"Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қарашада № 35412 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26798 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:

      5-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
Ж. Шаймарданов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады