Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по использованию средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур

Приказ и.о. Заместителя Премьер-Министра - и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 27 марта 2023 года № 294. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 марта 2023 года № 32132.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 31.03.2023.

      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 68 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и срок реализации пилотного проекта по использованию средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательстве Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 31 марта 2023 года и подлежит официальному опубликованию.

      и.о. Заместителя Премьер-Министра
- и.о. Министра финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу и.о. Заместителя
Премьер-Министра
- и.о. Министра финансов
Республики Казахстан
от 27 марта 2023 года № 294

Правила и срок реализации пилотного проекта по использованию средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и срок реализации пилотного проекта по использованию средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1-1 статьи 68 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок использования средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур (далее – ИС ЭСФ) и срок реализации пилотного проекта (далее – Пилотный проект).

      2. Пилотный проект реализуется с 31 марта 2023 года по 31 декабря 2024 года в целях содействия налогоплательщикам по исключению факта осуществления взаиморасчетов с неблагонадежными поставщиками посредством ИС ЭСФ на территории Республики Казахстан в отношении налогоплательщиков, подлежащих регистрации в ИС ЭСФ.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) биометрическая идентификация – биометрические данные, характеризующие физиологические особенности человека и на основе которых возможно установить его личность (цифровая фотография);

      2) нормативно-справочная информация уполномоченного органа – информация, передаваемая из базы данных органов государственных доходов и не являющаяся налоговой тайной в соответствии с Налоговым кодексом;

      3) электронный счет-фактура (далее – ЭСФ) – документ, выписанный посредством ИС ЭСФ и соответствующий требованиям норм налогового законодательства и настоящим Правилам;

      4) участник ИС ЭСФ – лицо, подписавшее Соглашение об использовании информационной системы электронных счетов-фактур и зарегистрированное в ИС ЭСФ;

      5) Соглашение об использовании информационной системы электронных счетов-фактур (далее – Соглашение) – документ подписанный по форме утвержденной приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 22 апреля 2019 года № 370 "Об утверждении Правил выписки счета-фактуры в электронной форме в информационной системе электронных счетов-фактур и его формы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18583) удостоверенный электронной цифровой подписью налогоплательщика при регистрации в ИС ЭСФ (далее – Правила выписки ЭСФ);

      6) оператор ИС ЭСФ – государственный орган, являющийся администратором ИС ЭСФ;

      7) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

      Иные понятия, используемые в рамках настоящих Правил, применяются в соответствии с Налоговым кодексом и другими законодательными актами Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок использования средств биометрической идентификации в информационной системе электронных счетов-фактур

      4. Средства биометрической идентификации в ИС ЭСФ используются в следующих случаях:

      1) регистрации налогоплательщика в качестве участника ИС ЭСФ при подписании Соглашения, которое заверяется ЭЦП руководителя налогоплательщика;

      2) выявления в отношении участника ИС ЭСФ риска на основе системы управления рисками в соответствии с подпунктами 4), 5) пункта 5 статьи 136 и статьи 137 Налогового кодекса.

      В случае, предусмотренном подпунктом 2) настоящего пункта, участнику ИС ЭСФ, посредством ИС ЭСФ направляется оповещение о необходимости прохождения биометрической идентификации с момента доставки такого оповещения на портал ИС ЭСФ.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 28.12.2023 № 1331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4-1. В случае, предусмотренном подпунктом 2) пункта 4 настоящих Правил, биометрическая идентификация проводится только 1 (один) раз в день без ограничения количества выписки ЭСФ.

      При этом общее количество проведений биометрической идентификации не должно превышать 7 (семи) раз в течение календарного месяца, без ограничения количества выписки ЭСФ в таком месяце.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-1 в соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 28.12.2023 № 1331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Биометрическая идентификация осуществляется ИС ЭСФ.

      6. При осуществлении биометрической идентификации ИС ЭСФ проводит проверку на предмет соответствия данных ЭЦП руководителя налогоплательщика с данными о руководителе юридического лица, индивидуальном предпринимателе либо физическом лице с регистрационными данными, размещенными в нормативно-справочной информации оператора ИС ЭСФ и данными, размещенными на платформе "цифрового профиля" Министерства цифрового развития и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (did.gov.kz).

      7. При соответствии данных, указанных в пункте 6 настоящих Правил, оператором ИС ЭСФ осуществляется:

      1) в случае, предусмотренном в подпункте 1) пункта 4 настоящих Правил – присвоение налогоплательщику статуса участника ИС ЭСФ;

      2) в случае, предусмотренном в подпункте 2) пункта 4 настоящих Правил – обработка и присвоение регистрационного номера ЭСФ.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 28.12.2023 № 1331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Применение особенностей регистрации категории налогоплательщиков и наделение правами осуществляется в соответствии с Правилами выписки ЭСФ.

      9. Сбор, обработка и защита персональных данных при проведении Пилотного проекта, осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите".

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 наурызда № 32132 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 31.03.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының
міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

      "КЕЛЕСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының
міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 294 бұйрығына
қосымша

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібін және пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру мерзімін айқындайды.

      2. Пилоттық жоба 2023 жылғы 31 наурыздан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-да тіркелуге жататын салық төлеушілерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағында ЭШФ АЖ арқылы сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру фактілерін болдырмау жөнінде жәрдемдесу мақсатында іске асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) биометриялық сәйкестендіру – адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын биометриялық деректер (цифрлық фотосурет);

      2) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты – мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасынан берілетін және Салық кодексіне сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;

      3) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – ЭШФ АЖ арқылы жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін құжат;

      4) ЭШФ АЖ қатысушысы – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-да тіркелген тұлға;

      5) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қол қойылған, ЭШФ АЖ-да тіркелу кезінде салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған құжат (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭШФ жазып беру қағидалары);

      6) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын мемлекеттік орган;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Осы Қағидалар шеңберінде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.

2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі

      4. ЭШФ АЖ-да биометриялық сәйкестендіру құралдары мынадай:

      1) салық төлеуші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған Келесімге қол қойған кезде салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеген;

      2) Салық кодексінің 136-бабы 5-тармағының 4), 5) тармақшаларына және 137-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ЭШФ АЖ қатысушысына қатысты тәуекел анықталған жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ АЖ қатысушысына ЭШФ АЖ арқылы ЭШФ АЖ порталына хабарлама жіберілген сәттен бастап биометриялық сәйкестендіруден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2023 № 1331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, биометриялық сәйкестендіру күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.

      Бұл ретте биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны, сол айдағы ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, күнтізбелік ай ішінде 7 (жеті) реттен аспауы тиіс.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2023 № 1331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Биометриялық сәйкестендіруді ЭШФ АЖ-да жүзеге асырады.

      6. Биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асыру кезінде ЭШФ АЖ салық төлеуші басшысының ЭЦҚ деректерінің заңды тұлғаның басшысы, дара кәсіпкер не ЭШФ АЖ операторының нормативтік-анықтамалық ақпаратында орналастырылған тіркеу деректері бар жеке тұлға туралы деректермен және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "цифрлық бейін" платформасында орналастырылған деректермен сәйкестігіне тексеру жүргізеді (did.gov.kz).

      7. Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректер сәйкес келген кезде ЭШФ АЖ операторы:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – салық төлеушіге ЭШФ АЖ қатысушысы мәртебесін беруді;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ЭШФ-ны өңдеуді және тіркеу нөмірін беруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 28.12.2023 № 1331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Салық төлеушілер санатын тіркеу ерекшеліктерін қолдану және құқықтар беру ЭШФ жазып беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Пилоттық жобаны жүргізу кезінде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.