужесточающих регулирование, в том числе субъекты предпринимательства и иные лица;

      10) пересмотр регуляторного инструмента – аналитическая процедура сопоставления эффективности достигнутых целей государственного регулирования посредством проведения анализа регуляторного воздействия после введения регуляторного инструмента, в том числе по действующим регуляторным инструментам, в отношении которых ранее не проводился анализ регуляторного воздействия.

      3. Анализу регуляторного воздействия подлежат проекты документов Системы государственного планирования, концепции проектов законов Республики Казахстан, проекты нормативных правовых актов Республики Казахстан, проекты технических регламентов Евразийского экономического союза, предусматривающих введение регуляторного инструмента и связанных с ним требований или ужесточение регулирования, за исключением случаев, предусмотренных частью второй пункта 2 статьи 82 Кодекса.

      При этом, концепции проектов законов проходят анализ регуляторного воздействия до вынесения на рассмотрение Межведомственной комиссии по вопросам законопроектной деятельности.

      Требования о проведении анализа регуляторного воздействия при введении нового регуляторного инструмента или ужесточении регулирования в отношении субъектов предпринимательства также не распространяются на проекты законов, разработанные в порядке законодательной инициативы Президента и депутатов Парламента Республики Казахстан, а также на процесс рассмотрения проектов законов в Парламенте Республики Казахстан.

      По проектам законов, внесенным в порядке законодательной инициативы депутатов Парламента, а также по поправкам депутатов к проектам законов, находящимся на рассмотрении в Парламенте Республики Казахстан, может быть проведен анализ регуляторного воздействия по основаниям, установленным настоящей статьей, в рамках заключения Правительства Республики Казахстан.".

      2. Департаменту развития предпринимательства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
А. Иргалиев

"Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22755 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші-орган – өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін жергілікті атқарушы органдар;

      2) кәсіпкерлік басқармасы – кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;

      3) қоғамдық талқылаулар – реттеу субъектілерінің және өзге мүдделі тұлғалардың жаңа реттеуді енгізу, қолданыстағы реттеуді қатаңдату, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін, процесс барысында реттеу субъектілерімен кері байланыс болатын, олардың пікірлері мен ұсыныстары алынатын іс-шара;

      4) мүдделі тұлғалар – енгізілетін немесе қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізуге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалар;

      5) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы (бұдан әрі – Өңірлік палата);

      6) өңірлік маңызы бар актілер – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер;

      7) реттеуші мемлекеттік органдар – кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      8) реттегіш құрал – кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде Кодекстің 81-бабында көзделген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу нысандары мен құралдары;

      9) реттеу субъектілері – реттегіш құралдарды көздейтін немесе реттеуді қатаңдататын нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы таралатын субъектілер, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен өзге тұлғалар;

      10) реттегіш құралдарды қайта қарау – реттегіш құралды енгізгеннен кейін реттеушілік әсерге талдауды жүргізу арқылы мемлекеттік реттеудің қол жеткізілген мақсаттарының тиімділігін, оның ішінде оларға қатысты бұрын реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген қолданыстағы реттегіш құралдар бойынша салыстырудың талдамалық рәсімі.

      3. Реттеушілік әсерді талдауға Кодекстің 82-бабы 2-тармағының екінші бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары жатады.

      Бұл ретте, заң жобаларының тұжырымдамалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылғанға дейін реттеушілік әсерді талдаудан өтеді.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізілген немесе реттеу қатаңдатылған кезде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына да, сондай-ақ заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне де қолданылмайды.

      Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралып жатқан заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша осы бапта белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде жүргізілуі мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев