Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12517 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.04.2016 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 19.04.2022 № 36 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қантардағы № 32 бұйрығының күші жойылсын (құқықтық актілердің тізілінде № 10312 тіркелінген 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 748 бұйрығымен
бекітілген

Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 19.04.2022 № 36 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелері

      1. Осы Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және енгізілетін реттегіш құралдарға және (немесе) талаптарға, реттеуді қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ қолданыстағы реттеуші актілер бойынша реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші орган – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың құзыретіне сәйкес әзірлейтін және осы Қағидаларға сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) кәсіпкерлік басқармасы – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      3) кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі (бұдан әрі – талаптар тізілімі) – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша кәсіпкерлік қызмет түрлері бөлінісінде реттеуші актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры;

      4) қоғамдық талқылаулар – жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу, қолданыстағыларын қатаңдату, қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне реттеу субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында процесінде реттеу субъектілерімен кері байланыс орын алатын, олардың пікірлері, ескертулері, сұрақтары мен ұсыныстары алынып жүргізілетін іс-шаралар;

      5) мүдделі тұлғалар – енгізілетін немесе қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізуге байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;

      6) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жүйесіне кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық деңгейдегі кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Өңірлік палата);

      7) өңірлік маңызы бар актілер – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және жергілікті өкілді және атқарушы органдар, оның ішінде тиісті аумақтың әкімі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер;

      8) реттеуші акт – қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар;

      9) реттеуші мемлекеттік орган – кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) реттегіш құрал – Кодекстің 81-бабында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды қамтамасыз ету құралдары;

      11) реттеу субъектілері – реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды көздейтін немесе реттеуді қатаңдататын нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын субъектілер, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғалар;

      12) реттегіш құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау – реттегіш құрал және (немесе) талаптар, оның ішінде қолданыстағы реттеушілік құралдар бойынша және (немесе) оларға қатысты бұрын реттеушілік әсерге талдау жүргізілмеген талаптар енгізілгеннен кейін реттеушілік әсерге талдауды жүргізу арқылы мемлекеттік реттеудің қол жеткізілген мақсаттарының тиімділігін салыстырудың талдамалық рәсімі;

      13) талаптар – кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кодекстің 82-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерге талдауға жатады.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламенті депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде әзірленген заңдардың жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заңдар жобаларын қарау процесіне қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде енгізілген заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралудағы заңдардың жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде Кодекстің 82-бабында белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) отырысында мақұлданғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары кәсіпкерлікті Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден заңнамасы саласында, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеуге, – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементацияланған немесе имплементациялануы жоспарланған халықаралық шарттардың реттегіш құралдарына және (немесе) талаптарына қолданылмайды.

      Бұл ретте "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мақұлдағаннан кейін ғана жаңа реттегіш құралдар және (немесе) талаптар немесе реттеуді қатаңдату өңірлік маңызы бар актілермен енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану тәртібі

1-параграф. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізудің жалпы шарттары

      5. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар:

      реттегіш құралын және (немесе) талаптарды енгізу;

      кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдату;

      реттегіш құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау;

      міндетті талаптар тізіліміне енгізілген қолданыстағы реттеуші актілерді талдау.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Реттеушілік әсерді талдау рәсімі мынадай кезеңдерді:

      1) реттеушілік әсерді талдауды жүргізуді;

      2) осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізуді;

      3) реттеушілік әсерді талдауды қарау және осы Қағидалардың 2-тарауының 5-параграфына сәйкес уәкілетті органның реттеушілік әсеріне талдау жүргізу рәсімдерін сақтау туралы қорытынды беру;

      4) осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфына сәйкес реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген жағдайда балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізуді;

      5) осы Қағидалардың 2-тарауының 7-параграфына сәйкес Ведомствоаралық комиссияның немесе өңірлік маңызы бар актілер бойынша Өңірлік комиссияның реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарауын қамтиды.

      7. Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелері, ол:

      құқықтық акт жобасы бойынша жалпы ақпаратты;

      реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды;

      реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын қамтиды;

      2) жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құқықтық актінің, сондай-ақ құжаттардың жобасы;

      3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан (бұдан әрі – "Ашық НҚА" порталы) жүктеуді және қоғамдық талқылаулардың хаттамасын қоса бере отырып, қоғамдық талқылаулардың қазақ және орыс тілдеріндегі есебі;

      4) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығымен бекітілген Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес монополияға қарсы орган толтырған бәсекелестікке әсер етуді бағалаудың талдамалық нысаны.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.09.2023 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және реттеуді қатаңдату туралы реттеушілік әсерге талдау жүргізу

      8. Енгізілетін реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар мына іс-қимылдарды рет-ретімен орындау арқылы жүргізеді:

      1) шешу қажет проблеманы айқындау;

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық актінің жобасы бойынша жалпы ақпаратты толтыру;

      3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру;

      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезіндегі реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын (бұдан әрі – талдамалық нысан) толтыру;

      5) жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын әзірлеу;

      6) осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу;

      7) қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын пысықтау және оларды, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылау есебін уәкілетті органға жіберу;

      8) осы Қағидалардың 6-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу.

      9. Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері орындауға міндетті реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, енгізілетін реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың немесе реттеуді қатаңдатудың талдамалық нысанын толтыру орынды емес деп танылады.

      10. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату Кодекстің 82-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің сол саласындағы екі талаптың күшін жоюды көздейді.

3-параграф. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарау

      11. Алдағы жылға арналған республикалық маңызы бар реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарау жоспары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, жыл сайын 20 желтоқсанға дейін бекітіледі және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      Кодекстің 83-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды өңірлік маңызы бар қайта қарау жоспарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді және кәсіпкерлік басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

      12. Қайта қарау тәртібімен реттеушілік әсерге талдау жүргізу тәртібі қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты жүргізіледі.

      13. Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарауды мемлекеттік орган мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындау арқылы жүргізеді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру;

      2) мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді және тиімділікті бағалау;

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қайта қарау тәртібімен реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қамтитын реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру;

      4) осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу;

      5) құқықтық актінің талдамалық нысанын және (немесе) жобасын қоғамдық талқылаулардың нәтижелері бойынша пысықтау, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық талқылаулардың есебін қалыптастыру және оларды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберу;

      6) осы Қағидалардың 6-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағының 2) тармақшасында белгіленген өлшемшарт бойынша реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қабылдау кезінде мәлімделген мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді және тиімділікті бағалау, сондай-ақ реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеу субъектілеріне нақты әсер етуінің салдарын да ескеру тұрғысынан талдау жүргізіледі.

      15. Қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың тиімсіз өлшемшарттары:

      1) әр түрлі талаптар және (немесе) рәсімдер;

      2) заңнама талаптарына сәйкес келмейтін талаптар және (немесе) рәсімдер;

      3) реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар іс жүзінде қолданбайтын, талап етілмейтін талаптар және (немесе) рәсімдер;

      4) белгiлi бiр салада, аяда заңнамада белгіленген реттеу мақсаттарына, оның ішінде қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігінің талаптарына, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгi мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн талаптар және (немесе) рәсiмдер;

      5) әртүрлi мемлекеттiк органдардың, әртүрлi ұйымдардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың өкiлеттiгi шеңберінде қайталанатын талаптар және (немесе) рәсімдер;

      6) заңнамада белгiленген реттеу мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтін, оның iшiнде формалды сипаты бар талаптар;

      7) оларға қатысты қажеттігі анықталған және қолданыстағы реттеумен салыстырғанда, неғұрлым тиімді реттеу нұсқасын ауыстыруға мүмкін болатын талаптар;

      8) реттеу субъектiлеріне қатысты қолданылатын, құқық бұзушылық сипатына, оның iшiнде келтірілген немесе жол берілмеген зиянды салдарлардың ауырлығына, келтiрiлген, өз еркiмен өтелген немесе жойылған зиян мөлшеріне немесе өзге де жағдайларға сәйкес емес әсер ету шаралары болып табылады.

      16. Реттегіш құралдарға және (немесе) талаптарға мерзімді және толық қайта қарауды жүзеге асыру үшін реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар реттеуші мемлекеттік органдардың/әзірлеуші органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарау жоспарларын (бұдан әрі – қайта қарау жоспарлары), оның ішінде уәкілетті органның және "Атамекен" Казақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) негізделген ұсыныстарын ескере отырып жыл сайын әзірлейді және бекітеді.

      17. Егер реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы реттегіш құралды және (немесе) талапты жаңасына ауыстыру немесе реттеуді қатаңдату көзделсе, онда реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган осы Қағидалардың 2-параграфына сәйкес реттегіш құралға және (немесе) реттегіш құралды енгізуге қойылатын талапқа және (немесе) талапқа немесе реттеуді қатаңдатуға талдау жүргізеді.

3-1-параграф. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдау

      Ескерту. 2-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.10.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      17-1. Қолданыстағы реттеуші актілерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар міндетті талаптар тізілімінде белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

      17-2. Қолданыстағы реттеуші актілердің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуді және Кодекстің 81-1-бабында көзделген міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін бағалау олардың талдау нысанасы болып табылады.

      17-3. Талдауды реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар мынадай дәйекті іс-қимылдарды орындау арқылы жүргізеді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру;

      2) осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес реттеуші актілерді талдаудың талдамалық нысанын толтыру;

      3) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу.

      17-4. Қолданыстағы реттеуші акт реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орындауы үшін міндетті талаптарға сәйкес келмеген жағдайда,талдамалық нысанды толтыру орынсыз деп танылады және Кодекстің 83-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.

      17-5. Уәкілетті орган қарауының нәтижелері бойынша талдамалық нысан келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік актіні талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды қалыптастырылады.

4-параграф. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу

      18. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау:

      1) дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер арқылы қоғам өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен;

      2) "Ашық НҚА" порталында "on-line" режимінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде талқылау арқылы жүзеге асырылады.

      19. Қоғамдық талқылаулардың қорытындысы бойынша:

      1) дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер және басқалар арқылы жұртшылық өкілдері мен мүдделі тұлғалардың түсініктемелерімен, ескертулерімен және ұсыныстарымен бірге реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның лауазымды тұлғасы хаттама қалыптастырады;

      2) "Ашық НҚА" порталында "on-line" талқылау қорытындылары туралы есеп қалыптастырылады, ол реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның және (немесе) мүдделі тұлғаның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

      Қоғамдық талқылаулар белгіленген уақытта өткізіледі және олардың нәтижелерін реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның лауазымды адамы хаттамалайды.

      "Ашық НҚА" порталында "on-line" режимінде талқылау арқылы қоғамдық талқылаулар өткізу жөніндегі талаптар балама тәртібінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаулар жүргізуге қолданылмайды.

      20. Қоғамдық талқылаулар жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын, ал Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауында жатқан Парламент Палаталарынан келіп түскен Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша, сондай-ақ Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша және балама тәртіпте жүргізілген реттеушілік әсерді талдау бойынша, оларды өткізу күніне дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын олардың өткізілетін күні мен басталатын және аяқталатын уақыты туралы:

      мүдделі тұлғаларды – өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру беру арқылы;

      уәкілетті органды, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын/Өңірлік кәсіпкерлер палатасын, мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің мүшелерін; мүдделі мемлекеттік органдарды – жазбаша хабарлама арқылы;

      бұқаралық ақпарат құралдарын – баспасөз релизі арқылы хабардар етеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.10.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды қалыптастыру

      21. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексереді.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган хабарламаны реттеуші мемлекеттік органға/әзірлеуші органға жолдай отырып, қараусыз қалдырады.

      22. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талдамалық нысан мен құжаттардың жобалары келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы және осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды толтырудың дұрыстығы тұрғысынан қарайды.

      Уәкілетті орган Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша әзірленген белгілі бір реттеушілік құралды немесе талапты енгізуге не белгілі бір талапты қатаңдатуға арналған талдамалық нысанды олардың келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары бойынша – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қараудың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) қалыптастырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.10.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Уәкілетті орган оң қорытындыны, сондай-ақ реттеуші мемлекеттік органдар әзірлеген құжаттардың жобалары мен реттеуші мемлекеттік органның талдамалық нысанын "Ашық НҚА" порталына орналастырады.

      Өңірлік маңызы бар актілер бойынша қорытындыны кәсіпкерлік басқармасы қалыптастырады. Кәсіпкерлік басқармасы әзірлеуші органның ресми интернет-ресурсында оң қорытындыны, сондай-ақ әзірлеуші әзірлеген өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын, әзірлеуші-органның талдамалық нысанын орналастырады және оларды "Ашық НҚА" порталына орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.

      24. Уәкілетті орган "Ашық НҚА" порталында оң қорытындыны орналастырумен бір уақытта реттеуші мемлекеттік органға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәлімет үшін тиісті орналастыру туралы хабарлама жібереді.

      Кәсіпкерлік басқармасы өңірлік маңызы бар актілер бойынша оң қорытындыны, сондай-ақ әзірлеуші орган әзірлеген өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын, әзірлеуші органның талдамалық нысанын әзірлеуші органның ресми интернет-ресурсында орналастырады және әзірлеуші органға және Өңірлік кәсіпкерлер палатасына тиісті орналастыру туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті орган оң қорытындыда "Ашық НҚА" порталында жарияланған күннен бастап реттеушілік әсерді талдау мерзімін баламалы тәртіппен 15 (он бес) жұмыс күні, ал белгілі бір реттеуші құралды немесе талапты енгізуге реттеушілік әсерді талдау не Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша белгілі бір талапты қатаңдату бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу мерзімін, баламалы тәртіппен "Ашық НҚА" порталында жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні деп белгілейді.

      Балама тәртібінде реттеушілік әсерге талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды және қоғамдық талқылаулардың есебін уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізеді, ал өңірлік маңызы бар актілер бойынша әзірлеуші органның назарына кәсіпкерлік басқармасы жеткізеді.

      Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға балама тәртібінде реттеушілік әсерге талдаудың қорытындысымен келісу/келіспеу туралы жауап жолдайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.10.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Теріс қорытынды болған жағдайда реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың талдамалық нысанын және (немесе) жобаларын пысықтайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдер бұзылған жағдайда реттеуші мемлекеттік органдар/әзірлеуші органдар пысықталған құжаттарды уәкілетті органға ұсыну мерзімдерін сақтамауы реттеуші мемлекеттік органның/әзірлеуші органның ұсынылатын реттеуден бас тартуы болып табылады және (немесе) ұсынылған реттеуді басқа нұсқамен ауыстырған кезде РӘТ рәсімі қайтадан жүргізіледі.

      Пысықталған құжаттар уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде қайталап ұсынылады және осы параграфқа сәйкес қаралады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.10.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген кезде реттеушілік әсерді талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган немесе басқа да мүдделі тұлғалар балама тәртіппен жүргізеді.

6-параграф. Балама тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізу

      27. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе өзге мүдделі адамдар реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген кезде, "Ашық НҚА" порталында кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы жарияланғаннан кейін, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган оң қорытындыда айқындаған мерзімдерде, балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

      Өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе өзге мүдделі адамдар әзірлеуші-органның өңірлік маңызы бар актілер бойынша жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың тұжырымдарымен келіспеген кезде, кәсіпкерлік басқармасынан оң қорытындысын, кәсіпкерлік басқармасының оң қорытындысында айқындалған мерзімдерде балама ретінде реттеушілік әсерге талдау жүргізеді.

      28. Балама ретінде реттеушілік әсерді баламалы талдау мынадай:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын/ реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын толтыру;

      3) жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және (немесе) реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құқықтық актілердің және құжаттардың жобаларын әзірлеу;

      4) уәкілетті орган реттеушілік әсерді талдауды балама тәртіппен жүргізген жағдайларды қоспағанда, реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберу кезеңдерін қамтиды.

      Балама ретінде реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша талдамалық нысанды уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізеді, ал өңірлік маңызы бар актілер бойынша – кәсіпкерлік басқармасы әзірлеуші-органның назарына жеткізеді.

      29. Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелерін "Ашық НҚА" порталында орналастырады.

      Балама ретінде реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерімен келіскен жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құқықтық актілердің және құжаттардың жобаларын пысықтайды және оларды уәкілетті органға қайта ұсынады, олар осы Қағидалардың 2-тарауының 5-параграфына сәйкес қаралады.

7-параграф. Ведомствоаралық комиссияның немесе Өңірлік комиссияның реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарауы

      30. Реттеушілік әсерді талдаудың рәсімдерін сақтау туралы оң қорытынды алынған жағдайда оны уәкілетті орган Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады.

      Өңірлік маңызы бар актілер бойынша реттеушілік әсерді талдауды қарау нәтижелерін кәсіпкерлік басқармасы Өңірлік комиссияның қарауына шығарады.

      31. Қараудың нәтижелері бойынша Ведомствоаралық комиссия/Өңірлік комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерді талдау үшін:

      жаңа реттегіш құралды және (немесе) реттеуді қатаңдатуды енгізуді мақұлдау;

      жаңа реттегіш құралды және (немесе) реттеуді қатаңдатуды енгізуден бас тарту;

      жаңа реттегіш құралды және (немесе) реттеуді қатаңдатуды енгізуді пысықтауға жіберу;

      2) реттегіш құралдарды қайта қарау тәртібімен реттеушілік әсерді талдау үшін:

      қолданыстағы реттегіш құралды және (немесе) талаптарды сақтауды ұсыну;

      қолданыстағы реттегіш құралды және (немесе) талаптарды алып тастауды ұсыну;

      қолданыстағы реттегіш құралды және (немесе) талаптарды өзгертуді ұсыну.

      32. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оның көшірмесі мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/кәсіпкерлік басқармасының реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері олар бекітілгенге дейін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына міндетті қосымша болып табылады.

  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құқықтық актінің жобасы бойынша жалпы ақпарат

Р.н. №

Атауы

Ескертпе

1.

Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган құжатының жобасы


2.

Құжат жобасының атауы (Қазақстан Республикасы Заңының атауы және баптары)


3.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 81-бабының 2-тармағына және (немесе) талапқа сәйкес реттегіш құралдың және (немесе) талаптың атауы


4.

Реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүзеге асыруға негіз болатын Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының атауы, нөмірі және тармақтары


5.

Қажеттілік пен тәртіпті белгілейтін мемлекеттік органдар бұйрықтарының немесе басқа да нормативтік құқықтық актілерінің атаулары мен нөмірлері


6.

Міндетті талаптарды және/немесе реттегіш құралдарды қамтитын өзге құжаттың атауы мен нөмірі


7.

Реттеу саласы


8.

Міндетті мүшелікке (қатысуға)негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін қызмет саласы
* міндетті мүшелікке (қатысуға)негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде толтырылады


9.

Әзірлеуші орындаушының байланыс ақпараты


  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалау

Р.н.

Шарттың атауы

Шарттарға сәйкестікті бағалаудың сипаттамасы

Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарға сәйкестігін бағалау бойынша балдарды айқындау

1.

Негізділік


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

2.

Реттеу теңдігі


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

3.

Ашықтық


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

4.

Орындалушылық


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

5.

Айқындық


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

6.

Шамаластық және ұтымдылық


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

7.

Жүйелілік және болжамдылық


0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

Реттеу мақсаттарына қол жеткізу деңгейі

Толық қол жеткізілді________
Ішінара қол жеткізілді_________
Қол жеткізілген жоқ____________
* мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмеген жағдайда реттеуші реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес талдамалық нысанды толтырмайды.

Тиімділік балы:
* максималды балл – 40
* жеткіліктілік шегі – 30

Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру бойынша түсіндірме

      Жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты таңдау кезінде енгізілетін реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың оларды қалыптастыру шарттарына сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі:

      1. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Негізділікке" сәйкестігін бағалау:

      Анықтамалық: Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес

      - "негізділік деп реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қорғау мақсатында ғана енгізілуі түсініледі".

      Реттегіш құралды және (немесе) талапты қайта қарау кезінде мемлекеттік орган осы реттегіш құралды және (немесе) оны сақтаудың негізділігіне қойылатын міндетті талапты мынадай сұрақтарға жауап беру арқылы бағалайды:

      1) қандай қызмет түрінің (процестің, іс-қимылдың) қауіпсіздігі реттегіш құралмен және (немесе) міндетті талаппен қамтамасыз етіледі?

      2) осы реттегіш құрал және (немесе) талап қандай қауіпсіздікті қамтамасыз етеді?

      3) 2-сұрақта көрсетілген қызмет түрінің (процестің, іс-қимылдың) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де реттегіш құрал және (немесе) талап бар ма?

      2. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Реттеу теңдігіне" сәйкестігін бағалау:

      Анықтамалық: Кодекстің 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      "кәсіпкерлік қызметті реттеудің теңдігі деп, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы реттеуді жүзеге асыру кезінде нарықтың жекелеген субъектілері үшін, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері мен табиғи монополиялар субъектілері үшін неғұрлым тиімді құқықтық жағдайлар белгілеуге жол бермеу түсініледі".

      Реттегіш құралды және (немесе) талапты қайта қарау кезінде осы базалық шарттың орындалуын мемлекеттік орган мынадай сұрақтарға жауап беру арқылы бағалайды:

      1) Осы реттегіш құрал және (немесе) талап қандай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады?

      2) Осы реттегіш құралды және (немесе) талапты қолдану бойынша ерекшеліктер бар ма? Осы ерекшеліктерді сипаттаңыз.

      Егер екінші сұраққа жауап беру кезінде негіздеме ретінде заңнамалық тұрғыда бекітілген ерекшелік болған жағдайда, осы базалық шарт сақталған болып есептеледі.

