Об утверждении квалификационных требований для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Приказ и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 апреля 2023 года № 165/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 мая 2023 года № 32416.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечень документов, подтверждающих соответствие им (далее – квалификационные требования).

      2. Департаменту развития электронной промышленности и индустрии цифровых активов Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 5) пункта 1 квалификационных требований, который вводятся в действие с 1 января 2024 года.

      Исполняющий обязанности
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
А. Турысов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
исполняющего обязанности
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 26 апреля 2023 года № 165/НҚ

Квалификационные требования для осуществления деятельности по цифровому майнингу и перечень документов, подтверждающих соответствие им

      Сноска. Квалификационные требования - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 04.12.2023 № 598/НҚ (порядок введения в действие см. п.4).

№ п/п

Квалификационные требования

Документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям

1

2

3

К деятельности цифрового майнера, имеющего на праве собственности или других законных основаниях центр обработки данных цифрового майнинга, – І подвид включают наличие:

1.

информации о включении в реестр аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга

Содержится в реестре аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга (при наличии на праве собственности или других законных основаниях аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга).

2.

информации о наличии на праве собственности или другом законном основании центра обработки данных цифрового майнинга

Подтверждающий документ о наличии на праве собственности или на другом законном основании центра обработки данных цифрового майнинга с указанием местонахождения центра обработки данных.

3.

информации о расположении центра обработки данных цифрового майнинга вне жилой зоны

Подтверждающий документ о расположении центра обработки данных цифрового майнинга вне жилой зоны (гарантированное письмо в произвольной форме).

4.

информации об осуществлении деятельности цифрового майнинга через цифровой майнинговый пул

Подтверждающие документы об осуществлении деятельности цифрового майнинга через цифровой майнинговый пул при аккредитованных майнинговых пулов на территории Республики Казахстан (при наличии на праве собственности или других законных основаниях аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга): справка, письменный ответ или договор, заключенный с цифровым майнинговым пулом.

В случае перехода в ходе осуществления деятельности цифрового майнинга, с одного цифрового майнингового пула на другой, цифровой майнер в течение 2 (двух) рабочих дней сообщает об этом в уполномоченный орган посредством информационной системы.

5.

информации о наличии автоматизированной системы коммерческого учета электрической энергии, специальной автоматики отключения нагрузки, систему телекоммуникаций, обеспечивающей их унификацию с системами, установленными у системного оператора и у энергопередающей организации при подключении к их сетям в соответствии с пунктом 2 статьи 9-4 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике" (далее – Закон).

Документ, подтверждающий наличие у цифрового майнера автоматизированной системы коммерческого учета электрической энергии, специальной автоматики отключения нагрузки, систему телекоммуникаций, обеспечивающей их унификацию с системами, установленными у системного оператора и у энергопередающей организации при подключении к их сетям в соответствии с пунктом 2 статьи 9-4 Закона.

6.

информации о наличии технических условий на подключение к электрическим сетям (далее – ТУ)*:
для цифровых майнеров, получивших ТУ от энергопередающих организаций исключительно от трансформаторных подстанций напряжением 35 киловольт и выше с разрешенной мощностью не менее одного мегаватта в соответствии с законодательством Республики Казахстан об электроэнергетике;
для цифровых майнеров, осуществивших подключение к электрическим сетям энергопередающей (энергопроизводящей) организации до 1 апреля 2023 года.

ТУ для цифровых майнеров, выданные энергопередающими организациями исключительно от трансформаторных подстанций напряжением 35 киловольт и выше с разрешенной мощностью не менее одного мегаватта в соответствии с законодательством Республики Казахстан об электроэнергетике.
ТУ, выданные энергопередающей (энегопроизводящей) организацией с соответствующим видом деятельности (дата-центры, производственные или промышленные здания).

К деятельности цифрового майнера, не имеющего на праве собственности или других законных основаниях центр обработки данных цифрового майнинга и осуществляющему цифровой майнинг с использованием принадлежащего ему на праве собственности аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга, размещенного в центре обработки данных цифрового майнинга, – ІІ подвид включают наличие:

7.

информации о включении в реестр аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга

Содержится в реестре аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга

8.

информации о размещении в центре обработки данных аппаратно-программного комплекса для цифрового майнинга, принадлежащего ему на праве собственности

Гарантированное письмо в произвольной форме о намерении сотрудничества с лицензированным майнером I подвида с указанием его наименования

9.

информации об осуществлении деятельности цифрового майнинга через цифровой майнинговый пул

Подтверждающие документы об осуществлении деятельности цифрового майнинга через цифровой майнинговый пул при аккредитованных майнинговых пулов на территории Республики Казахстан: справка, письменный ответ или договор, заключенный с цифровым майнинговым пулом.

В случае перехода в ходе осуществления деятельности цифрового майнинга, с одного цифрового майнингового пула на другой, цифровой майнер в течение 2 (двух) рабочих дней сообщает об этом в уполномоченный орган посредством информационной системы.

      Примечание: *Не распространяются на услугополучателей, приобретающих электроэнергию у энергопроизводящих организаций, генерирующие установки которых не подключены к единой электроэнергетической системе Республики Казахстан.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 мамырда № 32416 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – біліктілік талаптары).

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 1-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
А. Турысов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Цифрлық даму, инновациялар
  және аэроғарыш өнеркәсібі
  министрінің міндетін атқарушы
  2023 жылғы 26 сәуірдегі
  № 165/НҚ бұйрығымен
  бекітілген

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.12.2023 № 598/НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

№ п/п

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

1

2

3

Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің қызметіне – І кіші түрдің болуын қамтиды:

1.

цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы ақпарат

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімінде қамтылған (меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерінде цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің болған кезде)

2.

меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы ақпарат

Деректерді өңдеу орталығының орналасқан жерін көрсете отырып, меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы растайтын құжат

3.

цифрлық майнинг деректер орталығының тұрғын үй аймағынан тыс орналасуы туралы ақпарат

Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының тұрғын үй аймағынан тыс орналасуы туралы растайтын құжаттар (еркін нысандағы кепілдендірілген хат)

4.

цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар (меншік құқығында немесе цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің басқа да заңды негіздерінде болған кезде): анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт.

Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлайды.

5.

Қазақстан Республикасы "Электр энергетикасы туралы" Заңының 9-4-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес цифрлық майнерде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуы туралы ақпарат

Заңның 9-4-бабының 2-тармағына сәйкес цифрлық майнерде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуын растайтын құжат.

6.

электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың (бұдан әрі – ТШ) болуы туралы ақпарат*:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана энергия беруші ұйымдардан ТШ алған цифрлық майнерлер үшін;
2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін

Заңға сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан энергия беруші ұйымдар берген цифрлық майнерлер үшін ТШ.
тиісті қызмет түрі (дата-орталықтар, өндірістік немесе өнеркәсіптік ғимараттар) бар энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым берген ТШ.

Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және оған меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған, цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің қызметіне – ІІ кіші түрдің болуын қамтиды:

7.

цифрлық майнингке үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне енгізу туралы ақпарат

цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама

8.

меншік құқығында оған тиесілі цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің деректерді өңдеу орталығында орналастырылуы туралы ақпарат

I кіші түрдегі лицензияланған майнерімен, оның атауын көрсете отырып, ынтымақтастық ниеті туралы еркін нысандағы кепілдендірілген хат

9.

цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар: анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт).

Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлайды.

      Ескертпе: *Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.