Нұра аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Нұра аудандық мәслихатының "Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдауды жергілікті бюджет қаражатынан тағайындау тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6227 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджет қаражатынан "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (ары қарай – уәкілетті орган) тағайындалады және төленеді."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Оспанов |