О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 11-2/13 "Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2023 года № 34. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 января 2023 года № 31781

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 11-2/13 "Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6760) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 11) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота биотоплива" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      Правила применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту агропродовольственных рынков и переработки сельскохозяйственной продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 26 января 2023 года № 34

  Утверждены приказом
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 17 января 2011 года № 11-2/13

Правила
применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива, разработаны в соответствии с подпунктом 11) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота биотоплива" и определяют порядок применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива.

      2. Производство биотоплива осуществляется при наличии контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива (далее – приборы учета) уполномоченному органу в области производства биотоплива (далее – уполномоченный орган), местному исполнительному органу области, города республиканского значения и столицы (далее – местный исполнительный орган).

      3. В качестве приборов учета используются специальные приборы, производящие непрерывное измерение и дистанционную передачу, обработку, хранение и выдачу (индикацию) посредствам програмного обеспечения, в режиме реального времени, информации об объемах производства биотоплива.

Глава 2. Порядок применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива

      4. Установку приборов учета осуществляют производители биотоплива на технологических линиях по производству биотоплива.

      К установке допускаются приборы учета, зарегистрированные в реестре государственной системы обеспечения единства измерений в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 923 "Об утверждении Правил разработки, утверждения, регистрации в реестре государственной системы обеспечения единства измерений и применения методик поверки средств измерений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18059) и прошедшие поверку в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 "Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18094).

      5. В случае отсутствия и (или) неисправности приборов учета производство биотоплива не осуществляется.

      При обнаружении неисправности в работе приборов учета производитель биотоплива в день выявления неисправности направляет соответствующее письменное уведомление в электронном виде посредством электронных каналов связи в уполномоченный орган и местный исполнительный орган.

      Дальнейший запуск процесса производства биотоплива осуществляется после установления причин и устранения неисправности в работе приборов учета.

      6. При устранении неисправности прибора учета производитель биотоплива в день устранения неисправности направляет соответствующее письменное уведомление в электронном виде посредством электронных каналов связи в уполномоченный орган и местный исполнительный орган.

      7. Приборы учета отвечают следующим основным требованиям:

      1) первичный преобразователь объемного расходомера приборов учета устанавливается на горизонтальном участке трубопровода, который во время измерения всегда заполнен по всему сечению. Между фланцем приборов учета и присоединительным фланцем оборудования, осуществляющего выпуск готового биотоплива, промежуточные фланцевые и другие разъемы трубопровода не допускаются;

      2) допустимая погрешность объемного расходомера приборов учета при измерении на горизонтальном участке трубопровода составляет ± 0,5 процентов;

      3) участок трубопровода, соединяющий напорный резервуар с объемным расходомером приборов учета, может иметь воздухоотводящий узел;

      4) температурный режим работы приборов учета составляет от 0 до + 40 градусов Цельсия;

      5) емкость памяти с нарастающим итогом;

      6) сохранение всей накопившейся информации в случае сбоев в работе приборов учета, а также при их замене;

      7) наличие системы безопасности от несанкционированного доступа (код, ключ, пломба, голографическая наклейка);

      8) защищенность от сбоев и внешних воздействий (отсекатель напряжения, источник бесперебойного питания), а в случае аварийных сбоев продолжительность автономной работы в электроснабжении не менее 3 суток;

      9) наличие технического паспорта к приборам учета, инструкции по эксплуатации и сертификат соответствия.

      8. Место установки объемного расходомера (фланцевые соединения), щит блока обработки информации во избежание несанкционированного доступа пломбируются работником местного исполнительного органа в течении 2 (двух) дней с момента получения уведомления от производителя биотоплива. По итогам опломбирования составляется акт в произвольной форме, с указанием мест наложения и номеров пломб.

"Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 31781 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2011 жылғы
17 қаңтардағы № 11-2/13
бұйрығымен
бекітілген

Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Биоотын өндірісі биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өндіріс көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптары (бұдан әрі – есептегіш аспаптар) болған кезде жүзеге асырылады.

      3. Есептегіш аспаптар ретінде биоотын өндірісінің көлемдерін үздіксіз өлшеуді жүргізетін және олар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қашықтықтан беруді, өңдеуді, сақтауды және беруді (индикацияны) жүргізетін арнайы аспаптар қолданылады.

2-тарау. Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану тәртібі

      4. Биоотын өндірушілер есептегіш аспаптарды биоотын өндіру жөніндегі технологиялық желілерде орнатуды жүзеге асырады.

      "Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 болып тіркелген) сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелді) сәйкес тексеруден өткен есептегіш аспаптарды орнатуға рұқсат етіледі.

      5. Есептегіш аспаптар болмаған және (немесе) ақаулы болған жағдайда, биоотын өндірісі жүзеге асырылмайды.

      Есептегіш аспаптардың жұмысында ақаулар анықталған жағдайда, биоотын өндіруші ақауды тапқан күні уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде тиісті жазбаша хабарлама жібереді.

      Биоотын өндіру процесін одан әрі іске қосу себептері анықталған жағдайда және есептегіш аспаптардың жұмысындағы ақаулар жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      6. Есептегіш аспаптың ақаулығы жойылған жағдайда, биоотын өндіруші ақаулық жойылған күні уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға электрондық байланыс арналары арқылы тиісті жазбаша хабарламаны электрондық түрде жібереді.

      7. Есептегіш аспаптарды қолдану мынадай негізгі талаптарға сай болуы тиіс:

      1) есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуішінің бастапқы түрлендіргіші өлшеу кезінде әрқашан барлық қимасы бойынша толып тұратын құбыржолдың көлбеу учаскесіне орнатылады. Есептегіш аспаптың фланеці мен дайын биоотынның шығаруын жүзеге асыратын жалғастырушы фланец арасына құбыржолдың аралық фланецін және басқа да ажыратқыштарды орнатуға жол берілмейді;

      2) құбыржолдың көлбеу учаскесінде өлшеу кезінде есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуішінің жол берілетін ақаулығы ± 0,5 пайызды құрайды;

      3) құбыржолдың есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуіші мен қысымды резервуарды жалғастыратын учаскесінде ауа шығаратын торап болуы мүмкін;

      4) есептегіш аспаптар жұмысының температуралық режимі 0-ден + 40 градус Цельсийге дейін құрайды;

      5) жадының сыйымдылығы өспелі көрсеткішпен көрсетіледі;

      6) есептегіш аспаптар жұмысында кідірістер болған жағдайда, сондай-ақ оларды ауыстыру кезінде барлық жиналған ақпараттың сақталуы қамтамасыз етіледі;

      7) заңсыз қолжетімділіктен қорғайтын қауіпсіздік жүйесінің (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма) болуы;

      8) кідірістерден және сыртқы әсерлерден қорғаулы болуы (кернеуді қайтарғыш, үздіксіз қоректендіру көзі), ал апатты кідірістер жағдайында электрмен жабдықтаудың автономды жұмыс істеу ұзақтығы 3 тәуліктен кем болмайды;

      9) есептегіш аспаптарда техникалық паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және сәйкестік сертификаты болады.

      8. Заңсыз қолжетімділікті болдырмас үшін көлемдік шығыстарды өлшегіш (шентемір жалғамалар) орнатылған орынды, ақпаратты өңдеу блогының қалқанын жергілікті атқарушы органның қызметкері биоотын өндірушіден хабарлама алған сәттен бастап 2 (екі) күн ішінде пломбалайды. Пломбалау қорытындысы бойынша пломбаларды салу орындары мен нөмірлерін көрсете отырып, еркін нысанда акт жасалады.