Об утверждении Порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Аксуат

Решение маслихата района Ақсуат области Абай от 23 мая 2023 года № 4/14-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 6 июня 2023 года № 88-18.

      Сноска. Заголовок решения в редакции решения маслихата района Ақсуат области Абай от 03.07.2024 № 17/7-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" маслихат района Аксуат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Аксуат согласно приложения к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата района Ақсуат области Абай от 03.07.2024 № 17/7-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
      Ж. Оразгалиев

  Приложение к решению
маслихата района Аксуат
от 23 мая 2023 года
№ 4/14-VIII

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Аксуат

      Сноска. Заголовок приложения в редакции решения маслихата района Ақсуат области Абай от 03.07.2024 № 17/7-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1.Настоящий порядок разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяет порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Аксуат.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата района Ақсуат области Абай от 03.07.2024 № 17/7-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района Аксуат области Абай.

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения маслихата района Ақсуат области Абай от 03.07.2024 № 17/7-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок и размер оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств, специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Аксуат, без истребования заявлений от получателей, на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций, предоставляется в денежной форме через банки второго уровня.

      4. Социальная поддержка оказывается лицам, постоянно проживающим и работающим в сельских населенных пунктах на территории района Аксуат.

      5. Социальная поддержка оказывается один раз в год за счет средств бюджета в размере 11,197 месячных расчетных показателей.

Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 маусымда № 88-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      Ж. Оразгалиев

  Ақсуат аудандық мәслихатының
2023 жылғы 23 мамырдағы
№ 4/14-VIII шешіміне
қосымша

Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1.Осы тәртіп "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Абай облысы Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Ақсуат ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,197 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.