Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
Ж. Оразгалиев |
Ақсуат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/14-VIII шешіміне қосымша |
Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1.Осы тәртіп "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Абай облысы Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 03.07.2024 № 17/7-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
3. Ақсуат ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау Ақсуат ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 25.11.2024 № 21/4-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).