"О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 101 "Об утверждении Правил назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 27 марта 2024 года № 109-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 марта 2024 года № 34197

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 101 "Об утверждении Правил назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 20489) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 4 статьи 15-1 Закона Республики Казахстан "О культуре" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 15-1 Закона Республики Казахстан "О культуре" (далее – Закон) и определяют порядок назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры (далее – артисты балета).";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для получения выплат заявитель представляет в орган по назначению выплат следующие документы:

      1) заявление по форме согласно приложению к настоящим Правилам;

      2) копия документа, удостоверяющего личность артиста балета;

      3) документ, подтверждающий трудовую деятельность, стаж профессиональной трудовой деятельности в качестве артиста балета;

      4) копия диплома об окончании технического и профессионального и (или) высшего и (или) послевузовского образования в области хореографического искусства;

      5) копия приказа либо выписка о расторжении трудового договора с последнего места работы в должности артиста балета, заверенная кадровой службой;

      6) справка о наличии лицевого счета заявителя в банке второго уровня Республики Казахстан.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Орган по назначению выплат принимает, регистрирует в однодневный срок поступившие документы. Представленные документы подлежат рассмотрению в срок не более пятнадцати рабочих дней со дня их регистрации.

      При представлении неполного пакета документов, в срок не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня получения пакета документов орган по назначению выплат направляет заявителю на электронный адрес, указанный в заявлении, уведомление о необходимости дополнения документов, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил.

      При не устранении несоответствий с пунктом 5 настоящих Правил в течение двух рабочих дней со дня получения уведомления орган по назначению выплат возвращает документы заявителю без рассмотрения.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Комиссия рассматривает документы на предмет соответствия требованиям, установленным пунктом 2 статьи 15-1 Закона.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. На основании протокола Комиссии орган по назначению выплат направляет заказным письмом с уведомлением о его вручении или на электронные адреса заявителя проект решения о назначении либо отказе в назначении выплат артистам балета.

      Заявителем предоставляется возражение (при его наличии) к проекту решения о назначении либо отказе в назначении выплат артистам балета в срок не позднее двух рабочих дней со дня получения уведомления с проектом решения.

      После рассмотрения возражений, при их поступлении, в течение трех рабочих дней принимается решение о назначении либо отказе в назначении выплат артистам балета.";

      подпункт 1) пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "1) достижение получателем пенсионного возраста, установленного Социальным кодексом Республики Казахстан;";

      пункт 19 исключить;

      приложение к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации Республики Казахстан А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
от 27 марта 2024 года № 109-НҚ
  Приложение к Правилам
назначения специальных
ежемесячных денежных
выплат артистам балета
организаций культуры
  Форма
  Кому _______________________
(должность, фамилия, имя,
отчество (при наличии)
__________________________
руководителя органа по
назначению выплат
_________________________)
от _________________________
(фамилия, имя, отчество (при
наличии),
ИИН_____________________
артиста балета или
представителя по его доверенности),
Номер мобильного телефона _ _______________________,
Электронный адрес
________________________

Заявление на назначение специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры

      В связи с прекращением профессиональной деятельности в качестве артиста балета,

      прошу Вас назначить специальные ежемесячные денежные выплаты

      _____________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии)

      К заявлению прилагаю следующие документы:

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________

      подпись заявителя _________________ Дата ____________

"Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 109-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 наурызда № 34197болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне (бұдан әрі – балет әртістері) ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Төлемдерді алу үшін өтініш беруші төлем тағайындау жөніндегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) балет әртісінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) балет әртісі ретіндегі еңбек қызметін, кәсіби еңбек өтілін растайтын құжат;

      4) хореографиялық өнер саласындағы техникалық және кәсіптік және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімін бітіргені туралы дипломның көшірмесі;

      5) балет әртісі лауазымындағы соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған бұйрықтың көшірмесі не еңбек шартын бұзу туралы үзінді көшірме;

      6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде дербес шотының болуы туралы анықтама.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Төлемдерді тағайындау жөніндегі орган келіп түскен құжаттарды бір күн мерзімде қабылдайды, тіркейді. Ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар топтамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төлемдерді тағайындау жөніндегі орган өтініш берушіге өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды толықтыру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Осы Қағидалардың 5-тармағымен сәйкессіздіктер жойылмаған кезде хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде төлем тағайындау жөніндегі орган құжаттарды өтініш берушіге қараусыз қайтарады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссия құжаттарды "Заңның 15-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссияның хаттамасы негізінде төлемдерді тағайындау жөніндегі орган тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе өтініш берушінің электрондық мекенжайларына балет әртістеріне төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын жібереді.

      Өтініш беруші шешім жобасымен хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде балет әртістеріне төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасына қарсылық (ол болған кезде) береді.

      Қарсылықтар түскен кезде, олар қаралғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде балет әртістеріне төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.";

      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "төлем алушының Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі;";

      19-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 27 наурыздағы
№ 109-НҚ Бұйрығына
қосымша
  Мәдениет ұйымдарынның
балет әртістеріне ай
сайынғы арнайы ақшалай
төлемдерді тағайындау
қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Кімге _____________________
(лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
төлемдерді тағайындау
жөніндегі орган басшысы)
____________________________
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда),
ЖСН
____________________________
балет әртісі немесе оның
сенімхаты бойынша өкілі)
мекен-жайы бойынша
тұратын: ______
  Ұялы телефон нөмірі
_______________________
Электронды мекен-жай
________________________

Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер тағайындауға өтініш

      Балет әртисі ретінде кәсіби қызметінің тоқтатылуына

      байланысты,________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындауды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. ____________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ____________________________________________________________

      4. ____________________________________________________________

      5. ____________________________________________________________

      өтініш берушінің қолы _________________ Күні ________