Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18095 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабын 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.10.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Керімханова Г.М.) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
201_ жылғы 27 желтоқсандағы
№ 18 бұйрығымен бекітілді

Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеу (бұдан әрі – Есептеу) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.10.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Есептеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттерге сауал салуды жүргізу үшін интервьюерлердің санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеудің негізгі тәсілдерін айқындайды.

      3. Осы Есептеуді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелері жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды (бұдан әрі – статистикалық байқау және санақ) жүргізу кезінде қолданады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.10.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Есептеуде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ келесі анықтама пайдаланылады:

      хронометраж – жедел жұмыстың жүйелі түрде қайталанатын элементтері, сондай-ақ дайындау-қорытындылау жұмыстарының немесе жұмыс орнына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың элементтері зерделенетін бақылаулардың түрі.

2–тарау. Статистикалық байқауды және санақты жүргізу кезінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасын есептеу

1-параграф. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізу кезінде бір интервьюерге түсетін жүктеме нормасын есептеу

      5. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізу кезінде бір интервьюерге түсетін жүктеме нормасын анықтау үшін бір кезеңдегі жұмыс сағатының орташа саны және статистикалық байқау жүргізу кезінде бір интервьюер толтыратын бір статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыттың орташа саны туралы деректер пайдаланылады.

      Интервъюердің бір статистикалық нысанды толтыруының орташа ұзақтығы әрбір статистикалық байқау үшін жеке жүргізілетін хронометраж деректері бойынша анықталады.

      Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың хронометражы үш жылда бір рет кезеңділігімен өткізіледі.

      Біржолғы статистикалық байқаулар үшін хронометраж қажеттілігі бойынша жүргізіледі.

      Бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандар саны келесі формула бойынша есептеледі:

      ni = T/V (1),

      мұндағы

      ni – статистикалық байқауды жүргізу кезеңінде бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандар саны;

      T(n) – статистикалық байқауды жүргізу кезеңінде бір интервьюер жұмсаған уақыттың орташа саны;

      V – хронометражға сәйкес бір статистикалық нысанды толтырудың орташа ұзақтығы.

      6. Бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандардың санын есептеу мысалы: статистикалық байқауды өткізу кезеңі – 1-15 қаңтар аралығында, тиісінше аралау күндерінің саны – 15. Байқау жүргізу кезеңінде 8 сағаттық жұмыс күнінде бір интервьюер жұмсаған уақыттың орташа саны 120 сағатты құрайды. Хронометраж нәтижелері бойынша 1 статистикалық нысанды толтырудың орташа ұзақтығы 30 минутты (0,5 сағатты) құрады.

      Статистикалық байқау жүргізу кезеңінде бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандар саны:

      ni = 120/0,5 = 240 статистикалық нысанды құрайды.

2-параграф. Халық санағын жүргізу кезінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасын есептеу

      7. Халық санағын жүргізу кезінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасын айқындау үшін кезеңдегі жұмыс сағатының орташа саны және респондентке сауал салуды жүргізуге жұмсалған уақыттың орташа саны жөніндегі деректер пайдаланылады.

      Интервъюердің бір санақ парағын толтыруының орташа ұзақтығы хронометраж деректері бойынша айқындалады.

      Хронометраж ұлттық санақтарды жүргізуге дейін жүргізіледі.

      Халық санағымен айналысатын интервьюерге түсетін жүктеменің нормасы келесі формула бойынша есептеледі:

      Ni =T/V(2),

      мұндағы

      Ni – халық санағын жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеменің нормасы;

      T – халық санағын жүргізу кезеңінде интервьюер жұмсаған уақыттың орташа саны;

      V – респондентке сауал салуды жүргізудің орташа ұзақтығы.

      8. Интервьюерге түсетін жүктеменің нормасын есептеу мысалы: халық санағын жүргізу кезеңі – 1-30 аралығындағы күн, тиісінше аралау күндерінің саны – 30. Халық санағын жүргізу кезеңіндегі 8 сағаттық жұмыс күнінде бір интервьюер жұмсаған уақыттың орташа саны 166,64 сағатты құрайды. Хронометраж нәтижелері бойынша респондентке сауал салуды жүргізудің орташа ұзақтығы 12,24 минутты (0,2 сағатты) құрады.

      Халық санағын жүргізу кезеңінде бір интервьюерге жүктеме нормасы үй шаруашылығында сауал салынатын:

      ni = 166,64/0,2 = 833 адамды құрайды.

3-параграф. Ауылшаруашылық санағын жүргізу кезіндегі интервьюерге түсетін жүктеме нормасын есептеу

      9. Ауылшаруашылық санағымен айналысатын интервьюерге түсетін жүктеме нормасын айқындау үшін кезеңдегі жұмыс сағатының орташа саны және ауылшаруашылық санағының объектісі туралы ақпаратты жинауға жұмсалған уақыттың орташа саны жөніндегі деректер пайдаланылады.

      Ауылшаруашылық өндірушілерінің мынадай санаттары:

      ауылшаруашылық кәсіпорындары және олардың оқшауланған бөлімшелері;

      шаруа немесе фермер қожалықтары, дара кәсіпкерлер;

      халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;

      саяжай және бау-бақша шаруашылықтары ауылшаруашылық санағының объектілері болып табылады.

      Ауылшаруашылық санағымен айналысатын интервьюерге түсетін жүктеме нормасы келесі формула бойынша есептеледі:

      Ni = T(f)/ W (3),

      мұндағы

      Ni – интервьюерге түсетін жүктеме нормасы (объектінің әрбір типі бойынша жеке);

      T(f) – жұмыс уақытының қоры (орындалатын жұмыстың ұзақтығына байланысты);

      W – берілген жұмыс көлемін орындауға жұмсалған уақыт (санақ парағын толтыру).

3-тарау. Статистикалық байқаулар және санақтар жүргізу кезіндегі интервьюерлер санын есептеу

1-параграф. Жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізу кезіндегі интервьюерлердің санын есептеу

      10. Статистикалық байқауға жататын респонденттер саны және статистикалық байқау жүргізу кезеңінде бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандар саны интервьюерлер санын анықтау үшін бастапқы көрсеткіштер болып табылады.

      Байқауды өткізу үшін интервьюерлердің қажетті саны келесі формула бойынша есептеледі:

      Ki = R/ni (4),

      мұндағы

      Ki – интервьюерлердің талап етілетін саны;

      R – байқауға жататын респонденттер саны;

      ni – байқау жүргізу кезеңінде бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандар саны.

      11. Интервьюерлер санын есептеу мысалы: байқауға 5260 респондент жатады. Алдыңғы мысалда байқау жүргізу кезеңінде бір интервьюер толтыратын статистикалық нысандардың саны 240 статистикалық нысанды құрады.

      Байқау жүргізу үшін қажетті интервьюерлер саны:

      Ki = 5260/240 = 22 интервьюерді құрайды.

2-параграф. Халық санағын жүргізу кезінде интервьюерлер санын есептеу

      12. Санаққа жататын респонденттер саны және халық санағын жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасы интервьюерлер санын айқындау үшін бастапқы көрсеткіштер болып табылады.

      Халық санағын жүргізу үшін интервьюерлердің қажетті саны келесі формула бойынша есептеледі:

      Ki = R/Ni (5),

      мұндағы

      Ki – интервьюерлердің талап етілетін саны;

      R – халық санағына жататын респонденттер саны;

      Ni – халық санағын жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеменің нормасы.

3-параграф. Ауылшаруашылық санағын жүргізу кезінде интервьюерлер санын есептеу

      13. Ауылшаруашылық санағына жататын объектілер саны және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу кезеңінде интервьюер толтыратын санақ парақтарының саны интервьюерлер санын айқындау үшін бастапқы көрсеткіштер болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу үшін интервьюерлердің қажетті саны келесі формула бойынша есептеледі:

      Ki = Ni/W (6),

      мұндағы

      Ki – интервьюерлердің талап етілетін саны;

      Ni – типтері бойынша ауыл шаруашылығы санағы объектілерінің саны;

      W – берілген жұмыс көлемін орындауға жұмсалған уақыт (санақ парағын толтыру).

      Ауыл шаруашылығы санағы үшін интервьюерлердің жалпы саны оларды объектілердің әрбір типі бойынша жеке анықтаудан кейін қосу арқылы айқындалады.

4 – тарау. Статистикалық байқауларды және санақтарды жүргізу кезінде өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша интервьюердің көрсететін қызметтерінің құнын есептеу

      14. Статистикалық байқаудың әрқайсысы бойынша интервьюердің көрсететін қызметтерінің құнын есептеу үшін статистикалық байқауды жүргізу күндерінің саны, тартылатын интервьюерлер саны және Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңымен тиісті қаржылық жылға бекітілген айлық есептік көрсеткіші жеке қолданылады.

      15. Халықтың жұмыспен қамтылуына ай сайынғы статистикалық байқау жүргізу бойынша бір интервьюер бір айға көрсететін қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      N=26mrp х M (7),

      мұндағы

      N – бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құны;

      26mrp – 26 айлық есептік көрсеткіштер. 26 айлық есептік көрсеткішке көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      M – айлар саны.

      16. Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына және шағын шаруа қожалықтары немесе ферма қожалығы және халық шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ай сайынғы статистикалық байқау жүргізу бойынша бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      N=24mrp х M (8),

      мұндағы

      N – бір интервьюердің көрсететін қызметтерінің құны;

      24mrp – 24 айлық есептік көрсеткіштер. 24 айлық есептік көрсеткішке қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      M – айлар саны.

      17. Белгілі бір күндер аралығында және кезеңділігі тоқсанына, жылына бір рет статистикалық байқау жүргізу бойынша бір интервьюердің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      N = 20mrp / 21 Dr х D х Р (9),

      мұндағы

      N – бір интервьюердің көрсетілетін қызметтерінің құны;

      20mrp - 20 айлық есептік көрсеткіш. 20 айлық есептік көрсеткішке қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      21 Dr – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны;

      D – статистикалық байқау жүргізу күндерінің саны;

      Р - статистикалық байқауды жүргізу кезеңділігі.

      18. Бір статистикалық нысан бойынша сауал салудың орташа құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Т = N / F (10),

      мұндағы

      Т – бір статистикалық нысан бойынша сауал салудың орташа құны;

      N – интервьюердің көрсетілетін қызметтерінің құны;

      F – кезеңдегі статистикалық нысандардың саны.

      19. Тұрғылықты жерін нақтылау және байқауды жүргізуге келісім алу мақсатында респонденттерді алдын ала аралап шығуға (жұмыспен қамту, туризм, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы статистикасы бойынша статистикалық байқаулардан және астықтың түсімділігін зерттеу сауалнамасынан басқалары) интервьюердің бір күндік көрсетілетін қызметінің құнын анықтауды есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      N = 15mrp / 21 Dr (11),

      мұндағы

      N – интервьюердің көрсетілетін қызметтерінің құны;

      15mrp – 15 айлық есептік көрсеткіш. 15 айлық есептік көрсеткішке қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      21 Dr – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.

      20. Ұлттық санақтардың толық есепке алынуын анықтайтын бақылау құжаты ретінде қызмет ететін елді мекендерде объектілер тізімін құру бойынша алдын-ала аралап шығу кезінде 1-кезең интервьюері көрсететін қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      N = 20mrp / 21K (12),

      мұндағы

      N – интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;

      20mrp – 20 айлық есептік көрсеткіш. 20 айлық есептік көрсеткішке қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      21К – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.

      N1 = N х K1

      мұндағы

      N1 – бүкіл жалданатын жұмыс кезеңіндегі интервьюер қызметтерінің

      құны;

      N –интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;

      K1 – өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалданған күннің саны;

      N2 = N1 / ni,

      мұндағы

      N2 – ұлттық санақтардың 1 объектісін аралап шығу құны;

      N1 – жұмыстың бүкіл жалданатын кезеңіне интервьюер қызметтерінің құны;

      ni – ұлттық санақтар жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасы.

      21. Елді мекендердегі ұлттық санақтар объектілеріне сауал салу жүргізу кезінде 2-кезең интервьюері қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      N = 25mrp / 21K (13),

      мұндағы

      N – интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;

      25mrp – 25 айлық есептік көрсеткіш. 25 айлық есептік көрсеткішке қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      21К – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.

      N1 = N х K1,

      мұндағы

      N1 – бүкіл жалданатын жұмыс кезеңіне интервьюер қызметтерінің құны;

      N –интервьюердің бір күндік қызметтерінің құны;

      K1 – өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалданатын күндер саны;

      N2 = N1 / ni,

      мұндағы

      N2 – ұлттық санақтардың 1объектісін аралап шығу құны;

      N1 – бүкіл жұмыс кезеңінде жалданатын интервьюер қызметтерінің құны;

      ni – ұлттық санақтар жүргізу кезеңінде интервьюерге түсетін жүктеме нормасы.

      21-1. Респондент Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағынан интернет желісі арқылы онлайн режимде өткен кезде және оның қолында ұлттық санақтан өткені туралы хабарлама болғанда интервьюерге әрбір ұсынылған хабарлама үшін 1 респондентке сауал салу құны мөлшерінде ақы төлеу белгіленсін.

      Ескерту. 4-тарау 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 21.10.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ұлттық санақтарды жүргізу кезіндегі интервьюерлердің жұмысын бақылауды жүзеге асыру бойынша нұсқаушы-бақылаушының көрсетілетін қызметінің құнын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

      Nk = 20mrp / 21K (13),

      мұндағы

      Nk – нұсқаушы-бақылаушының көрсетілетін қызметтерінің бір күндік құны;

      20mrp – 20 айлық есептік көрсеткіш. 20 айлық есептік көрсеткішке қызметтер ақысын төлеу, салықтар, ерікті зейнетақы аударымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және жолақы төлемі кіреді.

      21К – бір айдағы жұмыс күндерінің орташа саны.

      N1 = Nk х K1,

      мұндағы

      N1 – бүкіл жалданатын жұмыс кезеңіне нұсқаушы-бақылаушы қызметтерінің құны;

      Nk – нұсқаушы-бақылаушылардың көрсетілетін қызметтерінің бір күндік құны;

      K1 – өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалданатын күндер саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады