Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18059 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 923 бұйрығымен
бекітілген

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-2-бабының 15) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде әзірлеу, бекіту және тіркеу тәртібіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын салыстырып тексеру әдістемелерін қолдануға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу – өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындау және растау үшін салыстырып тексеру әдістемесінің жарамдылығын эксперименталдық растау;

      2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері – өлшем құралдарының белгіленген метрологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығының сипаты;

      3) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердiң, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың электрондық дерекқоры.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгіленген метрологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін қолданылады.

      4. Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге және орналастыруға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 № 441-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібі

      6. Салыстырып тексеру әдістемелерін:

      1) өлшем құралдарын Қазақстан Республикасында өндіруге және айналымға шығаруға дайындау кезінде өлшем құралдарын әзірлеуші-кәсіпорындар (дайындаушылар);

      2) оларды пайдалану кезінде өлшем құралдарын пайдаланушылар;

      3) пайдаланушылардың немесе дайындаушылардың өтінімі бойынша жеке және заңды тұлғалар.

      7. Салыстырып тексеру әдістемелері:

      1) мемлекетаралық өңірлік Қазақстан Республикасының немесе ұлттық стандарты, ұйым стандарты;

      2) пайдалану құжаттамасының немесе пайдалану құжаттары бөлімдерінің құрамындағы құжаттар (мысалы, салыстырып тексеру туралы нұсқаулар) түрінде әзірленеді.

      8. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар түрінде әзірленетін өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері ҚР СТ 1.2 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Ұлттық және алдын ала ұлттық стандарттарды әзірлеу тәртібі" Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес бекітіледі және тіркеледі.

      9. Салыстырып тексеру әдістемесін әзірлеу тәртібі белгіленген ҚР СТ 2.63 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері. Дайындау, бекіту және қолдану тәртібі" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Ұйым стандарты түрінде немесе пайдалану құжаттамасының құрамында әзірленетін өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің әзірлеушілері бекітеді және Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталыққа (бұдан әрі – МҒМО) байқау үшін жіберіледі.

      11. Байқауды жүргізген кезде теріс нəтижелер алынған жағдайда МҒМО өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін тиісті қорытындысымен бірге пысықтауға жібереді.

      12. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес бекітілген, байқаудан өткен өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері Заңның 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгілеген тәртіппен ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатады. Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен салыстырып тексеруші белгіленген.

      13. Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуден өтусіз Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберінде әзірленген (мемлекетаралық стандарттар, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қағидалар, мемлекетаралық стандарттау бойынша ұсыныстар түрінде);

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 1116 қаулысымен бекітілген, Өлшем құралдарының типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу мақсатында сынау нәтижелерін өзара тану туралы келісімге сәйкес сынақ нәтижелері мен типін бекітуді тануды жүргізу кезінде байқауды жүргізусіз, ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелгеннен кейін ТМД елдерінде әзірленген;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары түрінде әзірленген, бекітілген және тіркелген;

      4) осы Қағидалардың 9-12-тармағына сәйкес байқаудан өту нәтижелері бойынша ҚР МӨЖ тізілімінде әзірленген, бекітілген және тіркелген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін қолдануға рұқсат беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады