О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Совместный приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 января 2022 года № 4 и и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2022 года № 20. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 января 2022 года № 26448

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 и пунктом 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан", со статьей 18 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, а также разделом 10 Приложения 7 к указанному Договору ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Ввести сроком на шесть месяцев запрет на вывоз с территории Республики Казахстан крупного рогатого скота живого (код единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0102), овец и коз живых (код единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза 0104).

      2. Признать утратившим силу cовместный приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 октября 2021 года № 285 и Министра финансов Республики Казахстан от 1 октября 2021 года № 1006 "О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативно-правовых актов № 24593).

      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке информировать Евразийскую экономическую комиссию о применении мер по реализации пункта 1 настоящего совместного приказа.

      4. Комитету ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан при взаимодействии с Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в пределах своей компетенции принять необходимые меры по обеспечению исполнения пункта 1 настоящего совместного приказа в установленном законодательством порядке.

      5. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих соответствующее направление вице-министров сельского хозяйства и финансов Республики Казахстан.

      7. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
__________Е. Карашукеев

И.о. Министра финансов
Республики Казахстан
__________Е. Жамаубаев

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли
и интеграции
Республики Казахстан

Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 4 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 20 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26448 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан тірі ірі қара мал (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 0102), тірі қойлар мен ешкілер (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын.

      2. "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 285 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 1006 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
__________Е. Карашукеев
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
__________Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі