Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Тупкараганского района к 35 - летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Решение Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 26 августа 2024 года № 16/92. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 28 августа 2024 года № 4728-12

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О ветеранах", Тупкараганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить к 35 – летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан дополнительную социальную помощь в размере 50 (пятьдесят) тысяч тенге следующим отдельным категориям граждан Тупкаранского района:

      1)  семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане;

      2) рабочим и служащим Комитета государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, временно находившимся на территории Афганистана и не входившим в состав ограниченного контингента советских войск;

      3) рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года.

      2. Социальная помощь оказывается единовременно, без истребования заявлений от получателей.

      3. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Тупкараганского районного маслихата А. Нугманов

      ФИО

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение

      "Управление координации занятости и

      социальных программ Мангистауской области"

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35 - жылдығына Түпқараған ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 16/92 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 тамыздағы № 4728-12 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Түпқараған ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:

      1) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      2) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

      3) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне.

      2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі