Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданы мәслихатының "Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
Ж. Оразгалиев |