Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области государственной статистики

Приказ Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 11 февраля 2022 года № 2. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 февраля 2022 года № 26798.

      В соответствии с пунктом 9 статьи 193 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 02.10.2023 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемый Перечень видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области государственной статистики.

      2. Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент административно-правового обеспечения, защиты государственных секретов и информационной безопасности Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель А. Иргалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

  Утвержден
приказом Председатель
от 11 февраля 2022 года № 2

Перечень видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг субъекта государственной монополии в области государственной статистики

      Сноска. Перечень с изменением, внесенным приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 02.10.2023 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Обеспечение процесса проведения статистического наблюдения.

      2. Развитие, сопровождение статистических информационных систем, баз данных, информационно-коммуникационной инфраструктуры, инфраструктуры технологически связанной с информационными системами ведомства уполномоченного органа в области государственной статистики (далее – ведомство уполномоченного органа) и его территориальных подразделений, интеграцию с объектами информатизации.

      3. Сопровождение в рамках информационной безопасности от внешних и внутренних угроз электронных информационных ресурсов, информационных систем и информационно-коммуникационной инфраструктуры ведомства уполномоченного органа.

      4. Обеспечение информационного взаимодействия с государственными органами, респондентами и пользователями статистической информации, обеспечение технической поддержки пользователей информационно-коммуникационной инфраструктуры ведомства уполномоченного органа.

      5. Формирование аналитических решений, включая инструменты моделирования, прогнозирования и сценарного анализа, на основе статистической информации и данных государственных информационных систем и государственных баз данных, с целью выработки предложений по совершенствованию и модернизации системы государственного управления для разработки подходов к осуществлению реформ, направленных на повышение конкурентоспособности страны и благосостояния народа.

      6. Участие в оценке качества административных данных посредством информационно-коммуникационных технологий, в целях использования их в производстве официальной статистической информации.

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26798 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 02.10.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Иргалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

  Төраға
  2022 жылғы 11 ақпандағы
  № 2 бұйрығымен
  бекітілген

Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Статистикалық байқау жүргізу процесін қамтамасыз ету.

      2. Статистикалық ақпараттық жүйелерді, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерімен технологиялық байланысты инфрақұрылымын дамыту, сүйемелдеу, ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау.

      3. Ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде уәкілетті орган ведомствосының электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы және ішкі қатерлерден сүйемелдеу.

      4. Мемлекеттік органдармен, респонденттермен және статистикалық ақпаратты пайдаланушыларымен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын пайдаланушыларды техникалық қолдауды қамтамасыз ету.

      5. Елдің бәсекеге қабілеттілігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеу үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында статистикалық ақпарат және мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар деректерінің негізінде модельдеу, болжамдау және сценарийлік талдау құралдарын қоса алғанда, талдамалық шешімдерді қалыптастыру.

      6. Ресми статистикалық ақпарат өндірісінде оларды пайдалану мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы әкімшілік деректердің сапасын бағалауға қатысады.

      Ескерту. Тізбе 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 02.10.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.