О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/205 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района"

Решение Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 13 января 2021 года № 51/379. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 15 января 2021 года № 4430

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления республиканского государственного учреждения "Департамент юстиции Мангистауской области Министерства юстиции Республики Казахстан" от 20 октября 2020 года № 05-14-1723, Тупкараганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 мая 2015 года № 30/205 "Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2750, опубликовано 8 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Положении о награждении Почетной грамотой Тупкараганского района:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Почетной грамотой награждаются граждане за значительные достижения и внесшие личный вклад в развитие экономики, социальной сферы, науки, культуры, в сфере образования, в воинской и иной государственной службе, в общественной деятельности района.";

      в пункт 5 на государственном языке внесено изменение, текст на русском языке не изменяется;

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Описание Почетной грамоты Тупкараганского района";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Почетная грамота представляет собой папку из балакрона голубого цвета с изображением Герба на лицевой стороне и надписью на государственном языке "Құрмет грамотасы" со вкладышем.

      Вкладыш изготавливается типографским способом из плотной бумаги белого цвета.

      На развороте с левой стороны вкладыша в обрамлении национального орнамента располагается изображение символа Тупкараганского района.

      С правой стороны вкладыша отводится место для указания фамилии, имени, отчества и заслуг награждаемого на фоне солнечных лучей, под которыми парящий орел, как на государственном флаге Республики Казахстан.

      Под текстом параллельно размещаются подписи акима района и секретаря районного маслихата.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок вручения Почетной грамоты Тупкараганского района".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Тупкараганского районного маслихата" (главный специалист-юрист Нәдірқожақызы Ә.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, размещение на интернет-ресурсе Тупкараганского районного маслихата.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам Тупкараганского районного маслихата (председатель комиссии А.Берішбаева).

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Садыков
      Секретарь Тупкараганского районного маслихата А. Досанова

Түпқараған аудандық маслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 51/379 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 қаңтарда № 4430 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 05-14-1723 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ереже";

      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құрмет грамотасымен ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар марапатталады.";

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына марапаттау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты аудан әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.

      Әрі қарай Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.";

      2 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Түпқараған ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы"

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.

      Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

      Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Түпқараған ауданының символы орналасады.

      Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстіне қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.

      Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.";

      3 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Түпқараған ауданының Құрмет Грамотасын тапсырудың тәртібі".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман - заңгер Ә.Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Садыков
      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы А. Досанова