Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 тамызда № 19305 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 26 тамыздағы
№ 315 бұйрығымен
бекiтілген

Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 106-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жер комиссиясы – жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімделерді) қарауға және қорытындылар дайындауға арналған облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органы жанындағы алқалы орган;

      3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің ауданы, оның шекалары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      4) жер учаскесі – Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      5) өнімділігі төмен алқаптар – теріс табиғи қасиеттерімен, төмен құнарлылығымен сипатталатын, мелиорациялық жақсартылуы бойынша үлкен шығындарды қажет ететін, ал мақсаты бойынша шаруашылыққа пайдаланылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылатын алқаптар;

      6) өнімсіз алқаптар – теріс табиғи қасиеттерімен, өте төмен құнарлылығымен сипатталатын, мелиорациялық жақсартылуы бойынша үлкен шығындарды қажет ететін, ал мақсаты бойынша шаруашылыққа пайдаланылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылатын алқаптар;

      7) топырақтың құнарлы қабаты – өсімдіктердің өсуіне қолайлы физикалық, химиялық және агрохимиялық қасиеттері бар топырақ профилінің қара шіріктелген бөлігі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу тәртібі

      3. Ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алудан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің шығасылары ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңдары мен олардың сапасын қалпына келтiру жолымен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында бюджет кiрiсiне өтелуі тиіс.

      4. Өтелуі тиіс шығасылардың мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10100 болып тіркелген) бекітілген ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу нормативтері) сәйкес айқындалады.

      5. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеуді ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мұқтаждықтар үшін өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жерлерін және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлерді қоспағанда, жерлердің барлық санаттары құрамынан ауыл шаруашылығы алқаптары берілетін (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы алқаптары берілетін) тұлғалар жүргізеді немесе ол азаматтар мен заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы немесе меншiгiндегi ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезде (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту), олар өздері алған құнарлы топырақ қабатын өз қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарды жақсарту үшін төсеген жағдайда жүргізіледі.

      6. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, өтелуі тиіс ауыл шаруашылығы өндірісі шығасыларының мөлшері ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу нормативтері бойынша анықталған шығасылар құны мен алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындар құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      7. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – тұлғалар) өз қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын төсеуге мүдделілік танытқан жағдайда, олар құнарлы топырақ қабатының жарамдылығын анықтау мақсатында, берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарында топырақтық зерттеп-қарау жүргізуді қамтамасыз етеді.

      8. Егер, топырақтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша құнарлы топырақ қабаты өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға төсеу үшін жарамсыз деп танылса, топырақтық зерттеп-қарауға жұмсалған сома ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу сомасына (құнына) есепке жатқызылады.

      9. Егер, топырақтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша құнарлы топырақ қабаты өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға төсеу үшін жарамды деп танылса, тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға жер комиссиясының оң қорытындысын және топырақтық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса бере отырып, құнарлы топырақ қабатын төсеу көзделіп отырған өнімділігі аз немесе өнім бермейтін жер учаскесін таңдауға еркін нысанда өтініш береді.

      10. Құнарлы топырақ қабатын төсеу көзделіп отырған өнімділігі аз немесе өнім бермейтін жер учаскесін таңдау жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      11. Комиссияның құрамына:

      1) жергілікті өкілді органның;

      2) жергілікті атқарушы органның жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің;

      3) қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері кіреді.

      12. Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жұмыс органы) комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      13. Жұмыс органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес құрылған комиссияның қарауы үшін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған мәліметтер негізінде жоспарлы-картографиялық материалдарды, мемлекеттік жер кадастрының деректерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған мәліметтер негізінде топырақтық зерттеп-қарау, жер мониторингі деректерін дайындайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Комиссия өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарды таңдау жөніндегі материалдарды келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және өзінің қорытындысын шығарады.

      15. Комиссияның қорытындысы таңдалған өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптардың орналасқан жерінің схемасы (жоспары) қоса берілетін хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады және оның бір данасын жұмыс органы 1 (бір) жұмыс күн ішінде өтініш берушіге жібереді.

      16. Тиісті жергілікті атқарушы органның әкімшілік аумағында өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптар жоқ болған жағдайда, жұмыс органы уәжді бас тартады.

      17. Өнімділігі төмен және өнімсіз алқаптарға топырақтың құнарлы қабатын төсеу кезінде, жерге орналастыру жобасында қосымша мыналар белгіленеді:

      құнарлы топырақ қабатын төсеу көзделіп отырған жері, алаңы және жер учаскесі алқаптарының түрі;

      төселінетін топырақтың құнарлы қабатының көлемі;

      топырақтың құнарлы қабатын алу, тасымалдау және қайта төсеу бойынша жер және көлік жұмыстарына арналған шығындардың сметалық құны.

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын төсеу жөніндегі жұмыстар әкімшілік-аумақтық бірліктің табиғи-климаттық шарттарын ескере отырып, жер учаскесіне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде аяқталуы тиіс.

      19. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын төсеу жөніндегі далалық жұмыстар аяқталғаннан кейін тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға атқарылған жұмыстарды қабылдау үшін жүгінеді.

      20. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес құрылған комиссия, осындай өтініш келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде далалық зерттеп-қарау жүргізеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабаты төселгеннен кейін жер учаскесін зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі – зерттеп-қарау актісі) жасайды, оның бір данасын зерттеп-қарау актісі жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тұлғаларға жібереді.

      21. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін топырақ қабатын пайдалану фактісі анықталған жағдайда, алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома (құн) есепке жатқызылмайды.

      22. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын төсеу жөніндегі жұмыстарды тұлғалар осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мерзімде орындамаса және (немесе) өнімділігі аз немесе өнім бермейтін топырақ қабатын пайдалану фактісі анықталса, жұмыс органы ауыл шаруашылығы өндірісі шығасыларын өтеу сомасына есепке жатқызылған соманы (құнды) сот тәртібімен бюджетке өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

      23. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша жұмыс органы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті әзірлеген жер балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 25 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20112 болып тіркелген) бекітілген "Жердің болуы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жерді пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінуі туралы _____ жылғы 1 қарашадағы есеп" (индексі 22, кезеңділігі жылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректерге өзгерістер енгізеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.11.2020 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес анықталған алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі шығасыларының мөлшері ауыл шаруашылығы алқаптары берілетін немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгертілетін тұлғамен келісіледі және жергілікті атқарушы органның жер учаскесiне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімімен бекітілетін, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу актісімен ресімделеді.

      25. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің шығасылары жер учаскесiне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм қабылданған сәттен бастап алты айлық мерзiмде өтелуі тиiс.

  Алқаптарды қалпына келтіруге
жұмсалатын сомаларды есепке
жатқыза отырып, ауыл
шаруашылығы өндірісінің
шығасыларын өтеу
қағидаларына
1-қосымша

Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабаты төселгеннен кейін жер учаскесін зерттеп-қарау актісі

      20 ___ жылғы "___" _____________

      __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ құрамындағы комиссия

      ________________________________________________________________________________

      жер учаскесіне зерттеп-қарау жүргізді.

      Зерттеп-қарау нәтижесінде:

      1. ____ гектар алаңдағы зерттеп-қаралған жер учаскесі ____________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы)

      орналасқан.

      2. Жер учаскесін одан әрі пайдалану жөніндегі ұсынымдар: ________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қолдары: __________________________________________

      _____________________________________________

      _____________________________________________

  Алқаптарды қалпына келтіруге
жұмсалатын сомаларды есепке
жатқыза отырып, ауыл
шаруашылығы өндірісінің
шығасыларын өтеу
қағидаларына
2-қосымша

Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сомаларды есепке жатқыза отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу актісі

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жалпы алаңы, (гектар)

оның ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары (гектар)

Топырақ түрі

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу нормативі (теңге)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу сомасы (теңге)
(4-баған х 6-баған =)

Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома (теңге)

Ауыл шаруашылығы өндірісі шығасыларының бюджетке төленетін сомасы, жиыны (теңге)
(7-баған – 8-баған =)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1


















      Жергілікті атқарушы органның

      жер қатынастары саласындағы

      функцияларды жүзеге асыратын

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы _______________ Аты, әкесінің аты

      Мөр орны                                    (қолы)            (бар болса), тегі

      Келісілді:

      Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      немесе заңды тұлғаның атауы _______________ Аты, әкесінің аты

      (қолы)            (бар болса), тегі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады