Об утверждении Правил управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы

Постановление акимата города Алматы от 28 февраля 2023 года № 1/125. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 1 марта 2023 года № 1720

      В соответствии с подпунктом 9-17) статьи 4 Закона Республики Казахстан "Об особом статусе города Алматы", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Алматы.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Е. Досаев

  Приложение
к постановлению акимата
города Алматы
от 28 февраля 2023 года № 1/125

Правила управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления и эксплуатации транспортной инфраструктуры города Алматы (далее – Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "Об особом статусе города Алматы" и определяют порядок управления и эксплуатации объектов транспортной инфраструктуры города Алматы, находящихся в коммунальной собственности.

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) учредитель управляющей компании транспортной инфраструктуры города Алматы – местный исполнительный орган города Алматы (далее – учредитель);

      2) орган управления – уполномоченный орган соответствующей отрасли (сферы), осуществляющий права владения и пользования государственным пакетом акций (долями участия в уставном капитале) акционерного общества (товарищества с ограниченной ответственностью) и/или управление коммунальным предприятием;

      3) управляющая компания – юридическое лицо, определенное решением местного исполнительного органа, осуществляющее функции управления объектами и заключившее договор с учредителем;

      4) объекты транспортной инфраструктуры – технологический комплекс, включающий в себя железнодорожные, трамвайные, легкорельсовые, монорельсовые и внутренние водные пути, автомобильные дороги, тоннели, эстакады, мосты, вокзалы и станции, пункты обслуживания пассажиров, линии метрополитена, порты, портовые средства, судоходные гидротехнические сооружения, аэродромы, аэропорты, транспортно-логистические центры, объекты систем связи, навигации и управления движением транспортных средств, магистральный трубопровод, а также иные обеспечивающие функционирование транспортного комплекса здания, сооружения, устройства и оборудования, находящиеся в коммунальной собственности города Алматы (далее – объект).

Глава 2. Основания возникновения права на управление и эксплуатацию объектом

      3. Права на управление и эксплуатацию объектом возникает на основании решения местного исполнительного органа города Алматы.

      4. Объект передается в управление компании, осуществляющей функции управления на срок не более пяти лет.

      5. Управление объектом возникает (учреждается) на основании сделки по договору (далее – Договор).

Глава 3. Требования к эксплуатации объекта и порядок управления
транспортной инфраструктуры

      6. До принятия объекта в управление управляющая компания изучает:

      1) технический паспорт и состав объекта (сооружение и технологическое оборудование, балансовая стоимость), порядок и состав технологических операций;

      2) функциональные особенности элементов объекта (назначение сооружения, оборудования, технологические и технические характеристики, режим работы и эксплуатации);

      3) состав и технические характеристики инженерно-технических систем обеспечения безопасности (средства сигнализации, контроль доступа, досмотр, видеонаблюдение, аудио и видеозаписи, связь, освещение, сбор, обработка, прием и передача информации);

      4) географические, топологические, климатические характеристики района расположения объекта;

      5) регламенты взаимодействия с соответствующими территориальными подразделениями Министерства внутренних дел Республики Казахстан, другими органами государственной власти и местного самоуправления в области обеспечения безопасности объекта;

      7. По итогам изучения управляющая компания предоставляет:

      1) результаты изучения проектной, технической, технологической документации и документов информационного характера;

      2) результаты изученной документации и визуального обследования объекта и систем жизнеобеспечения, проверки работоспособности и фактического его состояния;

      3) определение оценки вероятности возможных последствий (нанесенного ущерба) экономического, социального, техногенного характера при анализе потенциальных угроз акта незаконного вмешательства применительно к конкретному объекту;

      4) описание уязвимых зон и критических элементов объекта, оценку эффективности существующей системы обеспечения безопасности объекта;

      5) анализ выводов и результатов, определяющих соответствие представленной документации и фактических результатов обследования объекта требованиям руководящих нормативных документов и требованиям по обеспечению безопасности;

      6) акт приемки-передачи объекта в управление.

