О внесении изменения и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 марта 2024 года № 229. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 марта 2024 года № 34148

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан следующие изменение и дополнения:

      1) в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 551 "Об утверждении Правил направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9759):

      В Правилах направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4-1 изложить в следующей редакции:

      "4-1. В случае осуждения лица, являющегося жителем другой области, по предварительному согласованию с Комитетом УИС оно направляется следственным изолятором в соответствующее учреждение той области, где проживают лица, с кем оно поддерживает социально полезные связи.

      При этом, срок регистрации по месту жительства лиц, с кем осужденный поддерживает социально полезные связи, учитывается, если он составляет не менее шести месяцев со дня регистрации.

      Следственный изолятор в течение трех рабочих дней после вынесения приговора суда отбирает у осужденного расписку произвольной формы с указанием в них лиц, с кем он поддерживает социально полезные связи, места их проживания и направляет в Комитет УИС.";

      дополнить пунктом 17 следующего содержания:

      "17. При направлении осужденного, зарегистрированного в другой области, в учреждение области (города), где проживают лица, с кем он поддерживает социально полезные связи, в его личное дело вносятся корректировки в части отнесения его к жителю той области, где расположено учреждение.";

      2) в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 375 "Об утверждении Правил перевода осужденного для поддержания социально полезных связей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15332):

      Правила перевода осужденного для поддержания социально полезных связей, утвержденные указанным приказом дополнить главой 4 следующего содержания:

      "Глава 4. Постановка и снятие осужденного с очереди на перевод

      23. Комитет УИС по итогам рассмотрения заявления при отсутствии свободных мест в учреждении, в случае соответствия другим требованиям части 4-1 статьи 88 УИК и настоящих Правил, принимает решение о переводе осужденного и постановке его в очередь.

      24. Администрация принимающего учреждения после получения наряда Комитета УИС на перевод осужденного осуществляет его постановку с соблюдением очередности в Список осужденных учреждения на перевод (далее - Список) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      Постановка осужденного в Список осуществляется по его согласию.

      25. В день образования свободного места, администрация принимающего учреждения удостоверяется в соответствии степени поведения осужденного, состоящего следующим в Списке, требованиям части 4-1 статьи 88 УИК, а также проверяет регистрацию лица, с кем он поддерживает социально полезные связи, указанного в наряде Комитета УИС.

      26. Администрация принимающего учреждения после осуществления мер, определенных настоящими Правилами, для этапирования осужденного согласно Списку, сообщает об этом в администрацию учреждения, в котором он содержится, и в Комитет УИС.

      27. Осужденный снимается со Списка в следующих случаях:

      смерти;

      освобождения;

      изменения вида учреждения;

      перевода в другое учреждение в целях поддержания социально полезных связей, либо по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 3) 4) части четвертой статьи 88 УИК;

      фактического непроживания лица по месту регистрации, с кем он поддерживает социально полезные связи;

      наличие у него отрицательной степени поведения на день наступления очереди на перевод;

      отсутствие положительной степени поведения у осужденного, переведенного по подпункту 4) части четвертой статьи 88 УИК, на день наступления очереди на перевод;

      его письменного отказа от перевода.

      Решение о снятии осужденного со Списка принимается Комитетом УИС с одновременным уведомлением осужденного или его родственника, инициировавшего перевод.";

      дополнить приложением согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов

      "СОГЛАСОВАНО"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан
"___" _______ 2024 года

  Приложение к приказу
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 13 марта 2024 года № 229
  Приложение
к Правилам перевода
осужденного для поддержания
социально полезных связей

Список осужденных учреждения на перевод Учреждение № __

ФИО (при его наличии) осужденного

Дата наряда

№ наряда

Учреждение- отправитель

Принимающее учреждение

Дата и отметка об исполнении наряда

ФИО (при его наличии), ИИН заявителя

1

2

3

4

5

6

7

8


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 наурызда № 34148 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Басқа облыстың тұрғыны болып табылатын адамды соттаған жағдайда ҚАЖ комитетімен алдын ала келісіп оны тергеу изоляторы әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы тиісті мекемеге жібереді.

      Бұл ретте, сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдардың тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі, егер ол тіркелген күннен бастап кемінде алты айды құраса ескеріледі.

      Тергеу изоляторы соттың үкімі шыққанан кейін үш жұмыс күні ішінде сотталғаннан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамдарды, олардың тұратын жерлерін көрсетумен еркін нысанда қолхат алады және ҚАЖ комитетіне жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Басқа облыста тіркелген сотталған адамды оның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы (қаладағы) мекемеге жібергенде, оның жеке ісіне оны мекеме орналасқан облыстың тұрғынына жатқызу бөлігінде түзетулер енгізіледі.";

      2) "Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15332 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Сотталған адамды ауыстыру кезегіне қою және алып тастау

      23. ҚАЖ комитеті мекемелерде бос орындар болмаған кезде өтінішті қарау қорытындылары бойынша ҚАК-тың 88-бабы 4-1-бөлігінің және осы Қағидалардың басқа талаптарына сәйкес болған жағдайда, сотталған адамды ауыстыру және оны кезекке қою туралы шешім қабылдайды.

      24. Қабылдайтын мекеменің әкімшілігі сотталған адамды ауыстыруға ҚАЖ комитетінің нарядын алғаннан кейін кезектілікті сақтаумен оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізіміне (бұдан әрі - Тізім) қоюды жүзеге асырады.

      Сотталған адамды Тізімге қою оның келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      25. Бос орын пайда болған күні қабылдайтын мекеменің әкімшілігі Тізімде келесі болып тұрған сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі ҚАК-тың 88-бабы 4-1 бөлігінің талаптарына сәйкестігіне көз жеткізеді, сондай-ақ ҚАЖ комитетінің нарядында көрсетілген әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамның тіркелуін тексереді.

      26. Қабылдайтын мекеменің әкімшілігі осы Қағидаларда айқындалған шараларды жүзеге асырғаннан кейін, сотталған адамды Тізімге сәйкес этаппен жөнелту үшін бұл туралы ол ұсталатын мекеменің әкімшілігіне және ҚАЖ комитетіне хабарлайды.

      27. Сотталған адам Тізімнен мынадай жағдайларда:

      қайтыс болғанда;

      босатылғанда;

      мекеменің түрін өзгерткенде;

      әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында не ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша басқа мекемеге ауыстырғанда;

      ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамның тіркелген жері бойынша нақты тұрмауы;

      ауыстыруға кезек келген күні онда теріс мінез-құлық дәрежесінің болуы;

      ауыстыруға кезек келген күні ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталған адамда оң мінез-құлық дәрежесінің болмауы;

      ол басқа мекемеге ауыстырудан жазбаша бас тартқанда алып тасталады.

      Сотталған адамды Тізімнен алып тастау туралы шешімді сотталған адамды немесе оны ауыстыруға бастама жасаған туысын бір мезгілде хабардар етумен ҚАЖ комитеті қабылдайды.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "___"_______ 2024 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 13 наурыздағы
№ 229 бұйрығына
қосымша
  Сотталған адамның әлеуметтік
пайдалы байланыстарын қолдау
үшін ауыстыру қағидаларына
қосымша

Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізімі № мекемесі

Сотталған адамның ТАӘ (бар болса)

Наряд күні

Наряд №

Жіберетін мекеме

Қабылдайтын мекеме

Нарядты орындау күні мен белгісі

Өтініш иесінің ТАӘ, ЖСН (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8