Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 июня 2021 года № 182. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июня 2021 года № 23102

      В соответствии с пунктом 5 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту стратегического планирования и анализа Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
С. Омаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 10 июня 2021 года № 182

Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания за счет бюджетных средств при формировании бюджетной заявки.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) государственное задание – заказ юридическим лицам с участием государства в уставном капитале, организациям, входящим в группу Фонда национального благосостояния, Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан и ее организациям, определяемым Правительством Республики Казахстан, Национальному олимпийскому комитету Республики Казахстан, Национальному параолимпийскому комитету Республики Казахстан, автономному кластерному фонду, международному технологическому парку "Астана Хаб", автономным организациям образования и их организациям, корпоративному фонду "Академия Елбасы", определяемый Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг, реализацию бюджетных инвестиционных проектов и выполнение других задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности и (или) социально-культурного развития государства;

      2) исследования – прикладные, фундаментальные, стратегические научные исследования, осуществляемые субъектами научной и (или) научно-технической деятельности в рамках научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ, надлежащими научными методами и средствами в целях достижения результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      3) консалтинговые услуги – услуги по определению и оценке проблем, возможностей, возникающих в процессе деятельности государственного органа либо по детальному анализу ситуации; по разработке эффективных рекомендаций по коррекции дальнейших действий для повышения финансовой и управленческой эффективности работы (в рамках следующих основных видов услуг: управленческий консалтинг, административно-кадровый консалтинг, финансовый консалтинг, IT-консалтинг, юридический консалтинг, специализированный консалтинг, консалтинг в области обороны, технические консалтинговые услуги) согласно Перечню специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 февраля 2016 года № 13301).

Глава 2. Порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

      3. Стоимость исследований, консалтинговых услуг и государственного задания определяется исходя из суммы прямых, косвенных и накладных расходов по следующей формуле:

      С = ∑ПР+КР+НР, где:

      С – стоимость исследований, консалтинговых услуг и государственного задания;

      ПР – прямые расходы;

      КР – косвенные расходы;

      НР – накладные расходы.

Глава 3. Виды затрат для определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания

      4. При расчете стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания указывается заработная плата всех работников, непосредственно участвующих в выполнении исследовательской работы, по должностям в соответствии со штатным расписанием отдельно по каждому работнику.

      5. К прямым расходам относятся:

      1) заработная плата работников (штатных и внештатных), осуществляющих исследования, консалтинговые услуги и государственное задание;

      2) стоимость услуг привлеченных организаций и экспертов.

      6. К косвенным расходам относятся:

      1) командировочные расходы;

      2) представительские расходы (семинары, круглые столы, переговоры, конференции, рабочие встречи, мастер-классы, кофе-брейк, обед, ужин);

      3) услуги по переводу;

      4) расходы по проведению анкетирования ("полевые" исследования);

      5) расходы на полиграфические услуги;

      6) информационные услуги, необходимые непосредственно для проведения исследований (объявления в средствах массовой информации).

      7. К накладным расходам относятся:

      1) коммунальные услуги (электроэнергия, отопление, водоснабжение и канализация, вывоз мусора);

      2) расходы на содержание и обслуживание здания;

      3) ремонт и обслуживание основных средств;

      4) износ основных средств;

      5) амортизация нематериальных активов;

      6) приобретение материалов (запасные части, горюче-смазочные материалы, комплектующие, канцелярские товары, расходные материалы);

      7) транспортные расходы (аренда транспортных средств);

      8) аренда здания;

      9) услуги связи и интернет;

      10) услуги почты;

      11) банковские услуги;

      12) расходы на полиграфические услуги;

      13) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      14) расходы по страхованию;

      15) заработная плата административно-управленческого персонала.

      Привлечение сторонних организаций и физических лиц для проведения исследований, консалтинговых услуг и государственного задания осуществляется на основе заключения гражданско-правовой сделки со сторонними организациями и физическими лицами.

      Расходы по привлечению сторонних организаций и физических лиц предусматривают расходы на субподряд, и оплату услуг физических лиц, привлекаемых по договорам возмездного оказания услуг.

      Стоимость командировочных расходов (проживание, суточные) определяется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 "О возмещении расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства".

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23102 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2021 жылғы 10 маусымдағы
№ 182 бұйрығымен бекітілген

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын бюджет қаражаты есебінен айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс;

      2) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13301 болып тіркелді) бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

      3. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету мен мемлекеттік тапсырма құны үстеме, тікелей және жанама шығыстардың сомасына сүйене отырып келесі формуламен айқындалады:

      С = ∑ПР+КР+НР, мұндағы:

      С – зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырма құны;

      ПР – тікелей шығыстар;

      КР – жанама шығыстар;

      НР – үстеме шығыстар.

3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау үшін шығыстар түрі

      4. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу нысанында зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір қызметкер бойынша жеке көрсетіледі.

      5. Тікелей шығыстарға:

      1) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді және мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттық және штаттан тыс) жалақысы;

      2) тартылған бөгде ұйымдар мен сарапшылар көрсететін қызмет құны жатады.

      6. Жанама шығыстарға:

      1) іссапар шығыстары;

      2) өкілдік шығыстар (семинарлар, дөңгелек үстелдер, келіссөздер, конференциялар, жұмыс кездесулері, мастер-кластар, кофе-брейк, түскі ас, кешкі ас);

      3) аударма қызметтері;

      4) сауалнама жүргізу бойынша шығыстар ("далалық" зерттеулер);

      5) полиграфиялық қызметтерге шығыстар;

      6) тікелей зерттеулер жүргізу үшін қажетті ақпараттық қызметтер (бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландырулар) жатады.

      7. Үстеме шығыстарға:

      1) коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз, қоқыс шығару);

      2) ғимаратты ұстауға және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар (үй-жайларды жұмыс жағдайында ұстау бойынша жұмыстар);

      3) негізгі құралдарды жөндеу және қызмет көрсету;

      4) негізгі құралдардың тозуы;

      5) материалдық емес активтердің амортизациясы;

      6) материалдарды (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);

      7) көлік шығыстары (транспорт құралдарын жалға алу);

      8) ғимаратты жалға алу;

      9) байланыс және интернет қызметтері;

      10) пошта қызметтері;

      11) банктік қызметтер;

      12) типографиялық шығыстар;

      13) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      14) сақтандыру бойынша шығыстар;

      15) әкімшілік-басқару персоналының жалақысы жатады.

      Зерттеулер, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырма жүргізу үшін бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту бөгде ұйымдармен және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық мәмілесін жасасу негізінде жүзеге асырылады.

      Бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту бойынша шығыстар қосалқы мердігерлікке және өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша тартылатын жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды көздейді.

      Іс-сапар шығыстарының құны (қонақ үйде тұру, тәулікақы) "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен анықталады.