О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 25 сентября 2020 года № 53-9-VI "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бородулихинском районе"

Решение Бородулихинского районного маслихата области Абай от 29 марта 2024 года № 15-9-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 5 апреля 2024 года № 250-18

      Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бородулихинского районного маслихата "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бородулихинском районе" от 25 сентября 2020 года № 53-9-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7619) следующее изменение:

      приложение 4 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложения к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Бородулихинского районного маслихата
      С. Урашева

  Приложение к решению
Бородулихинского районного
маслихата
от 29 марта 2024 года
№ 15-9-VIII

Границы прилегающих территорий в Бородулихинском районе, в которых запрещено проведение пикетирования

      Определить границы проведения пикетирования на расстоянии не менее 800 метров от прилегающих территорий следующих объектов:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) опасные производственные объекты и иные объекты, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи.

Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI "Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-9-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 250-18 болып тіркелді

      Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы
      С. Урашева

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 15-9-VIII шешіміне
қосымша

Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.