О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 18 "Об утверждении расчета численности интервьюеров и стоимости их услуг при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей по договору возмездного оказания услуг в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан"

Приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 21 октября 2021 года № 25. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 октября 2021 года № 24900

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 18 "Об утверждении расчета численности интервьюеров и стоимости их услуг при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей по договору возмездного оказания услуг в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18095) следующие изменения и дополнения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 8-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" и c подпунктом 59) пункта 17 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Расчете численности интервьюеров и стоимости их услуг при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей по договору возмездного оказания услуг в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан, утвержденный указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Расчет численности интервьюеров и стоимости их услуг при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей по договору возмездного оказания услуг в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан (далее – Расчет) разработан в соответствии с подпунктом 8-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" (далее – Закон).";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящий Расчет применяется Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, а также его территориальными подразделениями при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей (далее – статистическое наблюдение и перепись).";

      дополнить пунктом 21-1 следующего содержания:

      "21-1. При прохождении респондентом национальной переписи населения Республики Казахстан посредством сети интернет в онлайн режиме и при наличии у него уведомления о прохождении национальной переписи, установить оплату интервьюеру за каждое представленное уведомление в размере стоимости обхода 1 объекта национальных переписей.".

      2. Департаменту развития статистических процессов совместно с Юридическим департаментом Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      3. Департаменту развития статистических процессов Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных и территориальных подразделений Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Руководитель Н. Айдапкелов

"Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 21 қазандағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24900 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабын 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу (бұдан әрі – Есептеу) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Есептеуді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды (бұдан әрі – статистикалық байқау және санақ) жүргізу кезінде қолданады.";

      мынадай мазмұндағы 21-1 тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Респондент Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағынан интернет желісі арқылы онлайн режимде өткен кезде және оның қолында ұлттық санақтан өткені туралы хабарлама болғанда интервьюерге әрбір ұсынылған хабарлама үшін 1 респондентке сауал салу құны мөлшерінде ақы төлеу белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы Н. Айдапкелов