Об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Абай

Постановление акимата области Абай от 29 августа 2024 года № 168. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 4 сентября 2024 года № 324-18

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 3 и подпунктом 6-2) пункта 1-1 статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах", акимат области Абай ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить порядок и условия классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Абай, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог области Абай" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции области Абай;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата области Абай.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Абай
      Н. Уранхаев

 

      СОГЛАСОВАНО
Комитет автомобильных дорог
Министерства транспорта Республики Казахстан
"___" _______ 2024 года

  приложение к постановлению
акимата области Абай
от 29 августа 2024 года
№ 168

Порядок и условия классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Абай

1. Общие положения

      1. Порядок и условия классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения области Абай разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об автомобильных дорогах".

      Автомобильная дорога - комплекс инженерных сооружений, предназначенных для движения автомобилей, обеспечивающий непрерывное, безопасное движение автомобилей и других транспортных средств с установленными скоростями, нагрузками, габаритами, а также участки земель, предоставленные для размещения этого комплекса (земли транспорта), и воздушное пространство над ними в пределах установленного габарита.

2. Порядок и условия классификации

      2. Автомобильные дороги Республики Казахстан подразделяются на автомобильные дороги общего пользования, хозяйственные автомобильные дороги, а также на улицы населенных пунктов.

      3. Автомобильные дороги общего пользования области Абай по своему значению подразделяются на автомобильные дороги областного и районного значения:

      1) к автомобильным дорогам областного значения относятся автомобильные дороги, соединяющие административные центры республики с областными, районными центрами и объектами туристской деятельности, находящимися вне населенных пунктов, а также районные центры с дорогами республиканского значения;

      2) к автомобильным дорогам районного значения относятся автомобильные дороги, соединяющие районные центры с сельскими населенными пунктами и объектами туристской деятельности, находящимися вне населенных пунктов.

      4. К улицам населенных пунктов относятся автомобильные дороги в пределах соответствующих административно-территориальных единиц, за исключением дорог, указанных в подпунктах 1) - 2) пункта 3 настоящего приложения.

      5. В зависимости от геометрических параметров, а также интенсивности дорожного движения автомобильные дороги классифицируются в соответствии с техническими регламентами в сфере автомобильных дорог.

      6. Перечни автомобильных дорог областного значения утверждаются местными исполнительными органами областей по согласованию с уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам не позднее 30 декабря текущего календарного года.

      7. Перечни автомобильных дорог районного значения утверждаются местными исполнительными органами районов (городов областного значения) по согласованию с местными исполнительными органами областей не позднее 30 декабря текущего календарного года.

      8. Перечень улиц города утверждается местным исполнительным органом города.

      9. Автомобильные дороги общего пользования, хозяйственные автомобильные дороги, улицы населенных пунктов подлежат государственному учету в порядке, установленном уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам. Данные учета используются для формирования карт и атласов автомобильных дорог Республики Казахстан, публикуемых по согласованию с уполномоченным государственным органом по автомобильным дорогам.

      10. В течение тридцати календарных дней со дня приемки в эксплуатацию в установленном законодательством порядке автомобильной дороги общего пользования областного и районного значения, местный исполнительный орган направляет на согласование в уполномоченный государственный орган по автомобильным дорогам материалы о включении автомобильной дороги в перечень автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения.

      Направляемые материалы должны содержать документы, подтверждающие приемку автомобильной дороги в эксплуатацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, сведения о наименовании и индексе автомобильной дороги, а также соответствующий перечень автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения.

      После получения письменного согласования автомобильная дорога включается в перечень автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения.

Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 168 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қыркүйекте № 324-18 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына және 13-бабы 1-1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі
      Н. Уранхаев

 

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің
Автомобиль жолдары комитеті
2024 жылғы "____" _____________
Абай облысы әкімдігінің

  2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 168 қаулысына
қосымша

Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Абай облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.

      Автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi.

2. Сыныптау тәртiбi мен шарттары

      2. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елді мекендердің көшелері болып бөлінеді.

      3. Абай облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өз мәні бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлінеді;  

      1)  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың әкімшілік орталықтарын облыс, аудан орталықтарымен және елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілерімен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;

      2) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен және елді мекендерден тыс жердегі туристік қызмет объектілерімен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.

      4. Елді мекендердің көшелеріне, осы қосымшаның 3 - тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілген жолдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады.

      5. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi.

      6. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

      7. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбелерін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша ағымдағы күнтізбелік жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

      8. Қала көшелерінің тізбесін қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.

      9. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.

      10. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға автомобиль жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне енгізу туралы материалдарды келісуге жібереді.

      Жіберілетін материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттар, автомобиль жолының атауы мен индексі туралы мәліметтер, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиісті тізбесі болуға тиіс.

      Жазбаша келісімді алғаннан кейін автомобиль жолы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесіне енгізіледі.