      3. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Ашықтыққа" сәйкестігін бағалау:

      Анықтамалық: Кодекстің 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      "ашықтық деп енгізілетін (өзгертілетін) реттегіш құралы және (немесе) оларды енгізу уәждерінің анықтығын талап ету туралы ақпараттың қолжетімділігі түсініледі".

      Реттеуші мемлекеттік органмен қайта қаралатын реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Ашықтық" шартына сәйкестігі мынадай мәселелерді аша отырып айқындалады:

      1) реттегіш құралды және (немесе) талаптарды жоспарланған енгізу (өзгерту) туралы ақпарат мемлекеттік органның ашық ақпараттық ресурстарында (сайт, әлеуметтік желілер) орналастырылды және танысу үшін қолжетімді бола ма.

      2) реттегіш құралды және (немесе) міндетті талап – өткізу мерзімдерін, қатысушылар санын, негізгі ұстанымдарын енгізуге (өзгертуге, қайта қарауға) ниеттенген мемлекеттік органның бастамасы бойынша мүдделі кәсіпкерлік субъектілерімен, олардың қоғамдық құралымдарымен, өзге де мүдделі жеке және заңды тұлғалармен қоғамдық талқылаулар (қажет болған жағдайда – қоғамдық тыңдаулар) өткізілді ме?

      Кәсіпкерлік субъектілерінің реттегіш құралды және (немесе) міндетті талапты енгізу(өзгерту, қайта қарау) жөніндегі бастамаға мақұлданған қатынасы кезінде көрсетілген сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі олардың базалық – ашықтық шартына сәйкестігін оң бағалауға негіз береді.

      4. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Орындалуға" сәйкестігін бағалау":

      Анықтамалық: Кодекстің 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      - "орындалуы деп кәсіпкерлік субъектілерімен енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарын орындау мүмкіндігі түсініледі".

      Кәсіпкерлік субъектілерімен қайта қаралатын реттегіш құралды және (немесе) талапты орындаудың тәжірибелік мүмкіндігін бағалау реттеуші мемлекеттік органмен келесі талдаудың жүргізілуін болжайды:

      1) осыған ұқсас енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттегіш құралды және(немесе) міндетті талапты іске асырудың халықаралық практикасының болуы.

      2) кәсіпкерлік субъектісінің енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттегіш құралды және(немесе)міндетті талапты (таңдау бойынша) орындау мүмкіндігін талдау:

      өндіріс көлемі (қуаты)

      кәсіпорын қызметкерлерінің саны

      жылдық орташа кіріс

      Осы талдауды баяндауды мемлекеттік орган еркін нысанда жүзеге асырады.

      5. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Анықтыққа" сәйкестігін бағалау:

      Анықтамалық: Кодекстің 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      "реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды екі түрлі мағынада түсіндіруге жол бермейтін түсінікті, қолжетімді нысанда регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің нормаларын баяндау айқындық деп түсіндіріледі".

      Оны тұжырымдау кезінде осы шартқа сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында қайта қаралатын реттегіш құрал және (немесе) талап мыналарға сәйкес келуі тиіс:

      реттегіш құралдың және (немесе) талаптың әрекеті нақты реттелетін кәсіпкерлік субъектілеріне немесе олардың қызметіне (процесс, әрекет) бағытталған;

      2) міндетті талаптың нақты сандық параметрі болады (қажет болған жағдайда).

      3) Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың қосымша түсіндірмесі жоқ.

      6. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Сәйкестікке және Ұтымдылыққа" сәйкестігін бағалау:

      Анықтамалық: Кодекстің 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      - "Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында қорғалатын құндылықтарға кәсіпкерлікті мемлекеттік тұрғыдан реттеудің әсер ету деңгейінің қолайсыз оқиғаларының туындау тәуекелінің дәрежесіне сәйкестігі сәйкестігі және ұтымдылығы деп түсіндіріледі".

      Бұл шартты бағалау мемлекеттік органнан талдаумен бірге белгілі бір есептеу жүргізуді талап етеді:

      1) Қайта қаралатын реттегіш құралдың және (немесе) талаптың орындалуын әкімшілендіруді есептеу:

      С= ЕАҚ\365 х Т

      ЕАҚ - Бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің салықтарын ескере отырып, жылдық еңбекақы қоры, млн. теңге;

      Т – бақылау іс-шараларының ұзақтығы, күнмен;

      С – қайта қаралатын реттегіш құралды әкімшілендіруге арналған шығындар және (немесе) талаптар, млн. теңге;

      2) Қайта қаралатын реттегіш құралға және (немесе) талапқа байланысты бизнесті сәйкес келтіруге арналған бизнес шығындарын есептеу:

      Ш=М + (ЕАҚ\365 х Т)

      М – сәйкестікке келтіру үшін материалдық шығындардың көлемі, млн. теңге;

      ЕАҚ – қайта қаралатын реттегіш құралды және (немесе) талапты тікелей орындауға тартылатын қызметкерлердің салықтарын ескере отырып, еңбекке ақы төлеудің жылдық қоры, млн. теңге

      Т – реттегіш құралды және (немесе) талапты орындау мерзімі, күндермен;

      З – қайта қаралатын реттегіш құралды және (немесе) талапты орындауға байланысты шығындар, млн. теңге.

      3) Қайта қаралатын реттегіш құралды және (немесе) талапты сақтамаудан келеңсіз салдардың туындауының болжамды есебі.

      С – енгізілетін (қайта қаралатын) реттегіш құралды және (немесе) талапты орындау қажеттілігі қолданылатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны, адам;

      ЖА= А х (С\100 х П)

      П – бұзушылардың пайызы (болжамды), пайызбен;

      Ш – бұзушылық үшін айыппұл көлемі, теңге;

      ГШ - Жылдық айыппұл сомасы, млн. теңге;

      П – реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуден мемлекеттің пайдасы, млн. теңге;

      П = ЖА – С

      4) Қайта қаралатын реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Ұтымдылыққа" сәйкестігін бағалау кезінде мемлекеттік орган мынадай сұрақтарға еркін нысанда жауап беруі тиіс:

      1) Енгізілетін (өзгертілетін) реттегіш құрал және(немесе) кәсіпкерлік субъектісіне немесе оның қызметіне (процесіне, іс-әрекетіне) қатысты міндетті талап осындай енгізудің (өзгертудің) ауыртпалығын есепке ала ма?

      2) Реттегіш құралды және (немесе) талапты талдау (қайта қарау) барысында жаңа(қолданыстағысын өзгерту) енгізбей, сондай-ақ оның күшін жоймай қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бола ма? Неліктен?

      Егер мемлекеттік орган жоғарыда аталған сұрақтардың әрқайсысына еркін нысанда жауап берсе, осы шартты бағалау оң деп есептеледі.

      Бұл ретте бірінші сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттік орган дәлел ретінде халықаралық тәжірибені ұсынуы тиіс.

      7. Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың "Реттілікке және Болжамдылыққа" сәйкестігін бағалау:

      Анықтамалық: Кодекстің 81-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      - "реттілігі мен болжамдығы деп енгізілетін және (немесе) қолданыстағы реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі түсіндіріледі".

      В "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес осы жүйенің құжаттарына мыналар жатады:

      1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы;

      2) Жалпыұлттық басымдықтар;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;

      4) Елдің аумақтық даму жоспары;

      5) саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар;

      6) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.

      Енгізілетін реттегіш құралдың және (немесе) талаптың сәйкестігін бағалау кезінде мемлекеттік орган мынадай сұрақтарға еркін нысанда жауап беруі тиіс:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қандай құжатында реттегіш құралды және (немесе) талапты қайта қарау қажеттігі көзделген?

      2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында реттегіш құралды және (немесе) талапты қайта қарауға тікелей нұсқау болмаған жағдайда, оларды қайта қарау қажеттілігін негіздейтін нормаларды қамтитын осы құжаттардың ережелерін көрсету қажет пе?

      3) кәсіпкерлік субъектілеріне енгізілетін (өзгертілетін) реттегіш құралды және(немесе) талапты орындауға дайындалуға мүмкіндік беретін мерзімдер белгіленді ме? Көрсетілген сұрақтарға тікелей жауаптың болмауы енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттегіш құралдың және(немесе) міндетті талаптың сәйкестігін теріс бағалау болып саналады.

      Енгізілетін (өзгертілетін) реттегіш құралдардың және(немесе) талаптардың оларды қалыптастыру шарттарына сәйкестігін бағалау барысында болған кезде алынған бағалар – "сәйкес келмейді" немесе "ішінара сәйкес келед" уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдауға теріс қорытынды беруге негіз береді.

  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу және реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.10.2024 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-ҚАДАМ: Проблеманы анықтау және реттеу мақсаттары

Проблеманы анықтау және проблеманың болу себептері (3 сөйлемнен аспайтын, еркін нысандағы мәтін, мақсатты топты және себеп-салдарлық байланысты көрсету қажет)


Проблеманың болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер бар ма (сандық өлшемде)

Жоқ ___
Иә ___ (оларды сипаттаңыз және олардың мәндерін келтіріңіз)

Енгізілетін реттеудің мақсаты қандай


2-ҚАДАМ: Реттегіш құралдарды/талаптарды анықтау

Енгізуге ұсынылатын реттегіш
құрал/талап


Қолданыстағы реттегіш құрал/талап


Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің сол саласында қолданыстағы реттегіш құралдар шеңберінде алып тастауға ұсынылатын қолданыстағы талаптар*
1.
2.
* осы Қағидалардың 2-параграфының 10-тармағына сәйкес


3-ҚАДАМ: іске асыру тетіктері және ықтимал тәуекелдер
* 7-ҚАДАМ заңды жауапкершілік енгізілген кезде қосымша толтырылады


Ықтимал тәуекелдер және күтпеген салдар

Іске асыру тетігі (әзірленетін жоба аясында көзделген іске асыру тетіктері сипатталады)

Ұсынылатын реттегіш құрал және (немесе) талаптар


1. Енгізу мерзімдері мен кезеңдері_________.
2. Қойылған индикаторларға қолжетімділікті реттеуді енгізуге және бағалауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті орган______________________.

4-ҚАДАМ: Пайда мен шығысыларды салыстырмалы талдау

4.1. Жалпы қоғамға және халыққа әсері
Экономикалық жүйенің мынадай:
1. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне (экономикалықты қоса алғанда) әсері (халықтың табыстары мен шығыстары, өмір сүру ұзақтығы, кедейлік деңгейі және басқалары)
2. Экологияға әсері.
3. Тұтынушы таңдауының өзгеруі.
4. Бөлшек сауда бағаларының өзгеруі.
5. Басқасы сияқты элементтерін ескере отырып, жалпы экономикалық жүйеге әсер еткен кезде әр реттегіш құралдың және (немесе) талаптың пайдасы мен шығысыларының сипаттамасын еркін нысанда жүргізіңіз
Болжанып отырған еркін нысанда реттеудің салдарын алдын алаболжау қажет.
"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмедегі" ұсынымдарға сәйкес және 1а нысаны бойынша бизнес үшін шығасыларды монетизациялаңыз және есептеңіз.


Пайда

Шығасылар

Енгізуге ұсынылатын реттегіш
құрал/талап



Қолданыстағы реттегіш құрал/талап



Жиыны



4.2. Бизнеске әсері
Мыналарды міндетті түрде:
Кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуін, кәсіпорындардың кірістілігі мен тұрақтылығына, оның ішінде инновациялар мен дамуына әсер етуін және басқаларды ескере отырып, еркін нысанда әр реттегіш құралдың пайдасы мен шығысыларының және (немесе) оның бизнеске әсер етуі кезінде қойылатын талаптардың сипаттамасын жүргізіңіз.
Бұл ретте, мынадай көрсеткіштер бойынша (болжамды түрде) есеп жүргізу қажет:
- өнім өндіру көлемі;
- ресурстарға жұмсалған шығындар;
- кәсіпорын қызметкерлерінің саны;
- жылдық орташа табыс;
- салықтық аударымдар;
- кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы;
- мемлекеттік сатып алудағы шағын және орта бизнестің үлесі;
- экспорт;
- басқа.
"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмедегі" ұсынымдарға сәйкес және 1б нысаны бойынша бизнес үшін шығасыларды монетизациялаңыз және есептеңіз.


Пайда

Шығасылар

Енгізуге ұсынылатын реттегіш
құрал/талап

Шағын бизнес субъектілері



Орта бизнес субъектілері



Ірі бизнес субъектілері



Қолданыстағы реттегіш құрал/талап

Шағын бизнес субъектілері



Орта бизнес субъектілері



Ірі бизнес субъектілері



1а нысаны бойынша бизнеске арналған шығасылар




Жиыны



4.3 Мемлекеттік билік органдарына және экономикалық жүйеге әсері
Міндетті түрде:
1. Елдің бюджетіне ықпалын (салық түсімдерінің өсуі).
2. Экономикалық, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоса алғанда, қылмысқа ықпалын 3. Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, капиталды және жұмыс күшін еркін өткізуге, сондай-ақ халықаралық саудаға және халықаралық инвестициялық ағымдарға әсерін
4. Экономикалық өсу үшін жалпы салдарды
5. Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына ықпалын
6. Басқасын ескере отырып, әр реттегіш құралдың және (немесе) оның мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер етуі кезіндегі талаптардың пайдасы мен шығыстарының сипаттамасын еркін нысанда жазып алыңыз.
"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмедегі" ұсынымдарға сәйкес және 1а нысаны бойынша бизнес үшін шығасыларды монетизациялаңыз және есептеңіз.


Пайда

Шығасылар

Енгізуге ұсынылатын реттегіш
құрал/талап



1б нысаны бойыншаәкімшілендіруге арналған шығасылар



Қолданыстағы реттегіш құрал/талап



1б нысаны бойынша әкімшілендіркге арналған шығасылары



Жиыны



5-ҚАДАМ: Бағалау және мониторинг индикаторлары

"Проблеманың болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер" деген 1-қадамның 2-тармағында көрсетілген деректерді ескере отырып, индикаторларды анықтаңыз

1-индикатор


2-индикатор


3-индикатор


4-индикатор


Цифрлық өлшемде осы индикаторларды көрсетіңіз

1-индикатор


2-индикатор


3-индикатор


4-индикатор


Мониторинг жүргізу әдістерін көрсетіңіз (мемлекеттік статистика немесе ведомстволық деректер базасында статистикалық талдау, әлеуметтік сауалнамалар, сараптамалық сұхбат.)

1-индикатор


2-индикатор


3-индикатор


4-индикатор


Реттегіш құралды қайта қараудың ұсынылатын мерзімі


6-ҚАДАМ: Өзін-өзі реттеуді енгізу
* міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген жағдайда толтырылады

6.1 Өзін-өзі реттеудің оңтайлы құрылымын таңдау

Қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақ қағидатын негізге ала отырып, міндетті өзін-өзі реттеу ұйымы (бұдан әрі – ӨРҰ) енгізілетін қызмет саласын таңдаудың негіздемесі.


Өзін-өзі реттеуді жылдар бойынша соңғы 5 жылға бөле отырып, енгізу жоспарланған, жұмыс істеп тұрған кәсіби немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің саны.


Міндетті ӨРҰ енгізілетін қызмет саласының ұштасуын, мемлекеттік функцияларды іске асырумен ұштасуын не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттілігін негіздеу.


Нарықтың міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуге дайындығын талдау (еркін нысанда толтырылады).


Өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қойылатын талаптарды қамтитын техникалық регламенттердің, стандарттардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің тізбесі.


Қауымдастық (одақ), қоғамдық ұйым нысанында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы әрекеттегі коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде соңғы 5 жылда жылдар бойынша бөле отырып, талданатын салада өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізбесі, орналасқан жері


Әр жұмыс істеп тұрған коммерциялық емес ұйым немесе өзін-өзі реттейтін ұйым бойынша:
талдау жүргізу кезінде осындай коммерциялық емес ұйымның құрамына кіретін субъектілер санын, осындай коммерциялық емес ұйымның, өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері талдау саласындағы нарықта өндірілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы санынан өндірілген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемін көрсету қажет


6.2 Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы ұсынылатын реттеудің нәтижелілігін болжау

Реттеу нәтижелігін бағалаудың 5 балдық жүйесі
5 – қаралатын саладағы / аядағы қызметтің барлық спектрін қамту қамтамасыз етіледі; қоғам тарапынан өзін-өзі реттейтін ұйымның саланы/аяны реттеуді және белгіленген стандарттар мен ережелердің сақталуын бақылауды дербес қамтамасыз ету қабілетіне сенім байқалады; шағымдар мен қақтығыстарды қарастырудың механизмдері бар; өңірлерде байланыс тізбегі бар.
Қарастырылып отырған салада/аяда мүшелігі міндетті жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар бар.
4 – қаралатын саладағы/аядағы қызметтің барлық спектрін қамту қамтамасыз етіледі; қоғам тарапынан өзін-өзі реттейтін ұйымның саланы/аяны реттеуді және белгіленген стандарттар мен ережелердің сақталуын бақылауды дербес қамтамасыз ету қабілетіне сенім байқалады; шағымдар мен қақтығыстарды қарастыру тетіктері бар; өңірлердегі байланыс жартылай.
Қарастырылып отырған салада/аяда мүшелілігі міндетті жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар бар.
3 – қаралатын саладағы/аядағы қызметтің барлық спектрін қамту қамтамасыз етіледі; өзін-өзі реттейтін ұйымның саланы/аяны реттеуді дербес қамтамасыз етуі және белгіленген стандарттар мен ережелердің сақталуын бақылау мәселелері қалыптасу сатысында; шағымдар мен қақтығыстарды қарастыру тетіктері бар; өңірлерде байланыс жоқ.
Қарастырылып отырған салада/аяда мүшелілігі міндетті жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар бар.
2 – қаралатын саладағы/аядағы қызметтің барлық спектрін қамту жартылай; өзін-өзі реттейтін ұйымның саланы/аяны реттеуді дербес қамтамасыз етуі және белгіленген стандарттар мен ережелердің сақталуын бақылау мәселелері қалыптасу сатысында; шағымдар мен қақтығыстарды қарастырутетіктері бар; өңірлерде байланыс жоқ.
Қарастырылып отырған салада/аяда мүшелілігі міндетті жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар бар.
1 – қаралатын саладағы/аядағы қызметтің қамту жартылай; өзін-өзі реттейтін ұйымның саланы/аяны реттеуді дербес қамтамасыз етуі және белгіленген стандарттар мен ережелердің сақталуын бақылау мәселелері қалыптасу сатысында, шағымдар мен қақтығыстарды қарастыру тетіктері жоқ; өңірлерде байланыс жоқ.
Қарастырылып отырған салада/аяда мүшелілігі міндетті жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар бар.

6.3 Нәтижелілігі бойынша рейтинг

Нәтижелілік балы (5 балдық жүйе)

Тиісті балл беруді түсіндіру

1-балама
Екі және одан көп, нақты саны көрсетіледі __________(қолданыстағылар базқасында)



2-балама
Өзге өзін-өзі реттейтін ұйым (мысалы, бірнеше жұмыс істеп тұрған өзін-өзі реттейтін ұйымдарды біріктіре отырып біреуін құру және басқалары).



6.4 Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның архитектурасы

Міндетті ӨРҰ-ға мүшелілігі:
Заңды тұлғалар/жеке тұлғалар


Кәсіби қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың мүшелілігін таңдау кезінде, оған сәйкес жеке тұлғаның осы құқығы көзделген нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі


7-ҚАДАМ: Заңды жауапкершілікті енгізу

7.1. Құқықтық жауапкершілік шараларының жазалаушы сипатына жол бермеу

7.1.1. Санаттар бөлінісіндегі кірістер көлемі:
шағын кәсіпкерлік субъектісі –
орта кәсіпкерлік субъектісі –
ірі кәсіпкерлік субъектісі –


7.1.2. Заңды жауапкершілік енгізілетін салалардағы кәсіпорындардағы және (немесе) кәсіптер бөлінісіндегі орташа жалақы –


7.2. Заңды жауапкершілік мөлшерінің ақылға қонымды қатынасы

Қолданыстағы заңды жауапкершілік пен мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының түрлері


7.3. Әкімшілік айыппұлды есептеу және оның негіздемесі

Ұсынылатын айыппұл мөлшері:
шағын кәсіпкерлік субъектісі-
орта кәсіпкерлік субъектісі-
ірі кәсіпкерлік субъектісі –
лауазымды тұлға –


Ұсынылған айыппұл мөлшерінің негіздемесі


      Қолы ____________ күні 20__ жылғы"___" ________

      1а нысаны. Мемлекеттік органдар үшін реттеуді әкімшілендіруге арналған шығасыларды есептеу (монетизация)

      1-балама – Ағымдағы жағдайды сақтау

      Баламаны пайдалану қандай іс-әрекеттерді көздейді?

      Егер балама бірнеше мемлекеттік органның жұмысын болжаса, 1-кесте мемлекеттік органды көрсете отырып, олардың әрқайсысы бойынша жеке толтырылады.

1-кесте

Жылына жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Есептілікті алу және талдау

х

х

Тексерулер жүргізу

х

х

Рұқсат беру

х

х

Бақылаудың өзге де нысандары (айқындау)

х

х

5 жыл үшін жиыны

х

х

      Балама жаңа мемлекеттік органды немесе жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін құруды көздей ме жоқ па

      Иә ____ Жоқ____ Х__

      Егер иә болса - жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланған жылдық бюджетін анықтаңыз ____ х5 = _____

      1б нысаны. Бизнес үшін шығасыларды есептеу (монетизация)

      Баламаны пайдалану қандай реттеушілік әрекеттерді көздейді?


Иә

Жоқ

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындар



Тәуелсіз сараптамалар, бағалау, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттігі



Мемлекетке мерзімді есептілік (немесе есептілікті ұлғайту)



Мамандандырылған мемлекеттік тексерулер субъектісіне айналу (немесе қолданыстағы тексеру режимін немесе санкцияларды қатаңдату)



Мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу


-

Өзгесі (айқындау)






      Реттеу субъектісінің бір орташа статистикалық кәсіпорнына арналған шығасыларды есептеу

1-кесте

Бір жолғы инвестициялар

Техникалық қызмет көрсетуге, күтіп-ұстауға арналған шығыстар (бір жылда)

Жиыны

Өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайларды, зертханаларды өзгерту, персоналды оқыту


0

0

5 жыл ішіндегі шығыстар

0

0

0

2-кесте

Сараптамалар мен қорытындыларға арналған шығыстар

Үшінші тұлғалардың мерзімді қызмет көрсетуі (жылына)

Жиыны

Тәуелсіз сараптамалар, бағалау, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттігі




5 жыл ішіндегі шығыстар




3-кесте

Мемлекеттік баждар

Жылына жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерін біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Мемлекетке мерзімді есеп беру




5 жыл ішіндегі шығыстар




4-кесте

Баға тексерушілермен жұмыс істеуге арналған жұмыс уақытының шығындары (адам күндерін біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жылына ықтималды айыппұл санкциялары (айыппұл бағасы оны салу ықтималдығына көбейтіледі)

Жиыны

Мемлекеттік тексерулер (балама бойынша мамандандырылған)




5 жыл ішіндегі шығыстар




5-кесте

Мемлекеттік баждар, құжаттар үшін басқа да тікелей төлемдер

Оларды алуға арналған жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерін біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Рұқсаттарды, өзге де мемлекеттік құжаттарды алу




5 жыл ішіндегі шығыстар




6-кесте

Өзін-өзі реттейтін ұйымды құруға байланысты шығындар

Өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адамның күндерін біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету

Жиыны

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізуге байланысты шығындар





5 жыл ішіндегі шығыстар





7-кесте

Жылына жарналардың сомасы

Сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға арналған жұмыс уақыты шығындарының бағасы (адам күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды енгізуге байланысты шығасылар




5 жыл ішіндегі шығыстар




      1-5-кестелердің деректері (5 жыл ішіндегі шығыстар "Жиыны" бағадарында) ___ теңге қосылады.

      Осы шама осы баламаның субъектілері болып табылатын кәсіпорындардың (кәсіпкерлік субъектілерінің) санына көбейтіледі ________теңге.

      Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме.

      Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:

      1-ҚАДАМ: Проблеманы анықтау және реттеу мақсаттары

      Шешім қабылдауды оңтайландыру реттеушілік әсерді талдаудың басты міндеті болып табылады. Реттеу дизайны проблеманы, себеп-салдар байланысын және реттеу субъектілерін анықтаудан басталады.

      Мәселенің ауқымын растайтын мәліметтерді жинауға ерекше назар аударған жөн.

      Деректерді жинау, талдау және бағалау келесі кезеңдерден тұрады:

      ақпарат жинауды жоспарлау;

      деректердің дұрыстығын талдау;

      ақпарат алудың белсенді әдістері: әлеуметтік сауалнамалар, сараптамалық сұхбаттар, қоғамдық пікірталастар.

      Бұл ретте ақпарат көздері мыналардан құралуы мүмкін:

      ведомстволық статистика деректері;

      тәуелсіз зерттеушілер жүргізетін зерттеулердің (мониторингтердің) нәтижелері;

      ғылыми және талдамалық материалдар;

      қоғамдық талқылау барысында алынатын деректер;

      ашық дереккөздерде жарияланған сарапшылардың пікірлері;

      азаматтар мен кәсіпкерлердің өтініштері (мемлекеттік билік органдарына тікелей өтініштер, бизнес-қауымдастықтарға өтініштер);

      бизнес-қауымдастықтардың деректері;

      компаниялардың әлеуметтік сауалнамалары мен іріктемелі зерттеулерінің нәтижелері (ашық қолжетімділіктегі ақпарат, билік органдарының тапсырысы бойынша зерттеулер), сараптамалық сұхбаттар;

      шетелдік ұйымдар мен авторлардың талдамалық және ғылыми материалдары.

      Проблемаларды анықтау және мақсат қою кезінде мемлекеттік интервенция нәтиже емес, өнім екенін түсіну керек. Өнім нәтижеге әсер етеді, алайда нәтижеге басқа да факторлардың әсер етуі мүмкін. Бұл – бақыланбайтын және әсер етуі мүмкін емес факторлар.

      Проблема ағымдағы ахуалдың өзгерістерін көрсете отырып, барынша нақты және қысқа (3 сөйлемнен артық емес) тұжырымдалуы тиіс. Бұл ретте реттеуші ұсынған реттеу әсер ететін мақсатты топты ескеру қажет.

      Проблеманы белгілеу неғұрлым кең болса, мақсат соғұрлым кең, мақсатқа қол жеткізбеу ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады. Сондықтан проблеманы шешу кезінде проблеманы себеп-салдар байланысы арқылы тарылту қажет.

      Проблеманы себеп-салдар байланысы арқылы анықтаған кезде мыналарды ескеру қажет:

      зиян келтіру жағдайлары, зиянды өтеу проблемалары туралы деректердің болуы;

      келтірілген зиянның мөлшері туралы деректердің болуы (ақшалай мәнде);

      азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қолданыстағы заңнаманың бұзылуының болуы (бұзушылықтардың саны, бұзушылықтардың санаттары);

      іс-әрекеттерді, функцияларды орындаудың мүмкін еместігі туралы деректердің, оның ішінде шығындарды, жіберіп алған пайданы, тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін өндірудің және т. б. деректері мен бағалауының болуы;

      құқықтық сипаттағы мәліметтер, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның толықтығы мен сәйкестігін бағалау;

      мүдделі тұлғалар мен сарапшылардың проблеманың болу себептері туралы пікірлерін қамтитын ақпарат;

      проблеманың адамдардың белгілі бір топтарына әсерін растайтын деректердің болуы.

      Реттеу мақсаттары қойылған проблемаға сәйкес келуі және реттеуді енгізу жолымен қол жеткізу жоспарланатын сандық көрсеткіштерді қамтуы тиіс.

      Реттеу мақсаттары қағидаттарды ескере отырып айқындалады:

      нақты, өлшенетін, қол жетімді, шыншыл, икемді және/немесе уақыт бойынша анықталған.

      Дұрыс қойылған мәселе нақты мақсаттарды анықтауға және оны шешудің ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.

      2-ҚАДАМ: Реттеуді анықтау

      Туындаған проблеманы шешу мүмкін болатын реттегіш құралдар және (немесе) енгізуге ұсынылатын талаптар таңдалады. Олар таңдауды негіздеу үшін реттеушілік әсерді талдау процесінде ескеріледі.

      Осы Қағидалардың 2-параграфының 9-тармағына сәйкес талап енгізілген жағдайда, алып тасталатын талапты осы талаптар шеңберінде көрсетілген құқықтық актінің деректемелерін көрсете отырып, тиімсіздіктің белгіленген өлшемшарттары шеңберінде реттеу мақсатын және алып тастау себептерін көрсете отырып сипаттау қажет.

      3-ҚАДАМ: Іске асыру тетіктері және ықтимал тәуекелдер

      Реттеушілік әсерді талдауды әзірлеуші әсер етудің тікелей де, жанама да болуы мүмкін абайсызда жасалған әсерлерін ескере отырып, реттегіш құралды және (немесе) талапты қолданудан болуы мүмкін тәуекелдерді айқындауы қажет.

      Сондай-ақ реттегіш құралды және (немесе) талапты іске асырудың мерзімдері мен кезеңдерін ескере отырып, оны іске асыру тетігін сипаттау да маңызды.

      4-ҚАДАМ: Пайда мен шығыстарды салыстырмалы талдау.

      Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың пайдасы мен шығасыларын талдау елеулі рөл атқарады. Реттеушілік әсерді талдауды әзірлеуші тікелей де, сол сияқты жанама да әсерді ескере отырып, реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қолданудан түсетін пайдалар мен шығасыларды айқындауы қажет.

      Реттегіш құралдар және (немесе) талаптар кәсіпкерлерге, тұтынушыларға, жұмыскерлерге, басқа да әлеуметтік топтарға, жалпы экономикаға, жалпы қоғамға және мемлекетке ықпал етуі мүмкін.

      Шығасыларды есептеу кезінде әзірлеуші статистикалық деректердің негізінде мынадай пайданы/шығасыларды міндетті түрде есептеуі маңызды:

      өндіріс көлемін (қуатын);

      кәсіпорын қызметкерлерінің санын;

      жылдық орташа табысты;

      салықтық түсімдер көлемі;

      кәсіпорындар (шағын, орта және ірі бизнес) қызметкерлерінің жалақысын;

      мемлекеттік сатып алудағы шағын және орта бизнестің үлесін;

      нақты және ақшалай мәндегі экспорт көлемін және тағы басқаларын.

      Шығасылардың ауқымын бағалау немесе басқаша айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаншасы осы реттеуді сақтауы қажет және бұл ретте олар қандай шығасыларға (өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайларды, зертханаларды өзгерту, персоналды оқыту, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындар) ұшырайды деген сұраққа жауап беру.

      Мысалы, мемлекетке мерзімді есептілікті ұсыну немесе есептілікті ұлғайту бойынша шығасыларды есептеу кезінде барлық болжамды шығындарды, оның ішінде есептілікті электрондық түрде ұсынған жағдайда есептерді дайындау үшін қажетті бағдарламалық жасақтаманы сатып алу бойынша шығындарды ұсыну қажет. Бақылау іс-шараларын жүргізуге шығындар болған жағдайда, бақылаудың қандай нысаны енгізілетінін және бақылау нысанына байланысты тексерушілермен жұмыс істеу үшін жұмыс уақытының шығындары, ықтимал айыппұлдар есептелуі керек екенін көрсету керек.

      Сонымен қатар шағын, орта және ірі бизнеске әсерінің тепе-теңдігін ескере отырып, шығасылардың салыстырмалы әсерін, ұсынылып отырған реттегіш құрал және (немесе) талап тыйым салу немесе жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды айқындау, жұмыс сағаттарын, үй-жайдың мөлшерін және өзгелерін белгілеу сияқты шаралар арқылы жеке кәсіпкерлік субъектісінің коммерциялық қызметін шектей ме, жоқ па екенін қарау қажет.

      Бизнестің пайдасы мен шығасыларын есептеуге арналған формулалардың мысалдары:

      өндірістік мақсаттарға арналған ресурстар шығысы:

      Pm= S NmiKm (Qi + Qmi) - мұндағы Pm – ресурстың m-ші түріне қажеттілік; Nmi – өнімнің i-ші түрінің бірлігіне ресурстың m-ші түрінің шығыс нормасы; Km – талдау барысында анықталған ресурстардың i-ші түрінің базалық шығыс нормаларын төмендету резерві; Qi – өнімнің і-ші түрін өндірудің жоспарлы көлемі; Qmi – аяқталмаған өндірістегі i-ші өнім санының жоспарлы өсімі.

      Материалдық шығындарды төмендетуден үнемдеу:

      Эм = (Р0 – Р1) Б К1

      мұнда Р0 және Р1 – реттеу енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін өнім (көрсетілетін қызмет) бірлігін өндіруге арналған ресурстар шығысы; Б – ресурстар бірлігінің бағасы; К1 – реттеу енгізілген кезден бастап шығарылатын өнім бірліктерінің саны.

      Еңбекке ақы төлеу шығындарын үнемдеу:

      Эт = (Т0З0 – Т1З1К1 + В/100) + Кn Зm

      мұндағы Т0 және Т1 – қалыпты сағаттардағы өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы; З0 және З1 – қызметкерлердің орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемесі; В – жалпы сомадағы қосымша жалақының үлесі (%-бен); К1 – өнім бірліктерінің саны; К n – босатылатын қызметкерлердің саны; Зь – олардың жалақысы.

      Алынған шама саладағы реттеу субъектілері болып табылатын шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің санына көбейтіледі.

      Сондай-ақ есептеулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 125 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғыы 30 маусымда № 32985 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларына сәйкес жүргізуге болады.

      Пайда реттегіш құралды және (немесе) талапты қолдану нәтижесінде халықтың әл-ауқатын жақсарту түрінде айқындалады. Бұдан басқа, мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде болдырмауға болатын шығасылар да пайда болып саналады.

      Сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін пайдаларда да реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізгенге дейін және одан кейін мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің көлемін көрсетіңіз.

      Егер реттегіш құрал және (немесе) талап жаңа мемлекеттік органды не жұмыс істеп тұрған органның жаңа құрылымдық бөлімшесін құруды көздесе, жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланған жылдық бюджетін айқындау қажет.

      5-ҚАДАМ: Бағалау және мониторинг индикаторлары

      Реттеушілік әсерге талдау жүргізудегі маңызды кезең – бағалау индикаторларын айқындау. Реттеу мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу процесі бағалау индикаторларының қаншалықты дұрыс анықталғанына байланысты болады. Бұл ретте мақсаттарға қол жеткізуді өлшеу мерзімділігіне назар аударған жөн.

      Индикаторлар өлшенетін шамалар болып табылады. Индикаторлар, әдетте реттеуді орындаудағы проблемаларды, міндеттерді немесе шығасыларды өлшейтін деректерге негізделеді. Әрбір ұсынылатын реттегіш құрал және (немесе) талап бойынша міндеттер мен шығасылар бойынша индикаторлардың аз санын іріктеу өте маңызды. Осы индикаторлар реттегіш құралдың және (немесе) талаптың негізгі мәнін және оның неғұрлым елеулі әсерін көрсетуі, қолжетімді және кезең-кезеңімен өлшенетін болуы қажет.

      Бағалау индикаторларының жалпы түрлері:

      сандық индикаторлар: олар белгіленген сандық мәндерде тікелей өлшеу арқылы көрсетіледі (мысалы, бір жылдағы созылмалы респираторлық аурулардың салдарынан болатын өлім саны);

      сапалық индикаторлар: олар жанама өлшенетін аспектілер арқылы көрсетіледі, мысалы, көзқарастар, бір нәрсе туралы болжамдар (мысалы, әлеуметтік сауалнама деректері);

      тікелей индикаторлар: олар тапсырмалар мен шығындарға қатысты айнымалыларды тікелей өлшейді;

      жанама индикаторлар: егер тікелей айнымалы мәнді өлшеу өте қиын болса, егер мұндай өлшеу айтарлықтай шығындарды, уақытты немесе күрделі есептеулерді қажет етсе, олар тікелей айнымалы алмастырғышты өлшейді.

      6-ҚАДАМ: Өзін-өзі реттеуді енгізу.

      Олар арқылы мәселені шешуге болатын кемінде 2 балама таңдалады. Олар проблеманы шешу үшін ең жақсы болып табылатын баламаны таңдауды негіздеу үшін реттеушілік әсерді талдау процесінде ескеріледі.

      Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін саланың өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесін талдау нарықтың дайындық дәрежесін міндетті түрде ескере отырып жүргізіледі. Ол үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нарықтың міндетті өзін-өзі реттеуді енгізуге дайындығы туралы қорытындысын (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) қоса беруі қажет.

      7-ҚАДАМ: Заңды жауапкершілікті енгізу.

      Бұл қадам заңдық жауапкершілік енгізілген немесе қолданыстағы заңдық жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы міндетті талаптарына қатаңдатылған жағдайларда толтырылады.

  Реттеушілік әсерді
  талдауды жүргізу және
  пайдалану қағидаларына
  3-1 қосымша

Реттеуші актіні талдаудың талдамалық нысаны

      Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Құқықтық актінің жобасы бойынша жалпы ақпарат

Р/с

Атауы

Реттеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Реттеуші актінің атауы

_______________________
(реттеуші актінің атауы көрсетіледі)

2.

Міндетті талаптарды және/немесе реттегіш құралдарды қамтитын реттеуші актінің баптары (тармақтары)

_______________________
(баптың нөмірі мен атауы көрсетіледі)

3.

Реттегіш құралдарды және/немесе бұрын реттеушілік әсерді талдау рәсімдері жүргізілген талаптарды
* Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия талаптары мен хаттамасын көрсету

 
_____________________
(реттегіш құралдары және/немесе талаптар көрсетіледі)

4.

ЭҚЖЖ жіктеуішіне сәйкес актіні реттеу саласы*

_______________________
(бір уақытта бірнеше сала көрсетілуі мүмкін)

5.

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілетін қызмет саласы
* ӨРҰ болған кезде толтырылады

_______________________
(міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде толтырылады)

6.

Әзірлеуші-орындаушының байланыс ақпараты


      *ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      *ӨРҰ – өзін-өзі реттейтін ұйым

Тиімділікті бағалау, оның ішінде реттеуші актінің мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу

1-ҚАДАМ: Реттеу мәселесі мен мақсаты

Реттеу енгізілген мәселені сипаттаңыз (мәселенің бар екендігін дәлелдейтін цифрлық деректерді көрсете отырып)


Нысаналы топ


Реттеудің мақсаты қандай болды


2-ҚАДАМ: Реттеуші актінің нақты әсерін анықтау
** барлық көрсеткіштер ЭҚЖЖ сәйкес есептеледі

Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін сипаттаңыз
* тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу бойынша түсіндірмені қарау



Реттегіш құралдар және (немесе) реттеуші актінің талабы

Міндетті талаптарды және/немесе реттеуші құралдарды қамтитын реттеуші актінің тармағы мен бабының нөмірленуі, бабының атауы


Міндетті талаптарды және/немесе реттегіш құралдарды қамтитын реттеуші акті бабының мазмұны


Талаптың және/немесе реттегіш құралдардың нақты салдарының сипаттамасын еркін түрде жүргізіңіз


тізілімге сәйкес реттеуші актіні қайта қарау кезеңіне

пайдасы

шығындар

Халық (халықтың кірістері мен шығыстары; өмір сүру және кедейлік деңгейі; жұмыссыздық деңгейі және басқалар)



Мемлекет (мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі)



Бизнес (кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорындардың рентабельділігі мен тұрақтылығына, оның ішінде инновациялар мен дамуға әсері және т.б.)



Бизнес субъектілерінің шығындарын есептеу (табыс табу)
* тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі түсіндірмені қараңыз


тізілімге сәйкес реттеуші актіні қайта қарау кезеңіне

өндіріс құралдарына инвестициялар, үй-жайларды, зертханаларды өзгерту, персоналды оқыту, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындар


тәуелсіз сараптамалар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану


мемлекетке мерзімді есеп беру


мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттар алу


мемлекеттік органдардың бақылау іс-шаралары бойынша


Өзгелері


3-ҚАДАМ: реттеуші актінің нәтижелілігі мен тиімділігі

Реттеуші акт қол жеткізуге бағытталған нәтижелілік пен тиімділік индикаторларының өзгеру серпінін бағалау

Индикатор

Тізілімге сәйкес реттеуші актіні қайта қарау кезеңіне

1. Шағым саны


2. Бақылау іс-шара саны


3. Берілген рұқсат құжаттарының және берілген хабарламалардың саны


4. Қабылданған ақпараттық құралдардың саны (бизнестің есептілігі және өзгелер)


5. Реттеу құралдары және (немесе) талаптары бар нормаларды бұзу фактілері


6. Әкімшілік бұзушылық саны


7. Айыппұлдардың жалпы сомасы


8. Бюджетке түсетін түсімдер бойынша ақпарат


……(өзге)


4-ҚАДАМ. Реттеуші актіні талдау қорытындылары

Реттеуші мемлекеттік органның шешімі (күшін жою; өзгерту; өзгеріссіз қалдыру)


Қабылданған шешімнің негіздемесі


Реттеуші актіні қайта қарау мерзімі (жыл және ай)


Тиімділікті бағалау жөніндегі нысанды толтыру, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу бойынша түсініктеме

      Тиімділікке бағалау жүргізу, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу кезінде талдамалық нысан мынадай қадамдар бойынша толтырылады:

      1.1-қадам: реттеу мәселесі мен мақсатын анықтау

      Мәселені және оның өзгеру ауқымын айқындау кезінде реттеу актісі қабылданғанға дейін талдауға жататын цифрлық деректерді (зиян келтіру жағдайлары, зиянды өтеу проблемалары туралы деректер; келтірілген зиянның мөлшері туралы деректер (ақшалай түрде); азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, қолданыстағы заңнаманың бұзылуы (бұзушылық саны, бұзушылық санаты) ескерілуі қажет; іс-әрекеттерді, функцияларды орындаудың мүмкін остігі туралы деректер, оның ішінде шығындар, жоғалған пайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерінің толық өндірілмеуі туралы деректер мен бағалау; құқықтық сипаттағы мәліметтер, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның толықтығы мен дәйектілігін бағалау; проблеманың болу себептері туралы мүдделі тұлғалар мен сарапшылардың пікірлерін қамтитын ақпарат; проблеманың адамдардың белгілі бір топтарына әсерін растайтын деректер).

      "Нысаналы топ" бөлімінде тізілімге сәйкес реттеу актісін қайта қарау сәтіндегі мүдделі тұлғалар және нысаналы топтың сандық көрсеткіштері көрсетіледі. Мыналар мүдделі тұлғалар тобына кіруі мүмкін:

      белгіленген реттеушілік мазмұнына байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілері;

      мемлекеттік органдар;

      коммерциялық емес ұйымдар;

      өзгелер.

      Реттеудің мақсаты реттеуші акт қабылданғаннан кейін қол жеткізілген көрсеткіштерді көрсете отырып, қойылған проблеманы ескере отырып сипатталады.

