Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на административной территории города Лисаковска

Постановление акимата города Лисаковска Костанайской области от 26 июля 2021 года № 246. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 августа 2021 года № 23807

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 50-1 Правил внутренней торговли, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264, акимат города Лисаковска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить места размещения нестационарных торговых объектов на административной территории города Лисаковска, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства акимата города Лисаковска" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Лисаковска после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Лисаковска.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Лисаковска А. Ибраев

  Приложение
  к постановлению акимата
  города Лисаковска
  от 26 июля 2021 года
  № 246

Места размещения нестационарных торговых объектов на территории города Лисаковска

Месторасположение

Занимаемая площадь (квадратный метр)

Период осуществления торговой деятельности

Сфера деятельности с учетом близлежащей инфраструктуры (торговые объекты, в которых реализуется схожий ассортимент товаров, а также объекты общественного питания)

1

улица Труда, возле строения № 6 А

38

5 лет

Продукты питания (молочная продукция, овощи, фрукты, ягоды), одежда, обувь, близлежащая инфраструктура - торговый дом "Леал"

2

улица Верхнетобольская, возле строения № 4

126

5 лет

Продукты питания (молочная продукция, мясо, полуфабрикаты, овощи, фрукты), близлежащая инфраструктура - кафе "Океан"

3

2 микрорайон, возле строения № 32

219

5 лет

Продукты питания (овощи, фрукты, ягоды), изделия ручной работы, близлежащая инфраструктура - рынок "Довлан"

4

поселок Октябрьский, улица Алматинская, возле дома № 31

12

5 лет

Продукты питания (овощи, фрукты, ягоды), близлежащая инфраструктура - торговый дом "Анара"

5

возле потребительского кооператива "Урожайное-1"

12

5 лет

Овощи, фрукты, ягоды, близлежащая инфраструктура - магазин "Дарья"

6

возле потребительского кооператива "Урожайное-2"

12

5 лет

Овощи, фрукты, ягоды, близлежащая инфраструктура - магазин "Дарья"


Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 246 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23807 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

  Лисаков
  қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 26 шілдедегі
  № 246 қаулысына
  қосымша

Лисаков қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы

1

Труд көшесі, № 6А құрылыстың жанында

38

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Леал" сауда үйі

2

Верхнетобольская көшесі, № 4 құрылыстың жанында

126

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, ет, жартылай фабрикаттар, көкөністер, жемістер), жақын орналасқан инфрақұрылым - "Океан" кафесі

3

2 шағын ауданы, № 32 құрылыстың жанында

219

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (көкөністер, жемістер, жидектер), қолдан жасалған бұйымдар, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Довлан" базары

4

Октябрь кенті, Алматинская көшесі, № 31 үйдің жанында

12

5 жыл

Азық-түлік өнімдері (көкөністер, жемістер, жидектер), жақын орналасқан инфрақұрылым - "Анара" сауда үйі

5

"Урожайное-1" тұтынушылар кооперативі жанында

12

5 жыл

Көкөністер, жемістер, жидектер, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Дарья" дүкені

6

"Урожайное-2" тұтынушылар кооперативі жанында

12

5 жыл

Көкөністер, жемістер, жидектер, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Дарья" дүкені