О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 227 "Об утверждении Правил реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов Республики Казахстан от 14 декабря 2022 года № 1277. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2022 года № 31121

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 227 "Об утверждении Правил реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10813) следующее изменение:

      в Правилах реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству, утвержденных указанным приказом:

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. Участники аукциона в течение одного часа до начала аукциона заходят в аукционный зал, используя ЭЦП и аукционный номер. Аукцион начинается в указанное в извещении о проведении аукциона время города Астаны путем автоматического размещения в аукционном зале стартовой цены имущества.

      Аукцион в аукционном зале проходит со вторника по пятницу, за исключением праздничных и выходных дней, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Аукцион проводится в период с 10:00 до 17:00 часов по времени города Астаны, при этом аукцион начинается не позднее 15:00 часов по времени города Астаны.".

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение 10 (десяти) рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра - Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

"Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31121 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион мүліктің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

      Аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев