"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
Лисаков | |
қаласы әкімдігінің | |
2021 жылғы 26 шілдедегі | |
№ 246 қаулысына | |
қосымша |
Лисаков қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы |
1 | Труд көшесі, № 6А құрылыстың жанында | 38 | 5 жыл | Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, жидектер), киім, аяқ киім, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Леал" сауда үйі |
2 | Верхнетобольская көшесі, № 4 құрылыстың жанында | 126 | 5 жыл | Азық-түлік өнімдері (сүт өнімдері, ет, жартылай фабрикаттар, көкөністер, жемістер), жақын орналасқан инфрақұрылым - "Океан" кафесі |
3 | 2 шағын ауданы, № 32 құрылыстың жанында | 219 | 5 жыл | Азық-түлік өнімдері (көкөністер, жемістер, жидектер), қолдан жасалған бұйымдар, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Довлан" базары |
4 | Октябрь кенті, Алматинская көшесі, № 31 үйдің жанында | 12 | 5 жыл | Азық-түлік өнімдері (көкөністер, жемістер, жидектер), жақын орналасқан инфрақұрылым - "Анара" сауда үйі |
5 | "Урожайное-1" тұтынушылар кооперативі жанында | 12 | 5 жыл | Көкөністер, жемістер, жидектер, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Дарья" дүкені |
6 | "Урожайное-2" тұтынушылар кооперативі жанында | 12 | 5 жыл | Көкөністер, жемістер, жидектер, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Дарья" дүкені |