О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 79 "Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 августа 2023 года № 150. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 августа 2023 года № 33306

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 79 "Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32587) следующие изменения:

      в Правилах определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства, утвержденных указанным приказом:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Уточнение лимита долга местных исполнительных органов производится в случае изменения бюджетных параметров, при уточнении республиканского бюджета в течение соответствующего финансового года.

      В случае образования местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, а также изменения границ административно-территориальной единицы путем выделения или разделения населенных пунктов уточнение лимита долга местных исполнительных органов производится на основании данных центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета с учетом заключенных договоров между соответствующими местными исполнительными органами по разделению долга.";

      приложение 2 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту политики управления обязательствами государства и развития финансового сектора Министерства национальной экономики Республики Казахстана в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
А. Куантыров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
от 15 августа 2023 года № 150
  Приложение 2
к Правилам определения лимита
правительственного долга
и долга местного исполнительного
органа, лимитов предоставления
государственных гарантий
и поручительств государства

Формулы определения лимитов долга местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы

      1. Лимит долга местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы на планируемый период определяется согласно следующей формуле:

      Lslg = Dlg + RtogchLg * k – Plg, где:

      Lslg – лимит долга местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы в планируемом финансовом году;

      Dlg – долг местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы на начало планируемого финансового года;

      При этом в случае уточнения бюджетных параметров в течение соответствующего финансового года под Dlg применяется фактический объем долга местного исполнительного органа на конец года, предшествующего планируемому финансовому году.

      При этом в случае образования местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, а также изменения границ административно-территориальной единицы путем выделения или разделения населенных пунктов применяются данные центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета с учетом заключенных договоров между соответствующими местными исполнительными органами по разделению долга.

      RtogchLg – прогнозные данные центрального уполномоченного органа по государственному планированию по сумме собственных доходов местного бюджета и трансфертов общего характера в планируемом финансовом году;

      При этом в случае уточнения бюджетных параметров в течение соответствующего финансового года учитываются утвержденные данные трансфертов общего характера.

      k – поправочный коэффициент для местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы 0,1;

      Plg – объем средств местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы, направляемых на погашение долга в планируемом финансовом году.

      2. Определяемый лимит долга соответствует следующему требованию:

      В2 ≤ RtogchLg * к, где:

      B2 – прогнозные данные центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета по планируемым объемам затрат на погашение и обслуживание долга соответствующего местного исполнительного органа в планируемом финансовом году.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 25 мамырдағы № 79 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 тамызда № 33306 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32587 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджет параметрлері өзгерген жағдайда, республикалық бюджет тиісті қаржы жылы ішінде нақтыланған кезде жүргізіледі.

      Елді мекендерді бөлу немесе бөліп шығару жолымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрылған, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген жағдайда борышты бөлу жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған шарттарды ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері негізінде жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау жүргізіледі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 15 тамыздағы
№ 150 Бұйрыққа
қосымша
  Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін,
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін беру
лимиттерін айқындау
қағидаларына
2-қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының лимиттерін айқындау формулалары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

      Lslg = Dlg + RtogchLg * k – Plg, мұндағы:

      Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы лимиті;

      Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы;

      Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда Dlg-ге жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы жергілікті атқарушы орган борышының нақты көлемі қолданылады.

      Бұл ретте елді мекендерді бөлу немесе бөліп шығару жолымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрылған, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген жағдайда борышты бөлу жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған шарттарды ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның деректері қолданылады.

      RtogchLg – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жоспарланатын қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің меншікті кірістері мен жалпы сипаттағы трансферттердің сомасы бойынша болжамды деректері;

      Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда жалпы сипаттағы трансферттердің бекітілген деректері ескеріледі.

      k – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы үшін түзету коэффициенті 0,1;

      Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылындағы борышты өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.

      2. Айқындалатын борыш лимиті мынадай талапқа сәйкес келеді:

      В2 ≤ RtogchLg * к, мұндағы:

      B2 – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жоспарланған қаржы жылындағы тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың жоспарланатын көлемі бойынша болжамды деректері.