О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 "Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 1 апреля 2022 года № 122. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 апреля 2022 года № 27389

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 28 апреля 2018 года № 154 "Об утверждении Правил формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16960) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" (далее – Кодекс) и определяют порядок формирования и функционирования информационной системы учета сырой нефти и газового конденсата (далее – Система).";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Субъекты, осуществляющие деятельность в области оборота сырой нефти и газового конденсата (далее – Субъекты), предоставляют уполномоченному органу в области углеводородов доступ к имеющимся у них системам учета данных о количестве находящихся в обороте сырой нефти и газового конденсата, подготовленных к поставке потребителю в соответствии с требованиями пункта 1 статьи 144 Кодекса (далее – системы Субъектов).

      При формировании Системы используются данные с приборов учета, установленных у субъектов, осуществляющих деятельность в области оборота сырой нефти и газового конденсата, полученные в рамках информационного взаимодействия с Субъектами.

      5. Для проведения мероприятий по формированию и вводу в промышленную эксплуатацию Системы уполномоченный орган создает рабочую группу, в состав которой входят представители уполномоченного органа и иные заинтересованные лица.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Ввод в промышленную эксплуатацию Системы осуществляется в соответствии с пунктом 1 статьи 40 Закона Республики Казахстан "Об информатизации".

      9. После ввода Системы в промышленную эксплуатацию уполномоченный орган в области углеводородов осуществляет интеграцию систем Субъектов, которые не были интегрированы на стадии опытной эксплуатации.";

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Уполномоченный орган в области углеводородов осуществляет обработку и анализ информации, содержащейся в Системе, в целях формирования и распространения общедоступной информации, а также в части информации, ограниченной к распространению.

      15. Уполномоченным органом в области углеводородов предоставляется Субъектам доступ к предоставленной ими информации и общедоступной информации, содержащейся в Системе, с использованием программно-технических средств Системы.".

      2. Департаменту цифровизации и информатизации Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев шестого, седьмого, восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 7 марта 2022 года.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Б. Акчулаков

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной
экономики Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

"Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27389 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 154 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16960 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 144-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі (бұдан әрі – Жүйе) тәртібін айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға Кодекстің 144-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған айналымдағы шикі мұнайдың және газ конденсатының мөлшері туралы деректерді есепке алу жүйелеріне (бұдан әрі – Субъектілердің жүйелері) қолжетімділік ұсынады.

      Жүйені қалыптастыру кезінде Субъектілермен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алынған шикі мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерде орнатылған есепке алу аспаптарынан алынған деректер пайдаланылады.

      5. Уәкілетті орган Жүйені қалыптастыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін құрамына уәкілетті органның мүшелері және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері кіретін жұмыс тобын құрады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган тәжірибелік пайдалану кезеңінде интеграцияланбаған Субъектілердің жүйелерін интеграциялауды жүзеге асырады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты қалыптастыру және тарату мақсатында, сондай-ақ таратуға шектелген ақпарат бөлігінде Жүйеде қамтылған ақпаратты өңдеуді және талдауды жүзеге асырады.

      15. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган Субъектілерге өздері берген ақпаратқа және Жүйенің бағдарламалық-техникалық құралдарын қолдану арқылы Жүйедегі жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа қолжетімділік ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі