Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 285 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 1006 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қазанда № 24593 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 4 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 20 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 10.01.2022 № 4 және ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.01.2022 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) ветеринариялық сертификаттары болған жағдайда тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асырсын.

      4. Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті МКК-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      5. Министрліктің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 1 қазандағы
№ 1006 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 1 қазандағы
№ 285 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының коды

Тауардың атауы*

0102 21 100 0
0102 21 300 0
0102 21 900 0 - ден**
0102 29 210 0 - ден**
0102 29 290 0
0102 29 410 0 - ден**
0102 29 490 0
0102 29 510 0
0102 29 610 0
0102 29 690 0
0102 29 910 0 - ден**
0102 29 990 0 - ден**

Ірі қара малдың аналық басы

0104 10 100 0
0104 10 300 0
0104 10 800 0
0104 20 100 0
0104 20 900 0

Ұсақ малдың аналық басы

      Ескертпе:

      * Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек қана Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы етіп келтірілген.

      ** Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады