О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 551 "Об утверждении Правил направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 440. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2023 года № 32656

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 551 "Об утверждении Правил направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9759) следующие изменения и дополнения:

      В Правилах направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания, утвержденных указанным приказом:

      пункт 9 исключить;

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Осужденные к лишению свободы направляются в учреждения в соответствии с приговором или постановлением суда.";

      дополнить пунктом 10-1 следующего содержания:

      "10-1. Для выполнения работ по хозяйственному обслуживанию в учреждениях чрезвычайной или полной безопасности привлекаются впервые осужденные к лишению свободы, которым отбывание наказания назначено в учреждении средней безопасности.

      Направление осужденного в учреждение чрезвычайной или полной безопасности для выполнения работ по хозяйственному обслуживанию осуществляется по согласованию с их начальниками.

      Копия постановления о направлении осужденного в учреждение чрезвычайной или полной безопасности не позднее следующего рабочего дня направляется прокурору.";

      дополнить пунктами 13-1, 13-2 и 13-3 следующего содержания:

      "13-1. В случае невозможности отдельного содержания осужденных женщин – бывших работников судов, правоохранительных и специальных государственных органов, лиц, уполномоченных на осуществление контроля и надзора за поведением осужденных, они направляются в учреждения для содержания осужденных женщин.

      13-2. В учреждения минимальной безопасности, предназначенные для содержания лиц, указанных в пункте 1 части 5 статьи 46 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее - УК) направляются лица, ранее не отбывавшие лишение свободы за совершение умышленных преступлений: осужденные за преступления, совершенные по неосторожности; осужденные за преступления, не связанные с применением насилия, предусмотренные главами 7, 8, 9, 12 и 13 УК; осужденные за преступления, предусмотренные главой 15 УК, в случае полного возмещения ими ущерба, причиненного преступлением; впервые осужденные за совершение умышленного преступления, за которое назначено наказание к лишению свободы на срок до двух лет.

      13-3. В учреждения минимальной безопасности, предназначенные для содержания положительно характеризующихся осужденных, переведенных из учреждений средней и максимальной безопасности в порядке, предусмотренном статьей 96 УИК, также направляются лица, ранее отбывавшие лишение свободы за совершение умышленных преступлений: осужденные за преступления, совершенные по неосторожности; осужденные за преступления, не связанные с применением насилия, предусмотренные главами 7, 8, 9, 12 и 13 УК; осужденные за преступления, предусмотренные главой 15 УК, в случае полного возмещения ими ущерба, причиненного преступлением.".

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      министр внутренних
дел Республики Казахстан
М. Ахметжанов

"Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32656 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:

      9-тармақ алып тасталсын:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.

      "10. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес мекемелерге жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармағымен толықтырылсын:

      "10-1. Төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады.

      Шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3-тармақтарымен толықтырылсын:

      "13-1. Сотталған әйелдерді – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда олар сотталған әйелдерді ұстауға арналған мекемелерге жіберіледі.

      13-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 46-бабы 5-бөлігінің 1) тармағында көрсетілген адамдарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтемеген адамдар: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар; ҚК-ның 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ҚК-ның 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталғандар; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған алғаш рет сотталған адамдар жіберіледі.

      13-3. ҚАК-ның 96-бабында көзделген тәртiппен орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған, оң мiнезделетін сотталғандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге сондай-ақ, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдар: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар; ҚК-ның 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ҚК-ның 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдар жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов