"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Түпқараған ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 тамыздағы №16/92 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4728-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нугманов |