О внесении изменений и дополнения в решение Шемонаихинского районного маслихата от 3 сентября 2020 года № 56/5-VI "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования"

Решение Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 апреля 2021 года № 5/3-VII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 мая 2021 года № 8784. Утратило силу решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2024 года № 13/5-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Шемонаихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 09.02.2024 № 13/5-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", статьями 8, 9 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" Шемонаихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шемонаихинского районного маслихата от 3 сентября 2020 года № 56/5-VI "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7538, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 18 сентября 2020 года) следующие изменения и дополнение:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 1 на государственном языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не изменяется;

      подпункт 1) пункта 5 приложения исключить;

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется местным исполнительным органом исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е. Григорьева
      Секретарь Шемонаихинского районного маслихата М. Желдыбаев

Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 56/5-VІ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5/3-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 8784 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/5-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 09.02.2024 № 13/5-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8, 9-баптарына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 56/5-VІ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7538 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде, қарусыз жиналу арқылы жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      қосымшаның 5-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Е. Григорьева
      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы М. Желдыбаев