      2-ҚАДАМ: Реттеуші актінің нақты әсерін анықтау

      Бұл қадам үш бөлімнен тұрады.

      БІРІНШІ БӨЛІМ ресми статистика деректеріне сәйкес жүргізілетін бизнес субъектілері үшін реттеу актісін қайта қарау кезіндегі нақты салдарлардың сипаттамасын қамтиды.

      Мемлекеттік орган/әзірлеуші-орган міндетті түрде мынадай көрсеткіштер бойынша статистикалық деректерге салыстырмалы талдау жүргізуі қажет:

      жұмыс істеп тұрған субъекті саны,

      субъектілердің өнім шығаруы,

      жұмыспен қамтылған адам саны.

      Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның сайтында салалардың ресми статистикасы бөлімінде көрсетілген деректерді пайдалана отырып https://stat.gov.kz/. заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері талданады.

      Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау нәтижесінде реттеуші мемлекеттік орган реттеуші актінің талаптарын орындау кезеңінде осы көрсеткіштердің өзгерістерін анықтайды.

      Негізгі көрсеткіштердің оң серпіні кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.

      Екінші бөлімде реттеушілік актінің бабы тармағының нөмірленуін және олардың мазмұнын көрсете отырып, реттеушілік құралдарды және (немесе) бизнеске қатысты талаптарды айқындау және реттеушілік актіні халыққа, мемлекетке және бизнеске қайта қарау сәтіндегі нақты салдарларға талдау жүргізу қажет.

      Үшінші бөлімде кәсіпкерлік субъектілері үшін шығындарды салыстырмалы талдау әрбір реттеуші құрал және (немесе) енгізу кезінде шығындар болжанған реттеуші актінің талабы бойынша жүргізіледі.

      Егер реттеуші құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы бизнес субъектілері үшін шығындардың туындауын көздемеген жағдайда, осы реттеуші құрал және (немесе) талап бойынша талдау талап етілмейді. Шығындарға салыстырмалы талдау жүргізу қажеттілігі реттеуші актіні әзірлеу кезінде алдыңғы талдауда көрсетілген деректерді ескере отырып айқындалады. Бұл ретте реттеушілік актіні қайта қарау кезінде туындаған уақытша және қаржылық шығындар қаралады.

      Реттеуші мемлекеттік орган міндетті түрде реттеуші актіні қайта қарау кезінде туындаған және бизнес субъектісінің мынадай іс-әрекеттеріне байланысты шығындарды талдайды:

      өндіріс құралдарына (жабдықтарды, аспаптарды, коммуникация құралдарын, технологияларды және тағы басқа сатып алу), үй-жайларды сатып алуға немесе жалға алуға, зертхана құруға, персоналды оқытуға, өзге де қажетті әкімшілік емес шығындарға инвестиция салу қажеттілігі;

      үшінші тұлғаларды, ұйымдарды тарта отырып, сараптамалар, бағалаулар жүргізу, қорытындылар алу қажеттілігі;

      мемлекетке мерзімді есептілікті қағаз немесе электрондық форматта ұсыну қажеттілігі;

      мемлекеттік органдардан лицензиялар, рұқсаттар, анықтамалар немесе басқа да ілеспе құжаттарды алу қажеттілігі;

      мемлекеттік органдардың бақылау іс-шаралары барысында жұмыстарды жүргізу қажеттілігі.

      Мысалы, егер реттеуші құралды және (немесе) реттеуші актінің талаптарын орындау жабдықты, өлшеу құралдарын, өндірістік алаңдарды және тағы басқа сатып алуды көздесе, онда есептеулер бір кәсіпорынның шығындарын ескере отырып жүргізіледі. Шығындардың жалпы сомасы ЭҚЖЖ сәйкес бір кәсіпорынның шығындарын бизнес субъектілерінің санына көбейту жолымен қосылады.

      Егер бұрын реттеу құралы және (немесе) реттеу актісінің талаптары шеңберіндегі шығындарды талдау жүргізілмеген жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган ведомствоның өзі жүргізген зерттеулер, әлеуметтанулық сауалнамалар, сараптамалық сұхбаттар, халықаралық ұйымдардың зерттеулері (мониторингтері), ғылыми жарияланымдар, бизнес- қауымдастықтардың талдамалық материалдары және тағы басқа барысында алынған деректерге талдау жүргізуі тиіс.

      Бұдан басқа, реттеуші әзірлеуші-органға осы бөлімде көрсетілмеген шығындардың басқа түрлерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.

      3-ҚАДАМ: реттеуші актінің нәтижелілігі мен тиімділігі

      Реттегіш актінің нәтижелілігі реттеуші актіні қайта қарау сәтінде талдау кезінде көрсетілген индикаторларды мониторингтеу жолымен айқындалады.

      Міндетті түрде Талдамалық нысанға сәйкес реттеуші мемлекеттік орган көрсетілген индикаторларды сандық өлшемде сипаттайды. Бұл ретте реттеуші мемлекеттік орган тізбені проблеманың өзгеру ауқымын өлшеу және реттеуші актіні қабылдау мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті нақты және цифрлық өлшемдегі индикаторлармен толықтыра алады.

      Реттегіш актінің нәтижелілігі мен тиімділігі заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау, талаптың және/немесе реттеуші құралдардың халыққа, мемлекетке және бизнеске әсер етуінің салдарын нақты талдау, әрбір реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің (бар болса) талабы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын талдау, индикаторлар мониторингісінің қорытындысы бойынша айқындалады.

      Осы қадамның қорытынды бөлігінде реттеуші мемлекеттік орган міндетті түрде талдамалық нысанда негіздемесімен реттеуші актінің күшін жою (күші жойылды деп тану)/өзгерту және (немесе) толықтыру/өзгертусіз қалдыру туралы өзінің шешімін көрсетеді.

      Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) реттеуші актіде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау

Р/с №

Шарттың атауы

Шарттарға сәйкестікті бағалау сипаттамасы

Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың шарттарға сәйкестігін бағалау бойынша балдарды айқындау

1.

Негізділік

1) қызметтің (процестің, іс-қимылдың) қандай түрінің қауіпсіздігі реттеуші құралмен және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабымен қамтамасыз етіледі?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) Осы реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы қандай қауіпсіздікті қамтамасыз етеді?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) 2-сұрақта көрсетілген қызметтің (процестің, іс-қимылдың) көрсетілген түрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы бар ма?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

"0" – "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

2.

Реттеу теңдігі

1) осы реттегіш құрал және (немесе) реттеуші актінің талабы қандай кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) Осы реттегіш құралды қолдану бойынша ерекшеліктер және (немесе) реттеуші актінің талаптары бар ма? Ерекшелік деректерін сипаттаңыз:
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

3.

Ашықтық

1) мемлекеттік органның (сайт, әлеуметтік желілер) ашық ақпараттық ресурстарында реттегіш құралды және (немесе) реттеуші актінің талаптарын жоспарланып отырған енгізу (өзгерту) туралы ақпарат орналастырылған және танысу үшін қолжетімді ме?
____________________ (реттеуші Мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) кәсіпкерліктің мүдделі субъектілерімен, олардың қоғамдық құрылымдарымен, өзге де мүдделі жеке және заңды тұлғалармен реттегіш құралды және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабын – өткізу мерзімдерін, қатысушы санын, негізгі ұстанымдарын енгізуге (өзгертуге, қайта қарауға) ниет білдірген мемлекеттік органның бастамасы бойынша қоғамдық талқылаулар (қажет болған жағдайда – қоғамдық тыңдаулар) өткізілді ме?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" – "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

4.

Орындалуы

1) осындай енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттегіш құралды және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабын іске асырудың халықаралық практикасының болуы:
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) кәсіпкерлік субъектісінің енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеуші құралды және (немесе) реттеуші актінің міндетті талабын (таңдау бойынша) орындау мүмкіндігін талдау:
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" – "сәйкес келмейді"
"1" – "ішінара сәйкес келеді"
"2" – "толық сәйкес келеді"

5.

Сенімділік

1) реттегіш құралдың қолданылуы және (немесе) реттеуші актінің талаптары нақты реттелетін кәсіпкерлік субъектілеріне немесе олардың қызметіне (процесіне, әрекетіне) бағытталған ба?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) міндетті талаптың нақты сандық параметрі бар ма (қажет болған жағдайда)?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) реттегіш құралдың және (немесе) реттеуші акті талабының қосымша түсіндірмесі жоқ па?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

6.

Пропорционалдылық және ұтымдылық

1) барлық мақсатты топтардың барлық артықшылықтары мен шығындары ескерілді ме?
____________________ (реттеуші Мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) енгізілген реттеудің түпкілікті әсері тұрғысынан бизнес шығындары рұқсат етіле ме?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) мемлекеттің мемлекеттік реттеуге жұмсайтын шығыстары болып табыла ма?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
4) енгізілетін (өзгертілетін) реттеуші құрал және (немесе) кәсіпкерлік субъектісіне немесе оның қызметіне (процесіне, әрекетіне) қатысты реттеуші актінің міндетті талабы осындай енгізудің (өзгерістің) ауыртпалығын ескере ме?
____________________ (реттеуші Мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
5) реттегіш құралды талдау (қайта қарау) және (немесе) реттеуші актінің талаптары барысында жаңа (қолданыстағысын өзгертпей), сондай-ақ оның күшін жоймай қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бола ма? Неліктен?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

7.

Жүйелілік және болжамдылық

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес мыналар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатады:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;
4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қандай құжатында реттеуші құралды және (немесе) талаптарды қайта қарау қажеттілігі көзделген?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
2) құжаттарда реттеуші құралды қайта қарауға тікелей нұсқау және (немесе) талаптар болмаған жағдайда, оларды қайта қарау қажеттілігін негіздейтін нормаларды қамтитын осы құжаттардың ережелерін көрсету?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;
3) кәсіпкерлік субъектілеріне енгізілетін (өзгертілетін) реттеуші құралды және(немесе) талаптарды орындауға дайындалуға мүмкіндік беретін мерзімдер белгіленген бе? Көрсетілген сұрақтарға тікелей жауаптың болмауы енгізілетін (өзгертілетін, қайта қаралатын) реттеуші құралдың және(немесе) міндетті талаптың сәйкестігін теріс бағалау болып есептеледі?
____________________ (реттеуші мемлекеттік орган сипаттайды) – 0-ден 2 балға дейін;

0-2
"0" - "сәйкес келмейді"
"1" - "ішінара сәйкес келеді"
"2" - "толық сәйкес келеді"

Реттеу мақсаттарына қол жеткізу деңгейі

Толық қол жеткізілді________
Ішінара қол жеткізілді_________
Қол жеткізілмеді____________
* * мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмеген жағдайда реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес талдамалық нысанды толтырмайды.

Тиімділік ұпайы:
* максималды балл-40
* жеткілікті шегі-30

Реттеуші актінің кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігін айқындау

Р/с №

Қағидаттың атауы

Қағидатты сақтау негіздемесі

Қағидатқа сәйкес келеді/сәйкес келмейді

1.

Заңдылық

___________________________
* Кодекстің 4-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


2.

Кәсіпкерлік еркіндігі

* Кодекстің 5-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


3.

Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі

* Кодекстің 6-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


4.

Меншікке қол сұғылмаушылық

* Кодекстің 7-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


5.

Адал бәсекелестік

* Кодекстің 8-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


6.

Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

* Кодекстің 9-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


7.

Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі

* Кодекстің 10-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


8.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі

* Кодекстің 11-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


9.

Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілетін арттыру

* Кодекстің 12-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


10.

Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы

* Кодекстің 13-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


11.

Кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы және мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара жауапкершілігі

* Кодекстің 14-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


12.

Сыбайлас жемқорлықтан еркін болу

* Кодекстің 15-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


13.

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету

* Кодекстің 16-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


14.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілерді қолдау

* Кодекстің 17-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


15.

Кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу

* Кодекстің 18-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


16.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығаруда қатысуы

* Кодекстің 19-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


17.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру

* Кодекстің 20-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


18.

Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы

* Кодекстің 21-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


19.

Өзін-өзі реттеу

* Кодекстің 22-бабына сәйкес еркін түрде сипаттаңыз


      Қолы ____________

      күні 20__ жылғы "___" ________

  Реттеушілік әсерді
  талдауды жүргізу және
  пайдалану қағидаларына
  3-2-қосымша

Реттеуші актіні талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды

      Ескерту. Қағидалар 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жалпы бағалау параметрлері

Уәкілетті лауазымды адам толтырады

1.

Құқықтық акт бойынша жалпы ақпараттың болуы

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.

Тиімділікті бағалау, оның ішінде реттеуші актіні мемлекеттік реттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу:


2.1.

Мәселе мен реттеу мақсаты анықталған ба?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.2.

Нысаналы топ анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.3

Заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріндегі өзгерістер анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.4.

Талаптың және/немесе реттегіш құралдың іс-әрекетінің нақты салдары анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.5.

Бизнес субъектілерінің шығындарын есептеу жүргізілді ме?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.6.

Реттеуші актінің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау анықталды ма?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.7.

Реттеуші мемлекеттік органның шешімі көрсетілген бе?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.8.

Қабылданған шешім негізделген бе?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

2.9.

Реттеуші актіні қайта қарау мерзімі айқындалған ба

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

3.

Реттегіш құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) реттеуші актіде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізілді ме?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны

4.

Реттеуші актінің кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттарына сәйкестігі айқындалған ба?

Жоқ ___
Иә ___
Пікір орны


Пікірлер, ескертулер мен ұсыныстар


      Қолы ____________

      күні 20__ жылғы "___" ________

  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қоғамдық талқылаулар өткізу туралы есеп

1.

Қоғамдық талқылау: олардың өткізілуі туралы хабардар ету күнін, қоғамдық талқылаулардың басталу күнін көрсетіңіз


2.

Қоғамдық талқылауды өткізу тәсілі (онлайн талқылау, форумдар, кеңестер, сұрау және т.б. арқылы).
Кеңестер, дөңгелек үстелдер, форумдар, сұрау және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде өткізілген күні мен қатысқан адамдардың санын көрсету қажет.


3.

Талқылау кіммен өткізілді (барлық ұйымдарды, оның ішінде мемлекеттік органдарды, қауымдастықтарды, кәсіпкерлерді, қоғамдық бірлестіктерді және басқаларды көрсету).


4.

Алынған пікірлер, ескертулер мен ұсыныстар

Әрбір ұстаным бойынша реттеуші мемлекеттік органның /әзірлеуші органның тиісті шешімімен алынған түсініктемелердің, ескертулер мен ұсыныстардың кестесін, интернет-ресурстағы қоғамдық талқылаулардың хаттамасын және (немесе) қорытындыларын қоса беру қажет

  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарын қайта қарау жоспары

№ р/с

Талаптың атауы

Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне сілтеме

Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес өлшемшарттар

Жауапты құрылымдық бөлімше

Уәкілетті органға реттеушілік әсерді талдау рәсімінің нәтижелерін енгізу мерзімдері

Негіздеме


















































  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қайта қарау тәртібімен реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қамтитын реттегіш актілердің реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысаны

Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың атауы


1-ҚАДАМ: Бағалау және мониторинг индикаторлары:

1.1. Реттегіш құрал және (немесе) талап шешетін мәселені сипаттаңыз


1.2. Қолданыстағы реттеулер үшін-осы реттеуді іске қосқаннан кейін мәселенің өзгеру ауқымын көрсететін деректер бар ма?

Жоқ ___
Иә ___ (оларды сипаттаңыз және олардың шамаларын келтіріңіз)

Мәлімделген индикаторлар

Нақты

1-индикатор

1-индикатор

2-индикатор

2-индикатор

3-индикатор

3-индикатор

4-индикатор

4-индикатор


1.3. Нысаналы топ


1.4. Қолданыстағы реттеулер үшін-реттеудің мақсаты қандай болды?


1.5. Мониторинг жүргізу әдістерін көрсетіңіз (мемлекеттік статистика немесе ведомстволық деректер базасында статистикалық талдау, әлеуметтік сұраулар, сараптамалық сұхбат)


2-ҚАДАМ: Реттегіш құралдың және (немесе) талаптың әсерін айқындау

2.1. Жалпы қоғамға және халыққа әсері
Экономикалық жүйенің келесі элементтерін ескере отырып, жалпы алғанда, экономикалық жүйеге әсер еткен кезде әр реттегіш құралдың және (немесе) талаптың пайдасы мен шығындарының сипаттамасын еркін нысанда жүргізіңіз:
1. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне (экономикалықты қоса алғанда) әсері (халықтың табыстары мен шығыстары, өмір сүру ұзақтығы, кедейлік деңгейі)
2. Экологияға әсері.
3. Тұтынушы таңдауының өзгеруі.
4. Бөлшек сауда бағаларының өзгеруі.
5. Басқасы
"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмедегі" ұсынымдарға сәйкес және 1а нысаны бойынша бизнес үшін шығасыларды монетизациялаңыз және есептеңіз

Қолданыстағы реттегіш құрал / талап

Пайда

Пайда

Енгізгенге дейін

Енгізгенге дейін

Енгізгенге дейін

Енгізгенге дейін





2.2. Бизнеске әсері
Бизнеске әсері
Мыналарды міндетті түрде ескере отырып, еркін нысанда әр реттегіш құралдың пайдасы мен шығыстарының сипаттамасын және (немесе) оның бизнеске әсер етуі кезінде қойылатын талаптарын жүргізіңіз:
Кәсіпорындардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету, кәсіпорындардың кірістілігі мен тұрақтылығына, оның ішінде инновациялар мен дамуына әсер ету және басқалары.
Бұл ретте, мынадай көрсеткіштер (болжамды) бойынша есеп жүргізу қажет:
өнімді өндіру көлемі;
ресурстарға арналған шығындар;
кәсіпорын қызметкерлерінің саны;
орташа жылдық табыс;
салық аударымдары;
кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы;
мемлекеттік сатып алудағы шағын және орта бизнестің үлесі;
экспорт;
басқа.
"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмедегі" ұсынымдарға сәйкес және 1б нысаны бойынша бизнес үшін шығасыларды монетизациялаңыз және есептеңіз

Қолданыстағы реттегіш құрал / талап


Пайда

Шығасылар

Енгізгенге дейін

Енгізгеннен кейін

Енгізгенге дейін

Енгізгеннен кейін

Шағын бизнес субъектілері





Орта бизнес субъектілері





Ірі бизнес субъектілері





2.3 Мемлекеттік билік органдарына және экономикалық жүйеге әсерін тигізу
Міндетті түрде мыналарды ескере отырып, әр реттегіш құралдың және (немесе) оның мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға әсер етуі кезіндегі талаптардың пайдасы мен шығыстарының сипаттамасын еркін нысанда жазып алыңыз:
1. Елдің бюджетіне әсерін ескере отырып (салық түсімдерінің өсуі)
2. Экономикалық, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоса алғанда, қылмысқа ықпалын ескере отырып.
3. Тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалуына, сондай-ақ халықаралық саудаға және халықаралық инвестициялық ағымдарға ықпалын ескере отырып.
4. Экономикалық өсуге арналған жалпы салдары
5. Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына әсері
6. Экономика салаларына және басқасына жанама әсер
7. Басқасы.
"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдаудың талдамалық нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмедегі" ұсынымдарға сәйкес және 1а нысаны бойынша бизнес үшін шығасыларды монетизациялаңыз және есептеңіз

Қолданыстағы реттегіш құрал / талап

Пайда

Шығасылар

Енгізгенге дейін

Енгізгеннен кейін

Енгізгенге дейін

Енгізгеннен кейін





3-ҚАДАМ: Реттегіш құралды және (немесе) талапты қайта қарау қорытындылары

Жүргізілген талдауды ескере отырып, индикаторларды көрсетіңіз


Осы индикаторларды цифрлық өлшемде көрсетіңіз


Мониторинг жүргізу әдістерін көрсетіңіз (мемлекеттік статистикалық немесе ведомстволық деректер базасында статистикалық талдау, әлеуметтік сұраулар, сараптамалық сұхбат және т. б.)


Енгізуге ұсынылатын реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қараудың ұсынылатын мерзімі


  Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу және пайдалану
қағидаларына
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтау туралы қорытынды


Уәкілетті орган толтырады

Бағалаудың жалпы параметрлері

Реттеушілік әсерді талдауды қоғамдық талқылау жүргізілді

Жоқ ___
Иә ___, "___" _________20__ жылғы

Реттеушілік әсерді талдауды әзірлеуде бір немесе бірнеше стандартты қадамдардың болмауы

Жоқ ___
Иә ___ (қадамдар көрсетіледі)

Бастапқы деректер немесе олардың дереккөздеріне тиісті сілтемелер жоқ

Жоқ ___
Иә ___ (реттеушілік әсерді талдаудың қадамдары мен бөліктері көрсетіледі)

Реттеушілік әсерді талдау бөліктерін бағалау

Мәселе және проблеманың себептері анықталды ма

Жоқ ___
Иә ___
Түсініктемелер

Проблеманың болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер келтірілді ме

Жоқ ___
Иә ___
Түсініктемелер

Реттеу мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келе ме? Ол мәселені анықтаумен сәйкес келе ме?

Жоқ ___
Иә ___
Түсініктемелер

Деректердің жоспарланған өзгеруі және осы өзгерістердің уақыт шеңбері ұсынылды ма

Жоқ ___
Иә ___
Түсініктемелер

Ұсынылып отырған реттеуді бағалау және мониторинг индикаторлары айқындалды ма

Жоқ ___
Иә ___ 
Түсініктемелер

Қайта қарау мерзімі анықталды ма

Жоқ ___
Иә ___ 
Түсініктемелер

Түсініктемелер, ескертулер мен ұсыныстар


      Қорытынды: Қолы ____________ күні "___" ________ 20__ жылғы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады