Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 53-9-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7619 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы | |
С. Урашева |
Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-9-VIII шешіміне қосымша |
Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.