Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 06.10.2023 № 8-11-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Айқындалсын:
осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындар, олардың шекті толтырылу нормалары;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 06.10.2023 № 8-11-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Оразаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |
Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйегі № 53-9-VI шешіміне 1 қосымша |
Бородулиха ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар, олардың шекті толу нормалары және шеру бағыты
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 06.10.2023 № 8-11-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/н | Арнайы орындар | Шекті толу нормалары |
1. | Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, № 217, "Абай облысы Бородулиха ауданының мәдениет үйі" КМҚК ғимаратының алдындағы алаң | 30 адамнан артық емес |
2. | Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, № 25, "Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ ғимаратының алдындағы алаң | 30 адамнан артық емес |
3. | Шеру Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, № 152 бастап Достық көшесі, № 217 дейін | 100 адамнан артық емес |
Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйегі № 53-9-VI шешіміне 2 қосымша |
Бородулиха ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 06.10.2023 № 8-11- VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйегі № 53-9-VI шешіміне 3 қосымша |
Бородулиха ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Ескерту. 3- қосымшаның атауына өзгеріс енгізілді - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 06.10.2023 № 8-11-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 қыркүйегі № 53-9-VI шешіміне 4 қосымша |
Бородулиха ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 15-9-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.