О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 мая 2023 года № 196. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2023 года № 32579.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
Е. Карашукеев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 24 мая 2023 года № 196

Перечень некоторых приказов Министра сельского хозяйства Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. В приказе исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 269 "Об утверждении Правил предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11250):

      в Правилах предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений, утвержденных указанным приказом:

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Изготовление и выдача идентификационного документа на земельный участок осуществляется в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Изготовление и выдача актов на земельные участки", утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 301 "Об утверждении Правил по оказанию государственных услуг в сфере земельных отношений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21366).".

      2. Утратил силу приказом и.о. Министра сельского хозяйства РК от 21.08.2024 № 284 (вводится в действие c 12.12.2024).

      3. В приказе Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 145 "Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20540):

      в Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных, утвержденных указанным приказом:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. При определении мест выпаса и прогона сельскохозяйственных животных предусматриваются и осуществляются мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, а также обеспечивается неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных в соответствии с пунктом 1 статьи 17 Закона Республики Казахстан "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира".".

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32579 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 196 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 269 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11250 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.08.2024 № 284 (12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".