Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10813 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден кейінгі он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      ___________ Б. Имашев

      "___"_____________ 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Е. Досаев

      "___"____________ 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 227 бұйрығымен
бекітілді

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 249 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы баға – бағаның арттырылуына байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында қалыптасатын мүлік бағасы немесе бағаның төмендетілуіне байланысты аукцион нысанындағы сауда-саттық барысында жарияланған баға;

      2) алғашқы баға – тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде айқындалатын және комиссия белгілейтін мүлік бағасы;

      3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;

      4) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      5) аукцион нөмірі – қатысушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

      6) әлеуметтік қызметтердің субъектілері – мемлекеттік заңды тұлға нысанында тіркелген, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру, мектепке дейінгі және орта білім беру, уақытша болу ұйымдары, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар);

      7) бастапқы баға – мүлік бойынша сауда-саттық басталатын баға;

      8) ең төменгі баға – мүлікті одан төменге сатуға болмайтын баға;

      9) жеңiмпаз – мүлік үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған және аукцион қорытындылары туралы электрондық хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы;

      10) жергілікті атқарушы органдар - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      11) кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін мүліктің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде, бірақ 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

      12) комиссия – "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Есепке алу қағидалары) сәйкес құрылған комиссия;

      13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;

      14) сауда-саттыққа қатысушы – аукционға қатысу үшiн осы Қағидада белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      15) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

      16) Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;

      17) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сандық қолтаңбалармен расталған тапсырысшылар мен жеткізушілер арасындағы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

      18) мүлік – жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік;

      19) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген мүліктің түпкілікті бағасы;

      20) сатушы – уәкілетті орган не болмаса жергілікті атқарушы органдар;

      21) сатып алушы – өткізу процесінде мүлікті сатып алатын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      22) сауда-саттық – мүлікті сату тәсілі;

      23) сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен арттырылатын аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

      24) сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі – бастапқы бағасы жарияланған қадаммен төмендетілетін аукцион нысанындағы сауда-саттықта қолданылатын әдіс;

      25) сауда ұйымдары – мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде және сыйақы үшін бір немесе бірнеше мәміле жасау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен тартылатын мүлікті дайындауды және сатуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға не болмаса олардың бірлестіктері;

      26) тиісті саланың уәкілетті органы – "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;

      27) тізілімнің веб-порталы – мүлікті есепке алу және сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) интернет - ресурсы;

      28) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық бөлімшелері;

      29) ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын, сауда-саттыққа мүлікті дайындауды және және сатуды ұйымдастыратын сатушы не болмаса заңды немесе жеке тұлға;

      30) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2017 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2-1. Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен мүлік есепке қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Егер мүлік үлестік меншікте болған жағдайда, тізілімге тек жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік үлесі ғана енгізіледі.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2019 № 1405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау Есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылдағаннан кейін мүлікті бағалауды жүргізеді.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті бағалау туралы есептерді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүліктің құны жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2019 № 1405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану

      4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.

      Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мынадай құжаттардың:

      1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.

      Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, 10 (он) жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8, 12, 15, 18 және 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалар теңгерімінде бекіту экономикалық орындылығы жағдайында жүзеге асырылады.

      Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға бекіту кезінде экономикалық орындылығының және оны нысаналы пайдалану мүмкіндігінің негізгі өлшемдері:

      1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес белгіленген мүліктің тиесілігінің заттай нормалары шегінде мемлекеттік заңды тұлғалардан берілетін мүлікке қажеттілікті айқындау;

      2) мүліктің нысаналы пайдаланылуы және мемлекеттік заңды тұлғаларда өндірістік қажеттіліктің болуы;

      3) қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржылық қамтамасыз етілуі болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      Өтінішке осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімдеріне беру үшін ұсынылатын мүлік есепте тұрған уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) атына электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы жіберілген тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.

      Қорытындыға тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) аппарат басшысы, ал мұндай лауазым болмаған кезде – тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам не оны алмастыратын адам қол қояды.

      Қорытындыда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген экономикалық орындылығы және мүлікті мақсатты пайдалану қажеттілігінің өлшемдері, сондай-ақ көрсетілген мүлікті бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында мемлекеттік заңды тұлғаларға беру үшін ұсынылатын мүлік туралы, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты туралы хабарламаны жариялайды. Хабарлама өтініштерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн ішінде жарияланады;

      2) мемлекеттік заңды тұлғалар тізілімнің веб-порталында хабарламаны орналастыру күнінен бастап тізілімнің веб-порталында өтінішті тіркейді;

      3) Өтініштерді ашу хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау күні және аяқталу уақыты басталғаннан кейін автоматты түрде тізілімнің веб-порталы арқылы жүргізіледі;

      4) өтініштерді және оған қоса берілетін құжаттарды осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне өтініштерді ашу күнінде комиссия қарайды.

      Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысында осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген өлшемдер бойынша ақпарат көрсетілмеген кезде, комиссия өтінішті өлшемдерге сәйкес келмейді деп таниды;

      5) комиссияның өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия хатшысы тізілімнің веб-порталында өтініштерді қарау нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінен кейін оған қол қояды. Комиссия мүшесінің дауыс беру мүмкіндігі болмаған жағдайда комиссия хатшысы осы хаттамаға тиісті белгіні қояды;

      6) өтініштерді қарау нәтижелері туралы комиссия шешімі әрбір өтініш бойынша дауыс беру арқылы өтініштерді ашу күнінде қабылданады және өтініштер берген барлық мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық почтасына автоматты хабарлаумен комиссия хатшысы ЭЦҚ пайдалана отырып, хаттамаға қол қою уақытынан бастап тізілімнің веб-порталында жарияланады.

      Мүлікті алуға ниет білдірген мемлекеттік заңды тұлғалардан бірнеше өтінім болған жағдайда осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген барлық өлшемдерге сәйкес келетін болса, бірінші өтініш берген мемлекеттік заңды тұлға басымдыққа ие болады.

      Егер өтінішті бірінші болып берген мемлекеттік заңды тұлға қажеттіліктері қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік артық болып қалса, онда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган оны келесі өтініш берушілерге ұсынады;

      7) комиссия оң шешім қабылдаған кезде, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган:

      мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне (мемлекеттік меншіктің бір түрінің шегінде) бекіту туралы;

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32641 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 85 қағида) белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешімді қабылдайды.

      № 85 қағидаларда көзделген уәкілетті органның мекенжайына облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе ол уәкілеттік берген адамның не оны алмастыратын адамның өтінішхаты немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына уәкілетті органның келісімі көрсетілген мерзімде ұсынылмаған кезде мүлік сауда-саттыққа шығарылады.

      Беруші және қабылдаушы тараптар мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қол қояды.

      Қабылдаушы тарап қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімдерде қол қоймаған кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізіліммен қалыптастырылатын мемлекеттік заңды тұлғаның теңгеріміне берудің және бекітудің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік сауда-саттыққа шығарылады;

      8) мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мүлікті республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына беру туралы мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2017 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2019 № 1405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Мемлекеттік заңды тұлғалар өтініштерді бермеген жағдайда не болмаса мүлікті мемлекеттік меншікке берудің экономикалық орынсыздығы жағдайында мүлік сауда-саттыққа қойылады.

3-тарау. Мүлікті мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссия) негiзiнде сауда ұйымдары арқылы және сауда-саттықта өткізу

      9. Мүлікті сату мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде ол болған кезде сауда ұйымдары арқылы:

      жарамдылық (сақтау) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;

      бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;

      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін сату "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушылардың бірі қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатқан кезде оны сатып алуда үшінші тұлғалардың алдында артықшылық құқықты пайдаланады.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушы (қатысушылар) үлесті сатып алуда артықшылық құқықтан бас тартқан жағдайда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі үлес аукционда сатылады.

      Аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) негізінде ол болған кезде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.

      Сауда ұйымдары қызметін мемлекеттік сатып алу өткізілмеген болып танылған кезде, мүлік кейінгі сауда-саттықтарға шығарылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сауда ұйымымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты (комиссияны) жасау үшін оны анықтауды сатушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бойынша мүлікті сатуды оны белгісіз тұлғалар тобының сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мүлікті ашық сатуға қою арқылы сауда ұйымы жүзеге асырады.

      12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған құннан жиырма бес пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.

      Сауда ұйымы төлеген комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз ету сатылған мүліктен түскен түсімдер есебіне есептеледі.

      Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.

      Ақшаны аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алулар туралы шартта (комиссияда) көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2017 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.02.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.02.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

      Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.

      Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған кезде комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.02.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      15. Сатушы мен сауда ұйымы арасында осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссиялық тапсырмалар шеңберінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мүлікті сауда-саттықта сату үшін:

      1) мүлік бойынша материалдарды жинау жүргiзiледi;

      2) бағалаушы ұсынған мүліктің құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;

      3) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;

      5) сауда-саттықты өткiзу туралы хабарлама жарияланады;

      6) кепiлдiк жарналар қабылданады;

      7) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;

      8) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;

      2) мемлекеттік заңды тұлғалардың өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды қарайды және тиісті шешім қабылдайды;

      3) бағалаушы ұсынған мүлік құнын бағалау туралы есеп негізінде мүліктің алғашқы бағасын белгілеу туралы шешім қабылдайды;

      4) мүлікті сауда-саттыққа одан әрі қою орындылығы туралы шешім қабылдайды;

      5) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі мен биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды;

      6) қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды өткізу кезінде брокерлік компанияның ұсынымы бойынша сауда-саттық әдісін айқындайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сатушының функциялары:

      1) тәуелсіз бағалаушыларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес мүліктің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

      2) мүлікті сауда-саттыққа дайындауды жүзеге асыру;

      3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу;

      4) сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету;

      5) мүліктің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарна сомасын айқындау;

      6) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында (бұдан әрі – қор биржалары) мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды қамтамасыз ету;

      7) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) комиссия шешімінің негізінде биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау;

      9) мүлікті сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдау;

      10) сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу барысына бақылауды жүзеге асыру;

      11) аукцион жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу;

      12) сатып алушылармен, ұйымдастырушылармен, сауда ұйымдарымен есептесуді жүзеге асыру;

      13) сауда ұйымдары үшін талаптарды белгілеу;

      14) мүлікті сату үшін қажетті басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18-1. Алкоголь өнімін өткізу ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің, "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы сараптама (зертханалық сынау, зерттеу) қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

      Мұнай өнімдерін өткізу немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру мен бекіту олар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің, "Техникалық реттеу туралы" және "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы сараптама (зертханалық сынау, зерттеу) қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

      Аталған мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) сотқа дейінгі іс жүргізу және сот талқылауы сатысында жүргізілмеген, сондай-ақ егер оны жүргізу бойынша шығындар бағалау құнынан аспайтын кезде, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган оны жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2019 № 1405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      18-2. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) бойынша жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) бойынша жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Мүліктің сараптамасы (зертханалық сынау, зерттеу) бойынша қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 23.12.2019 № 1405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама ол өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде тізілімнің веб-порталында жарияланады.

      Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн және уақытын;

      2) сауда-саттықтың әдiсiн;

      3) мүлік туралы мәлiметтерді (сандық және сапалық жағынан өлшенетін және салыстырылатын);

      4) шектеулер мен ауыртпалықтардың жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді.

      5) бастапқы, ал бағаны төмендету әдiсiн қолдана отырып аукцион өткiзiлген кезде аукционға қойылатын мүліктің ең төменгі бағасын;

      6) кепiлдiк жарнаның сомасын аудару үшін кепiлдiк жарнаның мөлшерi мен банктiк деректемелердi;

      7) өтiнiмдердi қабылдау мерзімін;

      8) сауда-саттықты өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіпті;

      9) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;

      10) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2017 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      20. Қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) биржалық сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;

      2) биржалық сауда-саттықтың өткізілетін орнын;

      3) бағалы қағаздар эмитентінің атауын;

      4) эмитент туралы мәліметтерді;

      5) сатылатын бағалы қағаздардың санын;

      6) биржалық сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;

      7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтиды.

      21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

      1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

      2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің;

      3) Есепке алу қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2017 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Бірыңғай оператор осы Қағиданың 19 және 21-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың деректер қорына сатушы енгізген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына хабарламаны қатесіз және осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес жариялауды қамтамасыз етеді.

      Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталын пайдаланушыларға, оның ішінде облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан аумақтық бөлімшелер арқылы консультациялық көмек көрсетеді.

      23. Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілімнің веб-порталы арқылы сатып алуға ниет бiлдiрушiлердің мүлікті көруге, сондай-ақ мүлік туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      24. Сауда-саттықтан объектіні алып тастау туралы хабарлама қазақ және орыс тілдерінде тізілімнің веб-порталында оны өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні ішінде жарияланады.

      Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қор биржаларындағы сауда-саттықтан алып тастау туралы хабарлама оны өткізуге дейін кемінде үш жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      25. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру үшін қатысушылар кепiлдiк жарнаны бірыңғай оператордың хабарламада көрсетілген банктік деректемелеріне енгізеді. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не оның атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

      Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлем құжатында төлем мақсатында қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) көрсету қажет.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2018 № 1106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

      Егер кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асатын жағдайда, бірыңғай оператор сатушы мен сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға айырмасын қайтарады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2018 № 1106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Кепілдік жарнаны сатушы:

      1) жеңімпазға – сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда;

      2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда қайтармайды.

      Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарна қатысушы бірыңғай операторға электрондық өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады. Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берген өтінімдер кері қайтарылмайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Сауда-саттыққа қатысу үшін мыналарды:

      1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімге енгізілген деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті сату бойынша қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

      1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

      2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

      заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

      32. Сатушыға және бірыңғай операторға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

      33. Қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы 3 (үш) минут ішінде өтінім берілген мүлік бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      Қатысушының осы Қағиданың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған кезде, тізілімнің веб-порталы өтінім қабылдауды және мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелерін айқындағанға дейін кепілдік жарна сомасын бұғаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді жүргізеді. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

      Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Тізілімнің веб-порталы сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде 5 (бес) минут бұрын аукционға қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қатысушының аукциондық нөмірін жояды.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Аукцион екі әдіспен:

      1) бағаны көтеру;

      2) бағаны төмендету арқылы өткізіледі.

      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы мүліктің алғашқы бағасына тең болады.

      Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке (үшке) тең арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.

      Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгілене отырып шығарылады.

      Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде алғашқы бағадан 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі.

      Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережелері мүліктің мынадай түрлеріне: жылжымайтын мүлік объектілеріне, мүліктік кешендерге, зауыттарға, көлік құралдарына, ауыл шаруашылығы және арнайы техникаға, жануарларға, мұнайға, мұнай өнімдеріне және қайта өңдеу өнімдеріне (шикi мұнайды және газ конденсатын қайта өңдеу өнімдеріне), жабдыққа, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Үшінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алдыңғы сауда-саттықтың ең төменгі бағасының 50 (елу) пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

      Төртінші және одан кейінгі сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, 1 (бір) теңге мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

      Аукцион нысанындағы кейінгі әрбір сауда-саттық алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион мүліктің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

      Аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында аукцион залында өтеді. Аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.12.2022 № 1277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Мүлік бойынша аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда, осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады және сатушы тізілімде қалыптастырылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Егер аукцион залында бағаны көтеру аукционы басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы мүлік бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілмеді деп танылады.

      Егер мүліктің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және тіркелген қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамаса, онда бағаны төмендету аукционы өткізілмеді деп танылады.

      Егер бағаны төмендету аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы мүлік бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

      Аталған Қағиданың осы тармағында көзделген жағдайларда сатушы тізілімде қалыптастырылатын өткізілмеген аукцион туралы актіге қол қояды және осы мүлік өткізілмеген сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:

      1) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 10 (он) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      2) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенінен бастап 50 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 7 (жеті) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде;

      3) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгенінен бастап 100 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгiленедi;

      4) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенінен бастап 250 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      5) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгенінен бастап 500 000 еселенгеніне дейінгі мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1 (бір) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді;

      6) сату объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион өткізу:

      1) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі мүліктің бастапқы бағасын осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

      2) егер аукцион залында бастапқы баға расталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі бастапқы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алуға өзінің ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны арттыру жолымен мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, онда мүлікті сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

      4) егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда мүлікті сатып алу ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

      Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны көтеру аукционы, егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, өтті деп танылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион өткізу:

      1) егер аукцион басталған сәттен бастап 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің бастапқы бағасы осы Қағиданың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

      2) егер баға азайғаннан кейін 2 (екі) минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі мүлікті сатып алу ниетін растамайтын болса, мүліктің соңғы ағымдағы бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

      Ағымдағы баға бойынша мүлікті сатып алуға өзінің ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету әдісін қолдана отырып аукцион жеңімпазы болып танылады және осы мүлік бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

      Бір ғана қатысушы қатысқан бағаны төмендету аукционы, егер қатысушы жарияланған бағаны растаса, өтті деп танылады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Әрбір сатылған мүлік бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

      44. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының мүлікті сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

      45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде тізілімде ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы және жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.

      Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға келісуге жібереді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 43 және 45-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және аталған мүлік күшін жойған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2018 № 1106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Бірыңғай оператор:

      1) тізілім веб-порталының қызмет етуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды;

      2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына үш жұмыс күні ішінде аударады;

      3) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қатысушылар қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтінім негізінде сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілдік жарналарын қайтарады.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2018 № 1106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      48. Сауда-саттық барысында сауда-саттыққа қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған кезде қатысушы:

      1) тізілім веб-порталымен орнықты байланыс жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде сауда-саттыққа қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді;

      2) бұл туралы бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді.

      49. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болу фактісін тіркейді және олар тізілім веб-порталы жағында болған кезде ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру жолымен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығын хабардар етеді.

      50. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда аукцион жалғаса береді.

      51. Сауда-саттықты жүргізуге немесе сауда-саттық жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 49-тармағында көрсетілген тізілім веб-порталының техникалық ақаулықтары фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды және сатушы осы сауда-саттықтың жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты тізілім веб-порталында орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы сауда-саттыққа қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, аукционды бірыңғай оператор техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.

      52. Аукционды ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-бабының 6-тармағына сәйкес өзі енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалын өтейді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

      1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

      2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.02.2023 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Аванстық немесе түпкілікті төлем мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кешіктірілген кезде, сатушы сатып алу-сату шарты бойынша кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген төлем сомасының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде өсімпұл алады. Аванстық немесе түпкілікті төлем 10 (он) жұмыс күнінен астам мерзімге кешіктірілген жағдайда, сатып алу-сату шарты біржақты тәртіппен бұзылады.

      Жеңімпаз қабылдап алу-беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын бір жақты тәртіппен бұзады.

      Сатушы сатып алу-сату шартын бұзған кезде тізілімде қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күші жойылған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 27.05.2021 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қоспағанда, сатып алушыға мүлікті беру сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы толық төлегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жүргізіледі.

      Қабылдап алу-беру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада (еркін нысанда) жасалады, қол қойылғаннан кейін сатушы екі жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді, оның біреуі сатушыда сақталады, ал екіншісі сатып алушыға беріледі.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.05.2017 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 24.12.2018 № 1106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      56. Қор биржаларында мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сатуды сатушы брокерлік компанияны тарта отырып жүзеге асырады.

      57. Мемлекет меншігіне айналдырылған акцияларды сату кезінде сатып алушы – акционерлік қоғам, егер соңғысы сатып алушының акцияларына Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес иелік етсе, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайызынан астамын сатып ала алмайды.

      58. Бағалы қағаздарды сатуға құқылы брокерлік компанияны айқындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатушы жүзеге асырады.

      59. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды сату кезінде қор биржасында оларды сатуға байланысты сатушы мен брокерлік компания арасында туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.

      60. Қор биржасының сауда-саттық жүйелерінде бағалы қағаздарды сату тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      61. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысулар сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.

      62. Бағалы қағаздар үшін төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушыға тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға және сатып алушыдан нақты жұмсалған шығындарды өтеу туралы талап етуге жол беріледі.

      63. Бағалы қағаздарды беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.

      64. Жылжымайтын мүлікті сату кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Бөлшектелген көлiк құралдары, өнеркәсiптiк және өзге де жабдық, құрылысы аяқталмаған объектiлер не мәнi жағынан ұқсас басқа да мүлiк қосалқы бөлшектер немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және сатылады.

4-тарау. Мүлікті сатудан алынған қаражат

      66. Мүлікті сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылмаған кепілдік жарналар сомасы туралы және қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтерді сатушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы төлеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.

      Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 24.12.2018 № 1106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      67. Мүлікті сату бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      68. Бірыңғай оператордың қызметтеріне ақы төлеу сатушының мүлікті сату бойынша сауда-саттықты дайындауға және өткізуге жұмсайтын шығыстарына қосылады.

5-тарау. Ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлікті пайдалану және жою

      69. Пайдалануға жарамды, ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне өтеусіз ұсынылады.

      Әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне мүлікті беру осы Қағиданың 7-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне мүлікті беру осы Қағиданың 7-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6-тарау. Мүлікті жою тәртібі

      70. Ең төменгі бағамен сатылмаған және әлеуметтік қызмет субъектілері талап етпеген мүлік, сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларға, нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құралдарынсыз өткізілетін темекi бұйымдары мен құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдар және тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн өзге де мүлiк, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жарамсыз мүлік мүлікті жою туралы комиссияның шешімі болған кезде уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жойылады.

      Жою рәсімі комиссия мүшелерінің қатысуымен фототүсірілім және бейнежазба қолданыла отырып тіркеледі.

      Фото және бейне тіркеу мүлікті сақтау орындарынан тиеуді, жою орнына дейін тасымалдауды және тікелей мүлікті жою процесін қоса алғанда, цифрлық фотоаппаратқа және цифрлық бейнекамераға жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлік жойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде фото және бейне тіркеу материалдарының цифрлық форматта сақталуын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның басшысы фото және бейне тіркеу материалдарын сақтауға жауапты қызметкерді айқындайды.

      Мүлікті жою қорытындылары бойынша мүлікті жою жөніндегі қызметтерді көрсетушінің өкілі (-дері), сондай-ақ комиссия мүшелері қол қоятын мүлікті жою туралы акт жасалады.

      Егер мүлікті жою кезінде комиссия мүшесінің қатысуы мүмкін емес болса, онда мүлікті жою туралы актіге белгі қойылады және оның болмауының дәлелді себебін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Мүлікті жою туралы актіде жасалған күні мен орны, әрбір заттың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар мүліктің атауы, өлшем бірлігі, саны (салмағы), бір бірлігі үшін мүліктің құны теңгемен (бар болса), жалпы құны теңгемен (бар болса) көрсетіледі.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      71. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Республикалық меншікке айналдырылған мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызмет берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе
пайдалану қағидасына
1-қосымша

Мемлекеттік заңды тұлғаларға веб-портал арқылы олардың теңгеріміне беру үшін ұсынуға жатпайтын мүлік

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Бағалы қағаздар.

      2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері.

      3. Қара және түсті металдардың сынықтары.

      4. Шикі мұнай.

      5. Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат.

      6. Алкоголь өнімдері.

      7. Темекі және темекі өнімдері.

      8. Ұялы телефондар, олардың компоненттері мен керек-жарақтары.

      9. Төлем терминалдары.

      10. Ойын автоматтары.

      11. Ойын жабдықтары мен казино жабдықтары.

      12. Медициналық мақсаттағы көліктен басқа, көлік.

      13. Планшеттер.

      14. Аяқталмаған құрылыс объектілері.

      15. Әкімшілік-кеңсе объектілерін, инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік.

      16. Кәбіл фрагменттері.

      17. Балық аулау торлары мен құралдары.

      18. Киім заттары.

      19. Аяқ киім.

      20. Барлық түрдегі сағаттар және олардың бөліктері.

      21. Бижутерия.

      22. Декор заттары (суреттер, мүсіншелер, пано, қораптар).

      23. Чемодандар, сөмкелер және оларға ұқсас тауарлар.

      24. Табиғи және жасанды аң терісі және олардан жасалған бұйымдар.

      25. Парфюмерлік және косметикалық өнімдер.

      26. Жем.

      27. Астық.

      28. Минералды шикізат, пайдалы қазбалар.

      29. Агрохимикаттар, пестицидтер.

      30. Азық-түлік тауарлары.

      31. Бөлінген мүлік.

      32. Үлестік меншіктегі мүлік.

      33. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 210-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша келіп түскен мүлік.

      34. Жойылуға жататын мүлік.

  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе
пайдалану қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Мүлікті беру қажеттілігі туралы қорытынды

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Теңгеріміне мүлікті бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүліктің тиесілілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттері шегінде мемлекеттік заңды тұлғалардан берілетін мүлікке қажеттілікті айқындау (автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлік үшін):

      мүліктің атауы __________________________________________________;

      қысқаша сипаттамасы ____________________________________________;

      өлшем бірлігі ___________________________________________________;

      саны __________________________________________________________;

      тиесілілік нормативін бекіту туралы құқықтық актінің түрі, оның нөмірі мен күні

      ____________________________________________________________________;

      тиесілілік нормативі (саны, ауданы шаршы метрмен, қозғалтқыш көлемі текше

      сантиметрмен және басқа) ___ _____________________________________;

      бухгалтерлік есеп деректері бойынша нақты саны (саны, алаңы шаршы метрмен,

      қозғалтқыш көлемі текше сантиметрмен және басқа) _______________;

      мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесі ______________________________.

      Мүлікті мақсатты пайдалану және мемлекеттік заңды тұлғаларда өндірістік

      қажеттіліктің болуы: _________________________________________.

      Қабылданатын мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша қаржылық қамтамасыз

      етілу: _____________________________________________________.

      Лауазымы (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болға

  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе
пайдалану қағидасына
3-қосымша
  Нысан

20___ жылғы "___" __________№ ___ комиссиялық тапсырма

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.10.2022 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      _____________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құжаттың атауы)

      ___________________________________________ (бұдан әрі – Тапсырыс беруші)

      (Тапсырыс берушінің атауы)

      атынан ____________________________________________________ бір тараптан

                  (лауазымы, тегі, аты, әкісінің аты (бар болған жағдайда)

      және ___________________________________________________ негізінде әрекет

                              (құжаттың атауы)

      ететін __________________________________________ (бұдан әрі – Өнім беруші)

                        (Өнім берушінің атауы)

      атынан _________________________________________________ екінші тараптан

                  (лауазымы, тегі, аты, әкісінің аты (бар болған жағдайда)

      Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 20 ___ жылғы

      "___" ____________ №____ шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Тапсырыс беруші

      Шарт бойынша қызметтер көрсету шеңберінде Өнім берушіге

      ____________________________________________________ сатуды тапсырады.

                        (мүліктің атауы)

      "Мүліктің өлшемдері (түрлері, саны, сәйкестендіру нөмірлері (бар болса),

      бірлігінің құны)": _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Мүліктің жалпы құны:______ ________(_______________________) теңге.

      Өнім беруші:

      3 (үш) жұмыс күні ішінде _________(_______________________) теңге сомасында осы тапсырманы орындаудың ақшалай қамтамасыз етілуін төлеуге немесе банк кепілдігін ұсынуға;

      мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдауға;

      шартта және осы комиссиялық тапсырмада көрсетілген қызметтерді қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетуге кірісуге;

      қабылдаған мүлікті өткізу жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң Тапсырыс берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті салыстырып тексеру жүргізуге және салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң өткізілген мүліктің құнын аударуға;

      өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне толықтыруға қол қойғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қалған мүлікті нақты өткізілуіне қарамастан, оның құнын аударуға;

      берілген мүлікті қарап тексеру үшін Тапсырыс берушіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      өткізілген мүліктің құнын мынадай деректемелер бойынша аударуға:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________;

      Жұмыс нәтижелері бойынша Тапсырыс берушіге есеп (3 данада) беруге міндеттенеді.

      Тапсырыс беруші:

      мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша беруге;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң Өнім берушімен бірлесіп, өткізілген мүлікті салыстырып тексеру жүргізуге және салыстырып тексеру актісіне қол қоюға, ал өткізілмеген мүлік болған жағдайда, қабылдап алу-беру актісіне мүліктің құнын төмендетуді көздейтін толықтыруға қол қоюға;

      қабылдап алу-беру актісіне қол қойылғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң өткізілмеген мүліктің құнын 50 % (елу пайызға) төмендетуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Өнім берушінің қызметтеріне ақы төлеу Шартқа сәйкес жүргізіледі.

Тапсырыс беруші:
____________________________
____________________________
____________________________

Өнім беруші:
____________________________
____________________________
____________________________

  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе
пайдалану қағидасына
4-қосымша
  Нысан

Мүлікті сату бойынша ___________________________ қатысуға ӨТІНІМ (аукцион әдісі көрсетіледі)

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.08.2023 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мүліктің сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып, _________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) ___________ 20 ___ жылғы "___" _______ ____________ мына мекенжай бойынша ________________________ болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім(дік):

Мүліктің атауы

Мүлік үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге


Жиыны


      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім (-із) анықталған кезде, мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен), электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасы және мен (біз) қол қойған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(-з).

      4. Мені (бізді) аукцион жеңімпаз(-дар)ы деп танылған кезде, өзім(-ізг)е электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасына өткізілген күні қол қоюды және сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды міндетім(-ізг)е аламын(-з).

      5. Мынадай:

      1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      2) белгіленген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоймаған;

      3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з).

      6. Осы өтінім электрондық аукцион нәтижелерінің хаттамасымен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай:

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы ____________________________________________________

      БСН ______________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә.____________________________________________

      Мекенжайы: ________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ______________________________________________________

      БСК ______________________________________________________

      Банктің атауы ________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: _

      Жеке тұлға үшін:

      Т.А.Ә.____________________________________________________

      ЖСН ___________________________________________________

      Паспорт деректері ___________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ____________________________________________________

      БСК _______________________________________________________

      Банктің атауы ________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:

      ____________ 20 __ жылғы "___" _______

  (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә.
немесе заңды тұлғаның атауы
және заңды тұлғаның
басшысының немесе заңды
тұлғаның сенімхат
негізінде әрекет ететін өкілінің
Т.А.Ә.)

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы "___" ______ _____ сағат ___ минутта қабылдады.

      Қатысушының аукцион нөмірі ______________

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      Кбе – бенефициар коды;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады