О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 315 "Об утверждении Правил возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий"

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 марта 2024 года № 97. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 марта 2024 года № 34158

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 августа 2019 года № 315 "Об утверждении Правил возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19305) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 106 Земельного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий, утвержденных указанным приказом:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 106 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок возмещения потерь сельскохозяйственного производства с зачетом сумм, затрачиваемых на восстановление угодий.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) земельная комиссия – коллегиальный орган при местном исполнительном органе области, города областного значения (на территории, переданной в его административное подчинение) и района для рассмотрения заявлений (заявок) и подготовки заключений о предоставлении прав на земельные участки (об определении победителя конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства), об изменении целевого назначения земельных участков (за исключением земель населенных пунктов) и о переводе земель водного фонда в земли других категорий;

      3) землеустроительный проект – схема (план) земельного участка, сведения о площади земельного участка, его границы и местоположение, сведения о смежных собственниках и землепользователях земельных участков и об обременениях и сервитутах на земельные участки;

      4) земельный участок – выделенная в замкнутых границах часть земли, закрепляемая в установленном Кодексом порядке за субъектами земельных отношений;

      5) малопродуктивные угодья – угодья, характеризующиеся отрицательными природными свойствами, низким плодородием, требующие большие затраты по их мелиоративному улучшению, а их хозяйственное использование по назначению является экономически неэффективным;

      6) непродуктивные угодья – угодья, характеризующиеся отрицательными природными свойствами, очень низким плодородием, требующие большие затраты по их мелиоративному улучшению, а их хозяйственное использование по назначению является экономически неэффективным;

      7) плодородный слой почвы – гумуссированная часть почвенного профиля с благоприятными для роста растений физическими, химическими и агрохимическими свойствами.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Рабочий орган в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня поступления заявления подготавливает планово-картографические материалы, данные государственного земельного кадастра на основании сведений, представленных Государственной корпорацией, а также данные почвенных обследований, мониторинга земель на основании сведений, представленных республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Государственный институт проведения работ по обследованию земель" Комитета по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, для рассмотрения комиссией, созданной в соответствии с пунктом 10 настоящих Правил.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. При нанесении плодородного слоя почвы на малопродуктивные или непродуктивные угодья в землеустроительном проекте дополнительно устанавливаются:

      местонахождение, площадь и вид угодий земельного участка, на который предусматривается нанесение плодородного слоя почвы;

      объемы наносимого плодородного слоя почвы;

      сметная стоимость затрат на земляные и транспортные работы по снятию, транспортировке и переукладке плодородного слоя почвы.

      Разработка землеустроительного проекта осуществляется в соответствии с Правилами составления землеустроительного проекта по формированию земельных участков, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 июня 2022 года № 180 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28399).".

      2. Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Султанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

"Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 14 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 наурызда № 34158 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19305 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 106-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жер комиссиясы – жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімделерді) қарауға және қорытындылар дайындауға арналған облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органы жанындағы алқалы орган;

      3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің ауданы, оның шекалары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      4) жер учаскесі – Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      5) өнімділігі төмен алқаптар – теріс табиғи қасиеттерімен, төмен құнарлылығымен сипатталатын, мелиорациялық жақсартылуы бойынша үлкен шығындарды қажет ететін, ал мақсаты бойынша шаруашылыққа пайдаланылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылатын алқаптар;

      6) өнімсіз алқаптар – теріс табиғи қасиеттерімен, өте төмен құнарлылығымен сипатталатын, мелиорациялық жақсартылуы бойынша үлкен шығындарды қажет ететін, ал мақсаты бойынша шаруашылыққа пайдаланылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылатын алқаптар;

      7) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық қасиеттері бар топырақ профилінің қара шіріктелген бөлігі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жұмыс органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес құрылған комиссияның қарауы үшін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған мәліметтер негізінде жоспарлы-картографиялық материалдарды, мемлекеттік жер кадастрының деректерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған мәліметтер негізінде топырақтық зерттеп-қарау, жер мониторингі деректерін дайындайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өнімділігі төмен және өнімсіз алқаптарға топырақтың құнарлы қабатын төсеу кезінде, жерге орналастыру жобасында қосымша мыналар белгіленеді:

      құнарлы топырақ қабатын төсеу көзделіп отырған жері, алаңы және жер учаскесі алқаптарының түрі;

      төселінетін топырақтың құнарлы қабатының көлемі;

      топырақтың құнарлы қабатын алу, тасымалдау және қайта төсеу бойынша жер және көлік жұмыстарына арналған шығындардың сметалық құны.

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі