Об утверждении правил выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 9 декабря 2022 года № 491. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 декабря 2022 года № 31060.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.09.2023 в соответствии с пунктом 4 настоящего приказа.

      В соответствии с подпунктом 51) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра просвещения РК от 03.07.2023 № 194 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые правила выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования.

      2. Комитету среднего образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 сентября 2023 года.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

  Утверждены приказом
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 9 декабря 2022 года № 491

Правила выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 51) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 03.07.2023 № 194 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. Основные понятия и определения, используемые в настоящих Правилах:

      1) информационная система (ИС) – это государственный информационный ресурс, предназначенный для хранения, поиска и обработки информации о выборе педагогами альтернативных учебников и учебно-методических комплексов (далее-УМК), в том числе в электронной форме;

      2) ознакомительная (демонстрационная) версия учебника и УМК в электронной форме – цифровая копия учебника, содержащая обложку, выходные данные, содержание и не менее 30% учебных материалов.

Глава 2. Порядок выбора учебников и УМК педагогами государственных организаций образования

      3. Для выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования, издательства ежегодно в течение 5 (пяти) календарных дней со дня утверждения Перечня учебников для организаций среднего образования, УМК для дошкольных организаций, организаций среднего образования, в том числе в электронной форме (далее – Перечень) согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 216 "Об утверждении перечня учебников для организаций среднего образования, учебно-методических комплексов для дошкольных организаций, организаций среднего образования, в том числе в электронной форме" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20708) предоставляют в Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования Министерства просвещения Республики Казахстан (далее – РНП ЦЭСО) ознакомительную (демонстрационную) версию учебников и УМК в электронной форме.

      4. РНП ЦЭСО в течение 10 (десяти) календарных дней со дня утверждения Перечня размещает ознакомительные (демонстрационные) версии учебников в электронной форме на своем веб-ресурсе для изучения педагогами, а также вносит в ИС сведения об утвержденных учебниках и УМК.

      5. Управления образования областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента совместно с издательствами организуют и проводят выставку "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" (далее – Выставка) для педагогов, руководителей методических объединений, родителей и школьников с марта по апрель месяц текущего года. График проведения Выставки составляется РНП ЦЭСО по согласованию с местными исполнительными органами и издательствами.

      6. Целью Выставки является предоставление возможности педагогам и общественности ознакомиться с новой школьной учебной литературой, их особенностями и авторскими коллективами, оказание методической и информационной поддержки педагогам организаций образования в предстоящем выборе учебников и УМК.

      7. Выбор учебников и УМК, в том числе в электронной форме, осуществляется один раз после включения их в Перечень.

      8. В период до 10 апреля методические советы организаций образования обсуждают представленные методическими объединениями учебники и УМК, составляют протокол (в произвольной форме) с указанием выбранных учебников и УМК.

      9. УМК отдельно не выбирается, кроме случаев, когда отсутствует учебник по данному предмету. В параллельных классах организации образования по одному предмету используется один и тот же учебник и УМК.

      10. До 15 апреля руководители методических объединений, а также педагоги организаций, в которых отсутствуют методические объединения делают отметку о выборе учебников и УМК, в том числе в электронной форме, в ИС и прикрепляют протокол методического совета организации образования (в произвольной форме) с указанием выбранных учебников и УМК.

      11. Список выбранных учебников является основанием для дополнительного закупа их в последующие годы.

      12. После выбора педагогами учебников и УМК библиотекарь организации образования до 25 апреля указывает в ИС необходимое количество учебников и УМК в соответствии с численностью обучающихся организации образования.

      13. До 1 мая ответственный специалист районного (городского) отдела образования проверяет полноту заполнения заявки на учебники и УМК на предстоящий учебный год, согласовывает ее в разрезе организаций образования и направляет по ИС в Управление образования области, городов Астаны, Алматы и Шымкента.

      14. Управления образования областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента формируют итоговую заявку в ИС на приобретение учебников и УМК, в том числе в электронной форме с учетом контингента обучающихся и объема финансирования.

      15. Библиотекарь государственной организации образования после получения учебников и УМК заполняет фактическое количество и наименование поступивших учебников и УМК в ИС.

      16. Управления образования областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента посредством ИС осуществляют анализ заявок, представленных в ИС и доставленных учебников и УМК.

      17. В сформированных в ИС заявках выбранные учебники (наименование, издательства, авторы) не подлежат изменениям.

      18. РНП ЦЭСО посредством ИС проводит мониторинг закупа организациями образования, заказанных и полученных учебников и УМК, в том числе в электронной форме.

      19. При выявлении несоответствия поступивших в государственную организацию образования учебников и УМК их фактическому выбору педагоги государственных организаций образования обращаются с замечаниями, предложениями и жалобами в управления образования областей, городов Астаны, Алматы и Шымкента, районные (городские) образования.

      Поступившие жалобы рассматриваются в соответствии с действующим законодательством.

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 желтоқсанда № 31060 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 491 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 51) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

      1) ақпараттық жүйе (АЖ) – педагогтердің баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК), оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдауы туралы ақпаратты сақтауға, іздеуге және өңдеуге арналған мемлекеттік ақпараттық ресурс;

      2) электрондық нысандағы оқулықтың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқасы – оқулықтың мұқабасы, шығару деректері, мазмұны және кемінде 30% оқу материалдары бар цифрлық көшірмесі.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдау тәртібі

      3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдауы үшін баспалар жыл сайын "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына сәйкес ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығына (бұдан әрі – РҒП БМСО) электрондық нысандағы оқулықтардың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқаларын ұсынады.

      4. РҒП БМСО тізбе бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде педагогтердің зерделеуі үшін өзінің веб-ресурсында оқулықтардың таныстырылымға (көрсетуге) арналған электрондық нысандағы нұсқаларын орналастырады, сондай-ақ бекітілген оқулықтар мен ОӘК туралы мәліметтерді АЖ-ға енгізеді.

      5. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары ағымдағы жылы наурыз және сәуір айлары аралығында баспалармен бірлесе отырып, педагогтерге, әдістемелік бірлестіктердің басшылары мен мектептердің қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата - аналар мен оқушыларға арналған "Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" көрмесін (бұдан әрі – Көрме) ұйымдастырып, өткізеді. Көрмені өткізу кестесін РҒП БМСО жергілікті атқарушы органдармен және баспалармен келісе отырып әзірлейді.

      6. Көрменің мақсаты педагогтер мен қоғамға жаңа оқу мектеп әдебиеттерімен, олардың ерекшеліктерімен және авторлық ұжымдармен танысуға мүмкіндік беру, білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқулықтарды таңдауда алдын ала әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.

      7. Оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдау, оларды Тізбеге енгізгеннен кейін бір рет жүзеге асырылады.

      8. 10 сәуірге дейінгі кезеңде білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестері әдістемелік бірлестіктер ұсынған оқулықтар мен ОӘК-ті талқылап, таңдалған оқулықтар мен ОӘК-пен қоса хаттама (еркін формада) құрастырады.

      9. Белгілі бір пән бойынша оқулық болмаған жағдайды қоспағанда, ОӘК бөлек таңдалмайды. Білім беру ұйымының параллель сыныптарында бір пән бойынша бірдей оқулық пен ОӘК қолданылады.

      10. 15 сәуірге дейін әдістемелік бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктері жоқ ұйымдардың педагогтері АЖ-да оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдау туралы белгі қояды және таңдалған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген білім беру ұйымының әдістемелік кеңесінің хаттамасын (еркін формада) тіркейді.

      11. Таңдалған оқулықтардың тізімі кейінгі жылдары сатып алуға негіз болып табылады.

      12. Педагогтер таңдау жасағаннан кейін білім беру ұйымының кітапханашысы 25 сәуірге дейін АЖ-да білім беру ұйымының білім алушылар санына сәйкес қажетті оқулықтар мен ОӘК санын көрсетеді.

      13. 1 мамырға дейін аудандық (қалалық) білім бөлімінің жауапты маманы алдағы оқу жылына оқулықтар мен ОӘК қажеттілігінің толықтығын тексереді және білім беру ұйымдарының бөлінісінде өтінімді келісіп, АЖ арқылы облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасына жолдайды.

      14. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары білім алушылар контингенті мен қаржыландыру көлемін ескере отырып, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды сатып алуға АЖ-ға қорытынды өтінімді қалыптастырады.

      15. Мемлекеттік білім беру ұйымының кітапханашысы АЖ-да оқулықтар мен ОӘК алғаннан кейін келіп түскен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің нақты саны мен атауын толтырады.

      16. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары АЖ арқылы өтінімдер бойынша алынған және жеткізілген оқулықтар мен ОӘК-ге талдау жасайды.

      17. АЖ-да қалыптастырылған өтінімдерде таңдалған оқулықтар (атауы, баспасы, авторлары) өзгертуге жатпайды.

      18. РҒП БМСО білім беру ұйымдарының тапсырыс берілген және алынған оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды сатып алуына АЖ арқылы мониторинг жүргізеді.

      19. Білім беру ұйымдарына келіп түскен оқулықтар мен ОӘК-нің нақты таңдауына сәйкес келмейтіні анықталған кезде мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандық (қалалық) білім басқармаларына ескертулер, ұсыныстар және шағымдармен жүгіне алады.

      Келіп түскен шағымдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.