      8. При принятии объекта в управление управляющая компания обеспечивает:

      1) эксплуатацию объекта в соответствии с требованиями действующих нормативных документов (государственных норм и стандартов);

      2) постоянную функциональную исправность объекта, сохранность свойств как сооружения в целом, так и отдельных его элементов;

      3) содержание, эксплуатацию, текущий и плановый ремонт инженерно-технического оборудования в соответствии с инструкциями заводов-изготовителей и нормативными документами.

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/125 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 наурызда № 1720 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заңының 4-бабы 9-17) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 1/125 қаулысына
қосымша

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншіктегі Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымының басқарушы компаниясының құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);

      2) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын және/немесе коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың (аясының) уәкілетті органы;

      3) басқарушы компания – жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалған, объектілерді басқару функцияларын жүзеге асыратын және құрылтайшымен шарт жасасқан заңды тұлға;

      4) көліктік инфрақұрылымның объектілері – Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен (бұдан әрі – объект).

2 - тарау. Объектіні басқаруға және пайдалануға құқықтың туындау негіздері

      3. Объектіні басқару және пайдалану құқығы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде туындайды.

      4. Объект бес жылдан аспайтын мерзімге басқару функциясын жүзеге асыратын компанияның басқаруына беріледі.

      5. Объектіні басқару шарт (бұдан әрі – Шарт) бойынша мәміле негізінде туындайды (құрылады).

3 - тарау. Объектіні пайдалануға қойылатын талаптар және көліктік
инфрақұрылымды басқару тәртібі

      6. Объектіні басқаруға қабылдағанға дейін басқарушы компания:

      1) техникалық паспортты және объект құрамын (құрылысты және технологиялық жабдықты, теңгерімдік құнын), технологиялық операциялардың тәртібі мен құрамын;

      2) объект элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін (құрылыстың, жабдықтың мақсатын, технологиялық және техникалық сипаттамаларын, жұмыс және пайдалану тәртібін);

      3) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің инженерлік-техникалық жүйелерінің құрамын және техникалық сипаттамаларын (сигнал беру құралдары, рұқсат беруді бақылау, тексеріп қарау, бейнебақылау, аудио және бейнежазбалар, байланыс, ақпаратты жариялау, өңдеу, қабылдау және беру);

      4) объект орналасқан ауданның географиялық, топологиялық, климаттық сипаттамаларын;

      5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тиісті аумақтық бөлімшелерімен, объект қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқа мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау регламенттерін зерделейді.

      7. Зерттеу нәтижелері бойынша басқарушы компания:

      1) жобалау, техникалық, технологиялық құжаттаманы және ақпараттық сипаттағы құжаттарды зерделеудің жұмыс нәтижелерін;

      2) зерделенген құжаттаманың және объектіні және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін шолып зерттеу, жұмысқа қабілеттілігін және оның нақты жай-күйін тексеру нәтижелерін;

      3) нақты объектіге қатысты заңсыз араласу актісінің ықтимал қауіп-қатерін талдау кезінде экономикалық, әлеуметтік, техногендік сипаттағы ықтимал салдардың (келтірілген нұқсанның) мүмкіндігін бағалауды айқындауды;

      4) объектінің осал аймақтарының және сыни элементтерінің сипаттамасын, объект қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігін бағалауды;

      5) ұсынылған құжаттаманың және объектіні зерттеудің нақты нәтижелерінің басқарушы нормативтік құжаттардың талаптарына және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігін айқындайтын қорытындылар мен нәтижелердің талдауын;

      6) объектіні басқаруға беру-қабылдау актісін ұсынады.

      8. Объектіні басқаруға қабылдау кезінде басқарушы компания:

      1) қолданыстағы нормативтік құжаттардың (мемлекеттік нормалар мен стандарттардың) талаптарына сәйкес объектіні пайдалануды;

      2) объектінің тұрақты функционалдық жарамдылығын, тұтас алғанда құрылыстың, сондай-ақ оның жекелеген элементтері қасиеттерінің сақталуын;

      3) өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарына және нормативтік құжаттарға сәйкес инженерлік-техникалық жабдықты күтіп ұстауды, пайдалануды, ағымдағы және жоспарлы жөндеуді қамтамасыз етеді.