БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 наурызда № 32132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Пилоттық жоба 2023 жылғы 31 наурыздан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-да тіркелуге жататын салық төлеушілерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағында ЭШФ АЖ арқылы сенімсіз өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру фактілерін болдырмау жөнінде жәрдемдесу мақсатында іске асырылады.";
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, биометриялық сәйкестендіру күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.
Бұл ретте биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны, сол айдағы ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, күнтізбелік ай ішінде 3 (үш) реттен аспауы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі