"Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ және "Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 598/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 33728 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32416 болып тіркелген):

      аталған бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі (бұдан әрі – біліктілік талаптар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32431 болып тіркелген):

      аталған бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларында:

      1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымшаның 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана энергия беруші ұйымдардан берілген цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың электрондық көшірмесі.

      2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік немесе өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың электрондық көшірмесі*.".

      11 қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Цифрлық даму, инновациялар
  және аэроғарыш өнеркәсібі
  министрі
  2023 жылғы 4 желтоқсандағы
  № 598/НҚ
  Бұйрыққа 1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Цифрлық даму, инновациялар
  және аэроғарыш өнеркәсібі
  министрінің міндетін атқарушы
  2023 жылғы 26 сәуірдегі
  № 165/НҚ бұйрығымен
  бекітілген

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

№ п/п

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

1

2

3

Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің қызметіне – І кіші түрдің болуын қамтиды:

1.

цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы ақпарат

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімінде қамтылған (меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерінде цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің болған кезде)

2.

меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы ақпарат

Деректерді өңдеу орталығының орналасқан жерін көрсете отырып, меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы растайтын құжат

3.

цифрлық майнинг деректер орталығының тұрғын үй аймағынан тыс орналасуы туралы ақпарат

Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының тұрғын үй аймағынан тыс орналасуы туралы растайтын құжаттар (еркін нысандағы кепілдендірілген хат)

4.

цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар (меншік құқығында немесе цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің басқа да заңды негіздерінде болған кезде): анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт.

Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлайды.

5.

Қазақстан Республикасы "Электр энергетикасы туралы" Заңының 9-4-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес цифрлық майнерде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуы туралы ақпарат

Заңның 9-4-бабының 2-тармағына сәйкес цифрлық майнерде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, жүктемені ажыратудың арнаулы автоматикасының, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда орнатылған жүйелермен өздерін біріздендіруді олардың желілеріне қосылған кезде қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің болуын растайтын құжат.

6.

электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың (бұдан әрі – ТШ) болуы туралы ақпарат*:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан ғана энергия беруші ұйымдардан ТШ алған цифрлық майнерлер үшін;
2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосуды жүзеге асырған цифрлық майнерлер үшін

Заңға сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан энергия беруші ұйымдар берген цифрлық майнерлер үшін ТШ.
тиісті қызмет түрі (дата-орталықтар, өндірістік немесе өнеркәсіптік ғимараттар) бар энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым берген ТШ.

Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және оған меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған, цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің қызметіне – ІІ кіші түрдің болуын қамтиды:

7.

цифрлық майнингке үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне енгізу туралы ақпарат

цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама

8.

меншік құқығында оған тиесілі цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің деректерді өңдеу орталығында орналастырылуы туралы ақпарат

I кіші түрдегі лицензияланған майнерімен, оның атауын көрсете отырып, ынтымақтастық ниеті туралы еркін нысандағы кепілдендірілген хат

9.

цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар: анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт).

Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлайды.

      Ескертпе: *Генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Цифрлық майнинг бойынша қызметті
  лицензиялау қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

Өтініш I кіші түрдегі қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін – меншік құқығындағы цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы немесе басқа цифрлық майнинг заңды деректер орталығы

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға I кіші түр лицензияны

      және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.

      Жеке кәсіпкердің мекен-жайы/заңды мекен-жайы:

      ___________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта __________________ Телефон ______________

      Цифрлық майнинг деректер орталығының мекен-жайы

      ___________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электр энергиясын алу тәсілі __________________________________________

      (электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан/

      генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр

      энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан).

      _____ парақ қоса беріледі.

      Осымен расталады:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;

      көрсетілетін қызметті алушыға соттың лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді лицензия беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған деректерді пайдалануға келіседі.

      _____________________________ _____________________________

      (электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні 20 __ жылғы "__" __________

  Бұйрыққа 3-қосымша
  Цифрлық майнинг жөніндегі
  қызметті лицензиялау
  қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр
лицензиясы

Берілген күні: жыл

Лицензия нөмірі:

Берілген

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Айналысуға берілді

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы") (бұдан әрі – Заң)

Ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Ескерту

(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бастапқы берілген күні

______ жылғы "____" __________

Лицензияның қолданылу мерзімі

______ жылғы "____" __________

Берілген орны


  Бұйрыққа 4-қосымша
  Цифрлық майнинг жөніндегі
  қызметті лицензиялау
  қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған II кіші түр
лицензиясы

Берілген күні: жыл

Лицензия нөмірі:

Берілген

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Айналысуға берілді

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы") (бұдан әрі – Заң)

Ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Ескерту

(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бастапқы берілген күні

______ жылғы "____" __________

Лицензияның қолданылу мерзімі

______ жылғы "____" __________

Берілген орны


  Бұйрыққа 5-қосымша
  Цифрлық майнинг жөніндегі
  қызметті лицензиялау
  қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған І кіші түр
лицензиясына қосымша

Лицензияның берілген күні

Лицензия нөмірі:

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)

І кіші түр-меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Деректер орталығының орналасқан жері

(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі)

Электр энергиясын алу тәсілі

(электр энергиясын орталықтандырған сауда-саттықта бірыңғай сатып алушыдан/ генерациялайтын қондырғылары Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған энергия өндіруші ұйымдардан)

Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қосымшаның нөмірі


Қолданылу мерзiмi

______ жылғы "____" __________

Қосымшаның берілген күні

______ жылғы "____" __________

  Бұйрыққа 6-қосымша
  Цифрлық майнинг жөніндегі
  қызметті лицензиялау
  қағидаларына
  7-қосымша
  Нысан

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған ІІ кіші түр

лицензиясына қосымша 

Лицензияның берілген күні

Лицензия нөмірі:

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)

ІI кіші түр – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, Цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы.

Көрсетілетін қызметті беруші

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары

("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес бірнеше цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталықтары болған кезде олардың орналасқан жері көрсетіледі)

Басшы (уәкiлеттi тұлға)

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Қосымшаның нөмірі


Қолданылу мерзiмi

______ жылғы "____" __________

Қосымшаның берілген күні

______ жылғы "____" __________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады