Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 08.01.2021 № 499/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекен жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Лепехин |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Құспеков |
Екібастұз қалалық әслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 314/36 шешіміне 1-қосымша |
Екібастұз қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
р/с |
Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және | Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты | Жер телімінің нысаналы мақсаты |
Автотұрақтар |
1 | Қызметтік автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақысыз негізде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 1 - санат |
2 | Айып автотұрақтары |
Автокөлік құралдарын |
Автотұрақтарды (паркингтерді) | |
3 | Халықтың қауқары аз топтарының көлік құралдарын және велокөлікті қоятын тұрақтары | Халықтың қауқары аз топтарының көлік құралдарын және велокөлікті сақтау |
Автотұрақтарды (паркингтерді) | |
4 | Бір орынға тәулік бойы жүк машиналары қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық режимді қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөліктерін бекітілген тариф бойынша ақылы негізінде қысқа мерзімде сақтау |
Автотұрақтарды (паркингтерді) | 2 - санат |
5 | Ғимараттың цокольді және (немесе) жер асты деңгейінде орналасқан және осы ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын ақысыз негізде сақтау | Автотұрағы (паркингі) бар ғимарат, ғимарат құрылысын пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
6 | Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) | Жыл сайын белгіленген төлем мен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау |
Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) | |
7 | Тәулік бойы бір орынға машиналар қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық режимді қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөліктерін қысқа мерзімде сақтау |
Автотұрақтарды (паркингтерді) | 3 - санат |
Екібастұз қалалық әслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 314/36 шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, автотұрақтар
(паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін
ұлғайтудың мөлшері
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесін ұлғайтудың мөлшері |
1 - санат | 1 |
2 - санат | 2 |
3 - санат | 10 |