Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района

Решение Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 19 февраля 2021 года № 17. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 3 марта 2021 года № 6227.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 2) пункта 1 статьи 34-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 2) пункта 2 статьи 53 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу:

      решение 13 сессии Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 12 ноября 2012 года № 129 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1994, опубликовано в газете "Нұра" от 1 декабря 2012 года № 47 (5280));

      решение 32 сессии Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 25 ноября 2014 года № 338 "О внесении изменения в решение 13 сессии Нуринского районного маслихата от 12 ноября 2012 года № 129 "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2887, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 8 января 2015 года, в газете "Нұра" от 27 декабря 2014 года № 52 (5389)).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата Нуринского района по развитию местного самоуправления, экономике, финансов и бюджета.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      5. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Нуринского района" обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Нуринского района после его официального опубликования.

      председатель сессии К. Жунусбеков
      Секретарь Нуринского районного маслихата Т. Оспанов

  Приложение к решению
Нуринского районного
маслихата
от 19 февраля 2021 года
№ 17

Порядок и размер оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Нуринского района

Глава 1. Общие положения

      1. Порядок и размер оказания социальной поддержки из средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим и проживающим в сельских населенных пунктах Нуринского района разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года, "Об образовании" от 27 июля 2007 года, и определяют порядок предоставления социальной поддержки за счет средств местного бюджета по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим и проживающим в сельских населенных пунктах Нуринского района.

      2. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим и проживающим в сельских населенных пунктах Нуринского района назначается и выплачивается один раз в год в размере четырех месячных расчетных показателей за счет средств местного бюджета государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Нуринского района (далее - уполномоченный орган).

      Сноска. Пункт 2 – в редакции решения Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 30.06.2022 № 141 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок назначения

      3. Руководители государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии должны ежегодно составлять списки специалистов, имеющих право на получение социальной поддержки, которые до 15 апреля каждого года следует предоставлять в уполномоченный орган.

      Социальная поддержка оказывается без истребования заявлений от специалистов на основании списков, утвержденных руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии с приложением следующих документов:

      1) копия документа, удостоверяющая личность (заверенного подписью и печатью первого руководителя государственных организаций, либо лица, исполняющие их обязанности, утверждающие списки специалистов);

      2) справка с места работы (с указанием должности);

      3) документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.

      4. Срок обработки документов на оказание социальной поддержки с момента сдачи документов в уполномоченный орган составляет 15 календарных дней.

      5. Результат оказания социальной поддержки - выплата, производится один раз в год согласно плана финансирования.

      6. Основанием для отказа в оказании социальной поддержки является:

      1) предоставление неполного пакета документов согласно перечню, указанному в пункте 3 и (или) документов с истекшим сроком действия;

      2) недостоверность сведений о наличии лицевого счета в банке второго уровня или в организациях имеющих лицензию на осуществление банковских операций.

Глава 3. Выплата социальной поддержки

      7. Социальная поддержка осуществляется путем перечисления на лицевые счета специалистов через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, в течении 3-х рабочих дней со дня завершения обработки представленных документов.

Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 17 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 3 наурызда № 6227 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 34-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері бекітілсін.

      2. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының:

      13 сессиясының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 129 "Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1994 болып тіркелген, "Нұра" газетінде 2012 жылғы 1 желтоқсандағы № 47 (5280) жарияланған);

      32 сессиясының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 338 "Нұра аудандық мәслихатының 13 сессиясының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 129 "Әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2887 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда, "Нұра" газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 52 (5389) жарияланған) шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      сессия төрағасы К. Жунусбеков
      Нұра аудандық мәслихатының хатшысы Т. Оспанов

  Нұра аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 19
ақпандағы
№ 17
шешіміне қосымша

Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібін анықтайды.

      2. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджет қаражатынан "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (ары қарай – уәкілетті орган) тағайындалады және төленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 30.06.2022 № 141 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Тағайындау тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының басшылары жыл сайын әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар мамандардың тізімдерін жасап, оларды әр жылдың 15 сәуіріне дейін уәкілетті органға тапсырулары тиіс.

      Әлеуметтік қолдау денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымның басшылары бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, келесідей құжаттарды қоса бере отырып көрсетіледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (мамандар тізімін бекітетін мемлекеттік органдардың бірінші басшысы немесе оның міндеттерін орындайтын адам қолымен және мөрімен куәландырылған);

      2) жұмыс орнынан анықтама (лауазымы көрсетілген);

      3) екінші деңгейдегі банкте немесе банктік операцияларды жүргізуге тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоттың болуын растайтын құжат.

      4. Әлеуметтік қолдауды тағайындау үшін құжаттарды өңдеу мерзімі уәкілетті органға құжаттар тапсырылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайды.

      5. Әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесі – төлем, қаржыландыру жоспарына сәйкес жылына бір рет жүргізіледі.

      6. Әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тартуға негіздеме:

      1) 3 тармақта көрсетілген тізбе бойынша және (немесе) мерзімі өткен құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;

      2) екінші деңгейдегі банкте немесе банктік операцияларды жүргізуге тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке шоттың дұрыс еместігі.

3-тарау. Әлеуметтік қолдауды төлеу

      7. Әлеуметтік қолдау, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке шоттарына аудару жолымен, ұсынылған құжаттарды өңдеу аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.