О внесении изменений в решение маслихата от 5 июня 2008 года № 109/16-IV "О символах столицы Республики Казахстан – города Нур-Султан"

Решение маслихата города Астаны от 18 ноября 2022 года № 266/34-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 ноября 2022 года № 30662

      Маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "О символах столицы Республики Казахстан – города Нур-Султан" от 5 июня 2008 года № 109/16-IV (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 537) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в новой редакции:

      "Об определении описания и порядка использования символов столицы Республики Казахстан – города Астаны";

      преамбулу решения изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 3 Закона Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Определить описание и порядок использования символов столицы Республики Казахстан – города Астаны, согласно приложению к настоящему решению.";

      Описание и порядок использования символов столицы Республики Казахстан города Нур-Султан, утвержденные указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата города Астаны Е. Каналимов

  Приложение
к решению маслихата
города Астаны
от 18 ноября 2022 года № 266/34-VII
  Утверждены
решением маслихата
города Нур-Султан
от 5 июня 2008 года № 109/16-IV

Описание и порядок использования символов столицы Республики Казахстан – города Астаны

Глава 1. Символы столицы Республики Казахстан – города Астаны

      1. Описание и порядок использования символов столицы Республики Казахстан – города Астаны разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан".

      2. Герб столицы Республики Казахстан – города Астаны представляет собой круг с изображением двух символов "Бәйтерек" и "Шаңырақ" – цвета золота на голубом фоне. В основании символа "Бәйтерек" изображен орнамент "Құсқанаты", в нижней части которого расположена стилизованная буква "Н", орнамент "Құсқанаты" и буква "Н" – цвета золота. Внешние края символа "Шаңырақ" и орнамента "Құсқанаты" имеют зеленую окантовку. В окаймлении внешнего кольца на красном фоне с левой и с правой стороны расположен орнамент "Бөрікөз" – цвета золота. На нижней части герба имеется надпись "ASTANA", красного цвета на золотистом фоне. С левой и с правой стороны от слова "ASTANA" расположены по три симметричные линии – цвета золота.

      3. Флаг города Астаны – столицы Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с отношением ширины к длине 1:2 с размещением в середине герба города Астаны, от которого во все стороны отходят лучи солнца золотистого цвета.

Глава 2. Порядок использования герба столицы Республики Казахстан – города Астаны

      4. При изготовлении герба города Астаны должно быть обеспечено его изобразительное соответствие, приведенное в приложении 1 к настоящему описанию и порядку использования символов столицы Республики Казахстан – города Астаны.

      5. При одновременном размещении герба города Астаны и других гербов, герб города Астаны располагается не ниже других гербов и не выше Государственного Герба Республики Казахстан, при одновременном размещении нечетного числа гербов (гербовых эмблем, геральдических знаков), герб города Астаны располагается в центре, а при размещении четного числа гербов, но более двух – левее центра.

      6. При одновременном размещении герба города Астаны и других гербов (гербовых эмблем, геральдических знаков), герб города Астаны не должен быть по размеру меньше.

      7. Изображение герба города Астаны может помещаться (устанавливаться) в рабочих кабинетах, в залах заседаний, на вывесках государственных органов и иных организаций по желанию их владельцев.

      8. Герб города Астаны может изображаться на транспортных средствах государственных органов, а также в оформлении городского пассажирского транспорта или транспорта специальных служб, находящихся в ведении государственных органов, юридических и физических лиц.

      9. Герб города Астаны может использоваться в художественном оформлении столицы.

      10. Герб города Астаны не может использоваться юридическими лицами и индивидуальными предпринимателями при изготовлении печатей и штампов.

      Глава 3. Порядок использования флага столицы Республики Казахстан – города Астаны

      11. При изготовлении флага города Астаны должно быть обеспечено его изобразительное соответствие, приведенное в приложении 2 к настоящему описанию и порядку использования символов столицы Республики Казахстан – города Астаны. Допускается изготовление флага города Астаны различных размеров и из различных материалов, а также в виде вымпела.

      12. Флаг города Астаны, изготовленный с нарушением порядка, не может официально использоваться государственными органами, использоваться в художественном оформлении города, а также распространяться на территории столицы.

      13. При одновременном размещении флага города Астаны и других флагов, флаг города Астаны располагается не ниже других флагов и не выше Государственного Флага Республики Казахстан, при одновременном размещении нечетного числа флагов, флаг города Астаны располагается в центре, а при размещении четного числа флагов (но более двух) – левее центра. При одновременном размещении флага города Астаны и других флагов, флаг города Астаны не может быть по размеру меньше и не может располагаться ниже остальных флагов.

      14. Флаг города Астаны может быть поднят в дни празднования национальных, государственных и городских праздников на зданиях государственных органов и иных организаций города по желанию их владельцев.

      15. Флаг города Астаны может устанавливаться на зданиях (либо подниматься на флагштоках (мачтах), расположенных у фасадов зданий) организаций, независимо от их организационно-правовой формы, а также на жилых домах в дни национальных, государственных и городских праздников.

      16. Флаг города Астаны может подниматься (устанавливаться) во время официальных церемоний и других торжественных мероприятий, проводимых акиматом города Астаны и государственными органами, организациями, независимо от их организационно-правовой формы, и гражданами в столице.

      17. По случаю траура флаг города Астаны, поднятый на флагштоке (мачте), приспускается до половины высоты флагштока (мачты).

      18. Изображение флага города Астаны может помещаться на наградах и знаках к почетным званиям города Астаны, знаках различия в государственных органах, расположенных в столице.

      19. Флаг города Астаны (в виде флажка) может использоваться для внешнего оформления городского пассажирского транспорта в дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан.

  Приложение 1
к описанию и порядку
использования символов
столицы Республики Казахстан
– города Астаны

     


  Приложение 2
к описанию и порядку
использования символов
столицы Республики Казахстан
– города Астаны

     


Мәслихаттың 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV "Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының рәміздері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 266/34-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30662 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының рәміздері туралы" 2008 жылғы 5 маусымдағы № 109/16-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 537 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздерінің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін айқындау туралы";

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы мәслихатның хатшысы Е. Каналимов

  Астана қаласы мәслихатының
2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 266/34-VII шешіміне
қосымша
  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2008 жылғы 5 маусымдағы
№ 109/16-IV шешімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі

1-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздері

      1. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оны пайдалану тәртібі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. "Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті. "Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті "ASTANA" деген жазуы бар. "ASTANA" жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан.

      3. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасын пайдалану тәртібі

      4. Астана қаласының елтаңбасын дайындаған кезде осы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіне қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес бейнелеуі қамтамасыз етілуі тиіс.

      5. Астана қаласының елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласының елтаңбасы басқа елтаңбалардан төмен емес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасынан жоғары емес етіліп орнатылады, елтаңбалардың (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) тақ санын бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласының елтаңбасы ортасында орналасады, ал елтаңбалардың жұп сандарын орналастырған кезде, екеуден артық емес - орталықтың сол жағына орналасады.

      6. Астана қаласының елтаңбасын және басқа елтаңбаларды (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласы елтаңбасының көлемі кіші болмауға тиіс.

      7. Астана қаласы елтаңбасының бейнелері жұмыс кабинеттерде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында олардың иелерінің қалауы бойынша орнатылады (орналастырылады).

      8. Астана қаласының елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде бейнеленуі мүмкін.

      9. Астана қаласының елтаңбасы қаланы көркемдік безендіруде пайдалануы мүмкін.

      10. Астана қаласының елтаңбасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандарын дайындау кезінде пайдалана алмайды.

3-тарау. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының туын пайдалану тәртібі

      11. Астана туын шығару кезінде оның бейнесі 2-қосымшада айтылған Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасына және оларды пайдалану тәртібіне сәйкес келуі тиіс. Астана қаласының туын түрлі көлемдер мен түрлі материалдардан, сондай-ақ жалауша түрінде шығаруға жол беріледі.

      12. Тәртіп бұзыла дайындалған Астана қаласының туын мемлекеттік органдар ресми түрде, қаланы көркемдік ресімдеуде пайдалана алмайды, сондай-ақ Астана қаласының аумағында пайдаланылмайды.

      13. Астана қаласының туын және басқа туларды бір уақытта орналастырған кезде, Астана қаласының туы басқа тулардан төмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туынан жоғары орналастырылмайды, ал жұп санмен орналастырған жағдайда тура ортаның (екіден аспайтын) сол жағында орналастырылады. Астана қаласының туы мен басқа туларды бір уақытта орналастырған кезде, Астана қаласының туы көлемі бойынша кіші болмайды және басқа тулардан төмен орналастырылмайды.

      14. Астана қаласының туы ұлттық, мемлекеттік және қалалық мереке күндері мемлекеттік органдардың және қаланың басқа да мекемелерінің ғимараттарында иелерінің қалауы бойынша ілінуі мүмкін.

      15. Астана қаласының туы ұлттық, мемлекеттік және қалалық мереке күндері ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардың ғимараттарында (ғимарат қасбеттерінде орналасқан тутұғырларда (мачталарда), тұрғын үйлерде ілінуі мүмкін.

      16. Астана қаласының туы Астана қаласының әкімдігі және мемлекеттік органдар, ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар және азаматтар өткізетін ресми рәсімдерді және басқа салтанатты іс-шараларды өткізу уақытында көтерілуі (орнатылуы) мүмкін.

      17. Қаралы күні тутұғырда (мачтада) көтерілген Астана қаласының туы тутұғырдың (мачтаның) биіктігінің жартысына дейін түсіріледі.

      18. Астана қаласының туы Астана қаласының құрметті атағына берілетін белгілерге және марапаттарға, елордамыздың мемлекеттік органдарында ерекше белгілерде бейнеленуі мүмкін.

      19. Астана қаласының туы (жалауша түрінде) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігінің сыртын ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасының
елордасы –
Астана қаласы рәміздерінің
сипаттамасы және оларды
пайдалану тәртібіне
1-қосымша



  Қазақстан Республикасының
елордасы –
Астана қаласы рәміздерінің
сипаттамасы және оларды
пайдалану тәртібіне
2-қосымша