Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 02.10.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғау департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
Төраға | |
2022 жылғы 11 ақпандағы | |
№ 2 бұйрығымен | |
бекітілген |
Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Статистикалық байқау жүргізу процесін қамтамасыз ету.
2. Статистикалық ақпараттық жүйелерді, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерімен технологиялық байланысты инфрақұрылымын дамыту, сүйемелдеу, ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау.
3. Ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде уәкілетті орган ведомствосының электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы және ішкі қатерлерден сүйемелдеу.
4. Мемлекеттік органдармен, респонденттермен және статистикалық ақпаратты пайдаланушыларымен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын пайдаланушыларды техникалық қолдауды қамтамасыз ету.
5. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 26.11.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Ресми статистикалық ақпарат өндірісінде оларды пайдалану мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы әкімшілік деректердің сапасын бағалауға қатысады.
Ескерту. Тізбе 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 02.10.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.