Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Решение Экибастузского городского маслихата Павлодарской области от 8 января 2021 года № 499/64. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 22 января 2021 года № 7192

      В соответствии со статьей 505, пунктом 3 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), подпунктом 13) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Экибастузский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить категории автостоянок (паркингов) согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Увеличить базовые ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги), в зависимости от категории автостоянок (паркингов), согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Определить город Экибастуз близлежащим населенным пунктом, базовые ставки на земли которого будут применяться при исчислении налога на земли других категорий, выделенные под автостоянки (паркинги).

      4. Признать утратившим силу решение Экибастузского городского маслихата от 30 апреля 2015 года № 314/36 "Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовой ставки налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4492, опубликованное 5 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      5. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Экибастузского городского маслихата по вопросам экономики, бюджета и предпринимательства.

      6. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь
      Экибастузского городского маслихата Б. Куспеков

  Приложение 1
к решению Экибастузского
городского маслихата
от 8 января 2021 года
№ 499/64

Категории автостоянок (паркингов) в городе Экибастуз

№ п/п

Типы и виды автостоянок (паркингов)

Назначение автостоянок (паркингов)

Целевое назначение земельного участка

Категория автостоянок (паркингов)

1

Служебные автостоянки (паркинги)

Хранение автотранспортных средств, принадлежащих физическим и юридическим лицам на бесплатной основе

Для эксплуатации и обслуживания автостоянок (паркингов)

1 категория

2

Штрафные автостоянки

Хранение автотранспортных средств на штрафных автостоянках

Для эксплуатации и обслуживания автостоянок (паркингов)

3

Паркинги автотранспортных средств маломобильных групп населения и велотранспорта

Хранение автотранспортных средств маломобильных групп населения и велотранспорта

Для эксплуатации и обслуживания автостоянок (паркингов)

4

Автостоянки (паркинги), где в течение суток на одном месте паркуются несколько грузовых машин и используется суточный или часовой режим

Краткосрочное хранение грузовых автотранспортных средств, принадлежащих физическим и юридическим лицам на платной основе по утвержденному тарифу

Для эксплуатации и обслуживания автостоянок (паркингов)

2 категория

5

Автостоянки (паркинги), парковочные места, которые расположены в цокольных и (или) подземных уровнях зданий и являющихся неотъемлемой составляющей частью таких зданий

Хранение автотранспортных средств, принадлежащих физическим и юридическим лицам на платной основе

Для эксплуатации и обслуживания здания, строения, сооружения с автостоянкой (паркингом)

6

Многоуровневые автостоянки (паркинги) с постоянно закрепленными местами, связанные с капитальным строительством

Хранение автотранспортных средств, принадлежащих физическим и юридическим лицам с ежегодной фиксированной оплатой

Для эксплуатации и обслуживания многоуровневой автостоянки (паркинга)

7

Автостоянки (паркинги), где в течение суток на одном месте паркуются несколько легковых машин и используется суточный или часовой тариф

Краткосрочное хранение автотранспортных средств, принадлежащих физическим и юридическим лицам на платной основе по утвержденному тарифу

Для эксплуатации и обслуживания автостоянок (паркингов)

3 категория

  Приложение 2
к решению Экибастузского
городского маслихата
от "8" января 2021 года
№ 499/64

Увеличение базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги),
в зависимости от категории автостоянок (паркингов)

Категория автостоянки (паркинга)

Увеличение базовых ставок налога

1 категория

1

2 категория

5

3 категория

10


Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 499/64 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 7192 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) санаттары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлерге базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Екібастұз қаласы болып айқындалсын.

      4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы" № 314/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
8 қаңтардағы № 499/64
шешіміне
1 - қосымша

Екібастұз қаласындағы автотұрақтардың
(паркингтердің) санаттары

Р/с №

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтар (паркингтер) санаты

1

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

1-санат

2

Айыппұл автотұрақтары

Автокөлік құралдарын айыппұл автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының автокөлік құралдарын және велокөлік қоятын паркингтер

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының автокөлік құралдарын және велокөлік сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

4

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік режим қолданылатын автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын бекітілген тариф бойынша ақылы негізде қысқа мерзімді сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

2-санат

5

Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), тұрақ орындары

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақылы негізде сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылымды, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету үшін

6

Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көпдеңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын жыл сайын белгіленген төлеммен сақтау

Көп деңгейлі автотұрақты (паркингті) пайдалану және қызмет көрсету үшін

7

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданылатын автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын бекітілген тариф бойынша ақылы негізде қысқа мерзімді сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3-санат

  Екібастұз қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
"8" қаңтардағы № 499/64
шешіміне
2 - қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай
автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

Автотұрақтың (паркингтің) санаты

Базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

1-санат

1

2-санат

5

3-санат

10